Сайтқа кіру Тіркелу

Уақыт өлшемдері туралы білімдерін қайталау

Пәні: математика.
Тақырыбы: Уақыт өлшемдері туралы білімдерін қайталау
Мақсаттары:
Білімділік: Уақыт, сағат, жыл мезгілдері туралы алған білімдерін тереңдету және пысықтау
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой - өрістерін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке, табиғатты қорғауға, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, қарлығаштар, өрмекші торы, тақта, жыл мезгілдерінің бүктемесі, слайд шоу
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Пән аралық байланыс: дүниетану, сурет, ана тілі, өзін - өзі тану, музыка.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1, 5 мин).
Амандасу Сыныпты түгендеу. қай күн? нешесі?
Психологиялық дайындық.
Сабаққа даярсыңдар ма? тақпақ айтады.
Сабаққа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2. үй жұмысын тексеру. 2 - минут
2 бала ауызша оқу,
екі бала тақтамен жұмыс кері есеп құрастыру
Дәптермен жұмыс 4 есепті салыстыру 3 минут
Үй жұмысын бекіту. математикалық диктант
Тор көзді толтыр
Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу
Балалар менің құлағыма бір дауыс естілді тыңдайықшы «көбелектің көмекке шақырған дауысы естіледі» балалар өрмекші өзіне тор құрған екен сол торға бейшара көбелек түсіп қалыпты. Көктем мезгілінде құстар келеді емес пе? Міне қайта оралған қарлығаштар көбелекті тордан босату үшін, өрмекшінің тапсырмаларын орындауға көмекке шақырып жатыр. Көмекке даяр болсақ, әр тордың тапсырмалары, уақыт, жыл мезгілдері, сағат тақырыптарына сай келеді. Ескеретін жағдай біз өрмекші өз торына қайта оралғанша үлгеруіміз керек. Сондықтан әр тапсырманың өз уақыты бар.
« Өрмекшінің тапсырмалары»
1 - тордың тапсырмасы.
Кластер жасау 3 минут « жекеше жұмыс»
2 - тордың тапсырмасы.
Сызба кубизм топпен жұмыс қорғау
3 - тордың тапсырмасы.
Логикалық сұрақтар « жекеше жұмыс»
Мына әріптер нені білдіреді?
1 мұғалімдерден сұрау
А) Б, Е, Ү, Т, Б, А, Ж, С, Т, О мұғалімдерге де тарату бұл сандар
Ә) Балаларға түскі асқа 20 минут уақыт берілді, ал түскі ас ішу тура сағат 12 де басталды мына қағаздағы сағаттарға түскі астың басталған уақытын және аяқталған уақытын көрсет
Б) әкеңнің әкесі саған кім болады?
4 - тордың тапсырмасы.
Ассосация құрастыру «топпен жұмыс»
5 - тордың тапсырмасы.
Жылдам, ойлап қос, нүктелерді қосу « жекеше тапсырма»
6 - тордың тапсырмасы.
Құпия сөзді шығару «ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқу мінекей Абай атамыз айтқандай рақымшылық жасап, уақытты үнемдей отырып, қарлығаштарға көмектесу арқылы көбелекті де тордан босаттыңдар. Осы кезде қарлығаштардың «рахмет» деген дауысы естіледі.
Ендеше сабағымызды қорытындылай келе уақытты үнемдей білу, өз еліне қамқор болу, табиғатқа жанашырлық таныту, бір - бірімізге көмек көрсету, парызымыз деп білуіміз керек.
7. Қорытынды. кері байланыс кестесін толтыру арқылы бағалаймыз
Сабаққа қатысқан мұғалімдерге де таратуға болады.
Бағалау. Айтып өту.
Үй тапсырмасы: Оқушыларға күн тәртібін жазып келу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Уақыт бірлігі. Сағат. Минут

Уақыт бірлігі. Сағат. Минут

Мақсаты: Уақыт өлшем бірліктері - сағат және минутпен, олардың өзара қатынасымен таныстыру. Уақыт туралы түсінік қалыптастыра отырып, ғылыми...
10 санының құрамы

10 санының құрамы

10 санының құрамы жайлы білімдерін одан әрі кеңейту. Сандарды салыстыруға, 10 санының құрамын жіктеп айта білуге үйрету. 1 - 10 көлеміндегі сандарды...
Квадраттық функция

Квадраттық функция

Сабақ мақсаты: 1.Квадраттық функция туралы білімдерін пысықтау, жинақтау, теориялық білімдерін шыңдау және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;...
Уақытты табуға берілген есептер

Уақытты табуға берілген есептер

БҚО, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы, Жамбыл ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Касимов Казбек Рыскалиевич...
Уақыт және оның өлшем бірліктері

Уақыт және оның өлшем бірліктері

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы бастауыш сынып мұғалімі Прназарова Альфия Асқарқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×