Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілі 3-сынып, тест

Қазақ тілі 3 - сынып тест
1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгілеңіз.
А) Шап — ал - ақ - тап С) Ша – пал – ақ – тап.
В) Ша - па – лақ - тап Д) Шапал - ақтап.
2. Түбірлес сөзді белгілеңіз.
А) Күйді, күйші. С) Суға, асу.
В) Бастың, басқа. Д) Бас, бастық, башы.
3.: Көл: сөзіне дұрыс жалғанатын қосымшаны табыңыз.
А) - тан. С) – дер.
В) - дан Д) – тен.
4. – хана жұрнағын қандай сөзге жалғауға болатынын белгілеңіз.
А) Су С) Сұлу
В) Кітап Д) Күріш
5 Тәуелдеулі зат есімдерді көрсетіңіз.
А) Дәріханаға, дәрігер. С) Өлкең, мекенің.
В) Еденде, жүгеріден. Д) Көкпеңбек, жапырақпен
6. Тиісті әріпті қойыңыз.
Ша...... матшы, мульт.... ильм.
А) Ш, х С) Щ, с
В) Х, з. Д) Х, ф
7. Жалпы есімді табыңыз.
А) Қала. С) Атырау.
В) Алатау. Д) Айнұр.
8. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңыз.
А) Етікпен. С) Етікке.
В) Етікті Д) Етікші.
9. Бос орынға тиісті зат есімді қойыңыз.
Күнге басын бұрып, күнді бағыттап тұрғандықтан, бұл өсімдікті...... дейді.
А) Күнделік. С) Күнбағыс.
В) Күнжара. Д) Күнтізбе.
10. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
А) Қалың С) Қауындай.
В) Ақылды Д) Құрлық.
11. Болымсыз етістіктерді көрсетіңіз.
А) Терілді, айтылды. С) Сызған, болған.
В) Өкпелеме, жұтпа. Д) Қапта, биле.
12. Реттік сан есім жасайтын жұрнақтарды белгілеңіз.
А) – лар, - лер. С) – шы, - ші.
В) – еу, - ау. Д) – ыншы, - інші – ншы - нші.
13.: Үй: сөзіне қатысы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Кітабыңыз. С) Нан
В) Есік. Д) Арман.
14. Жалқы есімді көрсетіңіз
А) Сырғанау С ) Киім.
В) Екібастұз Д) Дәптер.
15. Сөйлеу қалай жүзеге асатынын көрсетіңіз.
А) Тіл арқылы. В) Мәтін арқылы.
С) Кітап арқылы. Д) Қағаз арқылы.
16. «Аспан» сөзімен байланысы бар сөзді көрсетіңіз.
А) Өрт С ) Орман
В ) Су Д) ЖҰлдыз
17. Қаратпа сөзді табыңыз.
А ) Сара, сен далаға шығасың ба? С ) Сара далаға шықпайды. В) САРА, АЛМА далаға шығады. Д ) Қап, Сара далаға шығып кетті
18. «Ребус « сөзінің мәнін көрсетіңіз.
А) Желаяқ С) Бейнелі сөз.
В) Көркем сөз Д) Сурет.
19. Туынды сөзді көрсетіңіз.
А) Қарт С ) Бас.
В) Сыйлау. Д ) Тый.
20. Септеулі зат есімді табыңыз.
А) Дәрігерлердің. С) Дәрігерміз
В) Дәрігерлеріміз Д) Дәрігерлер.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қазақ тілі 3-сынып, тест
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×