Сайтқа кіру Тіркелу

Қош, әліппем

Сабақ түрі: Ойын сабағы
Сабақтың тақырыбы: «Қош, әліппем»
Мақсаттары:
Білімдік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
Дамытушылық: өз оқып, білгендерін ата — аналарға көрсету, шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,
Тәрбиелік: өзін - өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Барысы: Оқушылар партада отырады
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, келген қонақтар қош келдіңіздер. Ал балалар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі өздерің сүйіп көретін «Балапан» телеарнасының жас тілшісі Аружан мен досы Гүлсұлтан қонаққа келіп отыр. Қарсы алайық. Төрлетіңіздер.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар бүгінгі «Қош, әліппем» атты ойын сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі 10 әріптен құралған сабақтың тақырыбының мағынасын атап өтейікші. Қ - азақстан О - таным Ш - ағырсай мектебім Ә - рқашан Л - идер І - скер П - арасатты П - атриот Е - лімен М - ақтанады, жақсы балалар, ертеңгі елінің патриоттары сендерсіңдер, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше, себебі бүгін сауат ашу сабағының соңғы күні оқушылар сабақты бастауға даярсыздар ма? Оқушылар:
Бір, екі, үш Сынып іші тып - тыныш
Еркелікті тастаймыз Сабақты біз бастаймыз.
Алдымен сұрағыма жауап беріп көріңдер?
1. Іші толы әріпке, Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан, Ол сүйікті Әліппе
2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әліппенің әлеміне,
Саяхаттап көріңдер
Балалар қазір сендермен білімнің ғажайып әлеміне саяхат жасаймыз. Ал әртүрлі бұлттармен саяхат жасағыларың келе ме? Ендеше көздеріңді жұмып елестетіңдер. Сендер бұлттармен білім әлемінде жүрсіңдер сұлу айды көрдіңдер, шуақты күнді көрдіңдер, жарқыраған жұлдызды көрдіңдер. Алдарыңнан ерекше әдемі қарға көрінді де, жоқ болып кетті Көзімізді ашамыз міне сол қарға бүгінгі сабағымызға қатыспақшы, әрі қарай ойын сабағыма білімді қарға мен Гүлсұлтан көмектесетін болады. Бұл ойынның мақсаты: 4 ай ішінде оқып - тоқығанымызды қорытындылай отырып, ата - аналарымызға, келген қонақтарға білімдеріңді көрсету. Ал балалар баршаңызға сәттілік тілеймін.(Компьютерден көрсетіп отыру )
1 Ертегілер кезеңі Мақсаты: ертегілер оқушылардың оқыған ертегілерін естеріне түсіру. кейіпкерлерін атау
2. Жұмбақтар кезеңі шешуін тауып айту 3. Сөздер кезеңі берілген сөзден сөз құрастыру
4. Мән мағына кезеңі мағынасы бірдей сөздерді тауып айту түсіндіру дүниетану пәнімен байланысты
5. Мақал - мәтел кезеңі берілген сөздердің қатесін түзеп, мақалды құрастыру 6. Сөйлем кезеңі. Берілген сөздің әріптерінен сөйлем құрау. 7. Іс - әрекет кезеңі математикалық амалдарды орындау, шешуін табу
8. Ребус кезеңі. Заман талабы тілдердің үштұғырлығына сай ребустардың жауаптары орыс тіліндегі сөздермен шешіледі.
9. Оқып көр кезеңі сөздерді оқып артық сөзді табу керек.
(компьютерден тәртібін айтып көрсетіп отырамын 5 - 8 тапсырмада ата - анадан отырған қонақтардан көмек алуға болады.) ал дайынбыз ба?
1. тапсырма: ауызша. 2тапсырма: ауызша3. тапсырма: жазбаша4 тапсырма: ауызша5 тапсырма: жазбаша6 тапсырма: ауызша7тапсырма: жазбаша8 тапсырма: жазбаша9 тапсырма: ауызша
Гүлсұлтан: Балаларға ақ тілек.
Болашаққа бақ тілеп.
Сіздерге білім үйреткен,
Әліппе саған рахмет. – деп жаңағы барлығымыз куә болған білім әлеміне саяхат жасаған зерек те білімді оқушыларымызға қошемет көрсетейік.(Музыка )
Тілші: Енді менің жұмысым тілші болғандықтан әр балаға сұрақ қойсам
1. Алғаш қазақ балаларына әліппе жазған кім?
2. Математикадан ауызша есеп білесің бе?
3. Дүниетанудан не үйрендіңдер?
4. сурет салу білесің бе?

Келесі ата - аналарға сұрақ қойсам
1. Балаңыздың ең жақсы көретін сабағын айтып берсеңіз?
2. Өзіңіз солақай екенсіз, балаңыздың ыңғайы және жазуы қалай?
3. Балаңызға қиындық тудырған пән бар ма?
4. Оқу жылының басында балаңыз қандай еді қазір қандай өзгеріс бар ма?
Тілші: сіздерге көптен – көп рахмет,
Гүлсұлтан: Бәріміз шаршаған шығармыз, ендеше
Жиналған қауым таң қалсын, Ән бимен шашу шашылсын,
Мың бұралып бишілер, Бименен кешті жалғасын деп сергіту жасап алайық. «Балалық» биі
Гүлсұлтан: Ақыл құйған санама, Күннен де артық расында.
Күн - алыста, ал анам, Ылғи менің қасымда. Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс.
Тілші: Ата - аналар араларыңыздан тілек білдіретіндеріңіз бар ма?(сөз береді)
Гүлсұлтан: Балаларыңыздың орындауындағы «жақсы көрем» әні сіздерге арналады
Тілші: ал құрметті оқушылар алғашқы кітаптарың әліппемен суретке түсейік, бұл сендердің білімге деген алғашқы қадамдарыңның естелігі болып қалады. Енді әліппелеріңді өздеріңнің іні - сіңлілерің оқитын болады. Ал мен балапан телеарнасының атынан сендерге әліппенің ағасы ана тілі кітабын табыстаймын. Оның беттерін жыртпай таза ұстауға уәде беріңдер?
(балалар хормен уәде береміз дейді)
Гүлсұлтан: Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін - демекші балалардың білімдерін саралау үшін сөз мектеп директорына беріледі. номинацияларымен марапатталады
Гүлсұлтан: құрметті ата - аналар қонақтар қош келдіңіздер қадамдарыңызға гүл бітсін, жалпы нені болмасын бастау қиын, бәріңізге белгілі ойын баласын партаға отырғызып, қалам ұстатып, әріп таныту оңай емес әрине, міне балалар шамаларыңша оқып үйренді. Балаларыңыздың өздері жазып, оқи алатын халге жеткені ата - аналар мен ұстаздарының еңбегі.
Тілші: Гүлсұлтан бүгінгі сабақтың қалай өткені жайлы айтып өтсең?
Гука: оданда бүгінгі «қош, әліппем» ойын сабағының бағасын жалпымыз мына әріптердің тұсына стикерлерге жазып берсек жеткілікті емес пе? Бағалау (музыкамен тапсырады.)
Тілші: сөйлейді тілек айтады.
Гука: Бүгінгі кеш әр үйдің тойбасы деп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар,
Ырым етіп сондықтан, сабақтың соңында
Ақ тілекпен шашулары шашылсын.
- Шашу шашылып, сабақ қорытындыланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×