Қазақ тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем. Қайталау. 1 – 7 – жаттығулар.
Сабақтың мақсаты: Сөйлем және оның түрлері, сөз тіркестері туралы алған білімдерін қайталау.
Оқушылардың ой - өрістерін, сөздік қорын, дүние танымдарын кеңейту, шығармашылық, іскерлік қабілеттерінің белсенділігін дамыту. Оқушыларды сауаттылыққа, бір - бірін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап,
Сабақтың көрнекілігі: сурет,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардан сұрау. Көмекші сұрақтар қою. Тест жұмысын алу.
1. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3
ә) 2
б) 4
2. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
А) 3
ә) 2
б) 4
3. Мәтін деген не?
а) ұзын бір сөйлем
ә) екі не одан да көп сөйлем
б) бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегі
4. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 3
ә) 4
б) 2
5. Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.
а) су - рет
ә) ау – а
б) қау - ын
6.«Қияр»сөзінде неше дыбыс, неше әріп?
а) 4 дыбыс, 4 әріп
ә) 4 әріп, 5 дыбыс
б) 4 әріп, 6 дыбыс
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
- Мынау «көйлек». Оның бастапқы «к» әрпінің орнына «с» әрпін қойып, соңғы «к» әрпінің орнына «м» әрпін қойсаң қандай сөз шығады?
- Сөйлем.
- Бүгінгі тақырыбымыз сөйлем туралы болады.
- Сөйлем нені білдіреді?
- Сөйлем неден құралады?
- «Сөйлем» дегенде алдымен ойларыңа не келеді.
Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте(.), не сұрау(?), не леп белгісі (!) қойылады.
Бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады. Бір - бірінен бөлек жазылатын сөздерден құралады. Сөздер бір – бірімен мағыналық байланыста болады.
1 – жаттығу. Ауызша орындау. Қайсысы сөйлем?
Кітап – білім бұлағы.
2 – жаттығу. Сөйлемде сөздер бір – бірімен қалай байланысады? Осы сөздерден сөйлем құрап жаз. Сөздер өзгеріске түсті ме? Құраған сөйлемдеріңді көшіріп жаз. Өзгеріске түскен сөздердің астын сыз.
1. Көптеген кітаптарды оқы.
2. Сендерге білімді болуға кітаптар көмектеседі.
3 – жаттығу. Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп мәтінді көшіріп жаз.
Алматы хайуанаттар бағына келушілер тоғанда жүзіп жүрген ләйлекке қызыға қарайды. Ләйлекті сырттай көкқұтанға ұқсатады. Бірақ ләйлектің қауырсыны ашық болып келеді. Әрі бойы да биік.
Сергіту сәті
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.
4 – жаттығу. Ертегіні оқы. Неше сөйлем бар екенін анықта.
Сөйлемдердің тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Ертегіні жалғастыр.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартаяды. Ол бұрынғыдай аң аулай алмайтын халге жетеді. Енді аңдарды айламен аулағысы келеді.
5 – жаттығу. Өлеңді оқы. Нүкте не үшін керек? Нүктеден басқа қандай тыныс белгілерін қояр едің?
Оқушылармен ауызша орындау.
7 – жаттығу. 6 – жаттығудағы сөйлемдерді тиісті үйге кіргізіп, оның себебін дәлелде.
1. Ат жарысы басталды.
2. Алда келе жатқан кім?
3. Болат, бас қамшыны, бас!
ІҮ. Қорытынды.
Балалар, сөйлемнің тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 – қатар. Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 – қатар. Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 – қатар. Қуану, ренжу, өкіну,
Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,
Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)
Ү. Бағалау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма беру
Сөйлем
- zhanerke_1991
- 29 қазан 2014
- 25447
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сөйлем, ашық сабақ бастауыш, қазақ тілі 3 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем жайында білім беру; көңіл – күйге байланысты айтылатын сөйлемдерді басқа сөйлемдерден ажырата білуге үйрету; жазу сауаттылықтарын...Сөйлем
Оқушылардың сөйлем туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемді жүйелі құруға, өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету....Хабарлы сөйлем
ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...Cөйлем
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, №1 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Құрмашева Нұргүл Алтайқызы...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.