Сайтқа кіру Тіркелу

Есептік және реттік сан есімді бекіту

Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есімді бекіту
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Сан есім туралы бала ұғымын кеңейту, есептік, реттік, дара, күрделі түрлеріне ажырату, сөйлем ішінен сұрақ қоя білуге үйрету;
ә) Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, танымын арттыра отырып, жылдам ойлауға, пікірін жеткізе алуға, дұрыс шешім қабылдай білуге бағыттау, өз ойын дәлелдей алуына мүмкіндік туғызу, логикалық ойлау жүйесін дамытып, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру;
б) Тәрбиелік Балаларды бірлікке, ұйымшылдыққа, тиянақтылыққа, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: бекіту сабағы (білімді меңгеру деңгейін байқау)
Сабақтың әдісі: сайыс, ой қозғау, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, сынау сұрақтары, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: сандарға қатысты тірек сызбалар, семантикалық карта, тест тапсырмалары Пән аралық байланыс: математика, ана тілі.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Амансың ба, Алтын Күн!
Амансың ба, Көк Аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!- Балалар, әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жету үшін адам аянбай еңбек етеді. Сол сияқты сендердің де алдарыңа қойған мақсаттарың бар деп ойлаймын. Кім айтады, сендердің мақсаттарың не? (Білім алу) Олай болса, біз бүгінгі сабағымызды сайыс түрінде өтеміз.
1 - топ «Бірліктер» тобы Ұраны: « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар баламыз»
2 - топ «Ондықтар» тобы Ұраны: «Он саусағы майысқан, шебер бала боламыз»
3 - топ «Жүздіктер» тобы. Ұраны: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар баламыз»(әр топтың топ басшыларын сайлайды) (Сигналдық карта арқылы оқушылардың сабаққа дайын, дайын емес екендерін анықтау).

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тапсырма 2 түрлі болатын:
1) Сан есімдері бар мақал - мәтелдер жазып, жаттап келу.
2) Сан есімдері бар жұмбақ, жаңылтпаштарды жазып, жаттап келу.

ІІІ. Өткен тақырыпты қайталау. 1.«Кім көп біледі?» ойыны.
1 минуттың ішінде: 1 – топ дара сан есімдерді жазу
2 – топ реттік сан есімдерді жазу. 3 - топ есептік сан есімдерді жазу. (жазған сөздерді санап, ұпайға қосу)

III. Жаңа сабақ: Есептік және реттік сан есім. « 423 - 426 жаттығулар»
Дәптерге күннің жадын жазу.
а) Шағын диктант. Мен үшінші сыныпта оқимын. Сыныпта жиырма төрт
оқушы бар. (сан есімді табу, қай түрі екеніне тоқталу)
ә) Оқулықпен жұмыс. 423 жаттығу.
Зат есімнің астын бір, сан есімнің астын екі рет сызу. Сөйлемдегі тыныс белгіге назар аудару. (бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқарып тұр)
1 - топ. Парта – он екі. Оқушы - жиырма төрт.
2 - топ. Қол - екеу. Саусақ - он.
3 - топ. Кітап - бесеу. Дәптер - жетеу.
б) Релаксация. Музыка ырғағының астында дем алу.(қонақтарға да айту) Өзімізге ыңғайлы етіп, дұрыс отырып, көзімізді жұмып, денені бос тастау. (елестету) Көктемнің жайма шуақ бір күні, сен табиғат аясына дем алуға шықтың. Айнала қандай әсем! Құлпыра өскен қызғалдақ, түрлі – түсті көбелектер айнала ұшып жүр. Сен бір ағаштың басында отырған бармақтай құсқа көзің түсті. Оны шошытып алмайын деп ағаштың түбіне жақындап келіп, әлгі құстың даусын тыңдадың. (Құстың даусын қосу) Ол – бұлбұл екен. Сен бұлбұлдың әуенін жадыңда сақтап қалдың. (Шапалақ соғу, көзді ашу)
в) 424 - жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрау. (Әр топтан шығару)
Бес, екеу, бірінші.
г) «Кім шапшаң?» ойыны арқылы топтық жұмыс жүргізу. Әр топтың оқушыларына мозайкаларды үлестіру. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, мозайкалардан ертегі құрастыру. Ертегіге неше кейіпкер қатысатынына тоқталып, қысқаша ертегінің мазмұнына тоқталып өту.
ғ) Өзіндік жұмыс. 425 - жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс айтып, қатесіз жазу.
Үшеу, төртеу, тоғыз, он бір, он бес, үшінші, төртінші, жүзінші, сексен үш, жетпіс тоғыз.
д) «Ой толғаныс» «Киелі сандар» Балалар, 3, 5, 7 киелі сандар деген ұғым бар екен.
Солар жайлы не білеміз?
е) (Оқушылар жауап беріп болғанша, топ басшыларына ребус үлестіру)
1 - топ: «Елуінде – ер дана, Елуінде – ел жаңа»
2 - топ: «Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.»
3 - топ: «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×