Сайтқа кіру Тіркелу

Етістік

Ашық сабақ 2 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін дамыта, қорытындылау. Сөйлемдерден етістікті табуға, етістіктің түрлерін ажырата білуге арналған тапсырмаларды орындау;
2. Оқушылардың зейінін, шығармашылық белсенділігін, білім, білік дағдыларын қалыптастыру;
3. Оқытудың өмірмен байланысын нығайту, шыдамдылыққа, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес «Бестігіміз аналарға» шығармашылық сабақ
Принциптері: бірізділік, жүйелілік, ғылымилық.
Әдістері: қорытындылау, сұрақ - жауап, тест, ойындар.
Көрнекілігі: слайдтар, сюжетті суреттер, жауап парақтары,

Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
Анаға да сіз,
Балаға да сіз
Баршаңызға құрметпен
Бас иеміз біз.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
С – тобы: «Аналардың жүрегін аялайық» шығармалары бойынша «Бір айналым сөйлесу», Б - тобы Сурет ойынша құраған мәтіндерінен бір айналым сөйлесу,
А - тобы – бір - бірін жұптап тексереді.
3. Бекіту жаттығулары:
«Бинго» ойыны.
Сұрақтарға жауап алу.
- Зат есім деген не?
- Зат есімнің қандай сұрақтарын білесіңдер?
- Жалқы есім деген не?
- Жалпы есім деген не?
- Кім? Кімдер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Не? Нелер? деген сұрақтар қай уақытта қойылады?
- Етістік деген не?
- Зат есімнің жекеше түрі деген не?
- Зат есімнің көпше түрі деген не?

Дәптерде күн атын, үлгіні жазу. Ана жайлы не айта аламыз ауызша ассоциация жазу.( ана сөзін айтқанда қандай сөздер ойымызға оралады)
2. Топтық тапсырмалар:
1 - топ: «Ішінде, сыртында» ішкі шеңберге жалқы есімдерді, сыртқы шеңберге жалпы есімдерді жазу.
Айгүл, Анар, апа, қарындас, Әсел, Айша, сіңлі, әже, ана, Мақпал, Назым, апай, Толқын, Айжан.
2 - топ: Өлең құрау, етістіктерді тауып 2 сызықпен сызу.
Анамызды сыйлаймыз,
................. тыңдаймыз
........................................
..................... боламыз.
3 - топ: Х кестесіне берілген сөздерді салу.(зат есім және етістік деген топтарға бөлу) Ағаш, қайың, секірді, отырды, бала, қыз, жүгірді, бота, жазды, оқушы, қоян, ойнады, байлады, сүртті.
4 - топ: Сәйкестендіру тесті.
Арыстан... ұлиды.
Құндыз.. шаңқылдайды
Сауысқан... ақырады
Бүркіт... қарқылдайды
Қасқыр... сыңсиды

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Зат есімнің жекеше, көпше түрі

Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...
Етістік

Етістік

Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол селосы, Кулагино орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Толқын Беркімбайқызы...
Сөз таптары

Сөз таптары

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары Сабақтың мақсаты: 1. Сөз таптары. Сөз таптарының түрлері туралы оқушылардың білімдерін, ұғымдарын қайталау...
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×