Сайтқа кіру Тіркелу

Қосындыны санға бөлу

Математика 3 сынып
Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу (слайдымен)
Мақсаты:
1) Қосындыны санға бөлудің бірнеше жағдайларын түсіндіріп, бөлу амалына есептеу дағдысын қалыптастыру
2) Есте сақтау қабілетін сана қабілеттерін, сана сезімдерін, зейінін, ойлау қабілеттерін дамыту
3) Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: кіріктірілген, саяхат сабағы
Әдіс тәсілдері: проблемалық іздену, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік, кубизм, деңгейлік тапсырмалары, топтастыру
Көрнекі құралдары: оқулық, с уреттер, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка
Техникалық құралы: компьютер, интерактивті тақта
Болжамдап отырған нәтиже: қосындыны санға бөлуді түсінген тұлға

Жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
а) психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)
а) №6 199 бет
ә) Нақыл сөз шығару
Қорытындылау
3. Жаңа сабақ
а) Ой жинақтау
ә) мұғалімнің түсіндірмесі
б) оқулықпен жұмыс
в) Кезеңдермен жұмыс

4. Сабақты бекіту
а) шығармашылық жұмыс
ә) деңгейлік тапсырмалар
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма: № 5, № 8 201 бет

Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару, қонақтармен сәлемдесу
- Үлкенге де сіз!
- Кішіге де сіз.
- Сәлем бердік сіздерге.
- Құрметпен біз.
Психологиялық дайындық
Сабаққа біз даярмыз!
Жалқаулықты қоямыз,
Үздік оқып әрқашан,
Кілең бестік аламыз.
Сабақтың мақсатын түсіндіру. Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз қаламыздағы көне тарихи ескерткіштерге саяхат жасаймыз. Олай болса автобусқа мінбестен бұрын автобусты кім жүргізеді?
- Жүргізуші
- Сұрақ қой,
- Кім?
- Жүргізуші.
Ал автобусқа мінбестен бұрын автобустың алдынан жүгіріп өтуге болмайды. Ал кеттік балалар, бәріміз автобусқа мініп бірінші Жамбыл Жабаев атамыздың ескерткішінен бастаймыз.
- 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысының Хан тауы мен Жамбыл тауының
етегінде туылған. Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған ірі сөз шебері. Ол
айтыс ақыны болған. 1945 жылы 99 жасында дүние салған.

№6 Өрнектердің мәнін тап. (оқушыларға оқыту, өрнектердің мәндерін бірден разрядттық қосылғыштарға жіктеу)
90: 3+9: 3=39
40: 4+4: 4=11
60: 2+6: 2=33

600: 10+60: 10=66
900: 3+90: 3=330
1000: 5+100: 5=220

Қорытындылау – балалар өте тамаша мақалды шығара отырып көбейту кестесін пысықтадық.
- Бірлік бар жерде тірлік болатынына көз жеткіздік.
Ары қарай саяхатымызды жалғастырамыз. Біз Төлеби көшесіндегі Қарахан баба мен Дәуітбек атаның мазарына барамыз.

2 кезең. Қарахан Мазары.
Қарахан мазары ХІ ғасырда тұрғызылған сәулетті күмбез. Қарахан ел басқарған қолбасшы болған. Қарахан бабаны Әулиеата деп атайды.
Қосындыны санға бөлу ( ереже)
Қосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға, қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.

«Кубизм» стратегиясы
1) 100 бен 40 - тың қосындысын 7 - ге бөл (20)
2) 40 пен 8 - қосындысын 6 - ға бөл (8)
3) 50 мен 6 - ның қосындысын 7 - ге бөл (8)
4) 30 бен 5 - тің қосындысын 7 - ге бөл (5)
5) 20 мен 1 - дің қосындысын 7 - ге бөл (3)
6) 60 пен 4 - тің қосындысын 8 - ге бөл (8)

№1 Қима қағазбен жұмыс
100: 20=(60+40): 20 (5)
48: 8=(16+32): 8 (6)
81: 9= 24: 4+12: 4 (9)
64: 8= (25+39): 8 (8)
4*3= 15: 5+45: 5 (12)
30*4= (22+18)*3 (120)
№2. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×