Сайтқа кіру Тіркелу
Бүгін 30 желтоқсан, дүйсенбі, 23:00

Атасы мен немересі

Сабақтың тақырыбы С. Көбеев. Ата ақылы. Атасы мен немересі
Жалпы мақсаты: Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша көңілге түйгенін анықтау. Автор туралы білімдерін кеңейту
Оқу нәтижелері 1. Атасы мен немересінің сөздеріне түсінік алады, өз ойларын айтуға машықтанады.
2. Ата мен немеренің ерекшеліктерін анықтап, өмірдегі іс - әрекеттерде қолдануына мысалдар келтіреді, ата - ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиеленеді.
3. Өздері жасаған жұмыстарына қорытынды жасайды, тіл байлығы, сөйлеу мәдениеті дамиды.
Жаттығулар
Көрнекілігі 1. Психологиялық дайындық
2. «Ыстық орындық» «Менен - сұрақ, сізден - жылдам жауап»
3. «Ой қозғау»
4. «Ой ашар»
5. «Мағынаны тану»
6. Сергіту сәті
7. «Кері әсер парағы»
8. «Қызығушылығын ояту» Фильвордты шешу
9. Оқулықпен жұмыс
10. Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
11. «Менің атам» эссе
12. Бағалау
Интерактивті тақта, маркер, ватман, бағалау парақшасы,

Ұйымдастыру Психологиялық дайындық.
- Балалар, мен күнге таң қаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты. Жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жазады, мұңайғанды жұбатады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым
Мұғалім:
- Біз қандаймыз?
- Біз көңілдіміз!
- Біз қандаймыз?
- Біз батылмыз!
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.
Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз.
І топ: «Ойшылдар»
ІІ топ: «Алғырлар»
ІІІ топ: «Білгірлер»
»Әдістер: сұрақ - жауап, түсіндіру
Негізгі бөлім
І. Өткен сабақ Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар» беру. Тез шапшаң жауап беру.

«Ыстық орындық» «Сұрақ менен, жауап сенен» бүгінгі өтілген материалдар бойынша тез әрі, нақты жауап беру

. Диалогтік оқыту
тірек - схема, деңгейлік - саралау әдісі
АКТ қолдану
ІІ. Жаңа сабақ «Ой қозғау» С. Көбеев туралы не білеміз?
1878 - 1956ж. ж Қостанай облысында туған, Жазушы, ұстаз
«Үлгілі бала» атты кітабы бар
«Ой ашар»
І топ: Немере деген кім?
ІІ топ: «Ата» деген кім?
ІІІ топ: «Ата», «Немере» туралы тақпақтар айту

«Мағынаны тану» Рөлдегі оқушылар әдісі.
1. Баяндаушы - 3 топтан бір оқушы шығып әңгімелейді
2. Сұрақ қоюшы - мәтін бойынша сұрақ қояды.
3. Із қуушы - кейіпкердің ізін қуалайды. Ата, баласы, келіні, немересі.
4. Дәнекерші - өмірмен байланыстырады.
5. Бейнелеуші - сурет салады.
6. Кейіпкерлерді сипаттаушы - әр кейіпкер туралы мұқият ойланып, олардың кім екендігін, мінез - құлқы туралы айтып береді.

«Сергіту сәті» - Балалар біраз демалайық!

ІІІ. Деңгейлік жаттығулар V. «Қызығушылығын ояту» «Филвордты шешу»
Оқушылардың зейіндерін анықтау дарынды және қабілетті балалармен жұмыс
орвыолрвлднемередлооубалалоцшвйцокеліноцрруоуббатасыушшщушцщзуагдқұрметлпрщщ
«Оқулықпен жұмыс» Оқулықтағы мәтінді үзіп оқу арқылы проблемалық сұрақтарға жауап беру
Қорытынды «Кері әсер парағы»
Әсер еткен жері? Неліктен? Пікіріңіз?
Бағалау
Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтау. Жұлдызшалар тарату
Үй тапсырмасы:
«Менің атам» эссе жазу
«Ата мен немересі» мәтінін түсіну.
«Рефлексия» Бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар, не түсінгендерің туралы өз ойларыңды стикерлер арқылы білдіріңдер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×