Тақырыбы: "Өз жерім - өз байлығым"
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өз жері, өз Отаны, жалпы Қазақстан туралы мағлұмат алу
2. Тәрбиелік: отанды сүюге баулу. Туған жерді аялауға, қорқауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, оқулық.
Жаңа сөздер: шекараласу, бейбіт өмір сүру, жер бедері, геологиялық құрылысы, өсімдік құрамы, кен байлықтары, сәулет ансамбілі, жүйе, көркем ғимараттар, азаматтық парыз.
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, тарих.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
Ой қозғау:
Өткен атада, біздің елде қандай жаңалықтар болды?
1 - оқушы:- өткен аптада біздің елде Республика күні мерекесі болды.
Тағы бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.
Мұғалім:- кімнің сөйлемі сендерге ұнады?
Сергіту сәті. Балалар, сендер отан туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1 - оқушы:- Отан отбасынан басталады.
2 - оқушы:- Отан оттан да ыстық.
3 - оқушы:- Өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол
Жаңа сабаққа кіріспе. Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру.
Эпиграфқа назар аударыңдар: Отансыз адам, ормансыз бұлбұл(халық мақалы)
Мұғалім мәтінді өзі оқиды
Жаңа сөздермен таныстыру. Балалар аударады.
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. Оқушыларды әдіс - тәсілмен қаруландыру
1 - деңгей. Ривин әдісі бойынша жұмыс.
Абзацқа бөл, ат қою, таныс емес сөздерді аудар
2 - деңгей. Мәтінге ат қою, неліктен олай қойғандарын дәлелдейді
3 - деңгей. Шығармашылық тапсырма. Мәтінді өз ойларыңды қосып мазмұнда
Ойын "Күн шұғыласы" 2 оқушы тақтаға шығып, бірі Қазақстан қалалары, екінші Қазақстан байлығы. Қазақстан: Шымкент, Тараз, Павлодар, Ақтау, Атырау, Алматы, Қарағанды. Қазақстан: мақта, астық, күріш, тары, көмір, мұнай
Сабақ кластер арқылы қорытылады. Қазақстан: Орта Азияда орналасқан, 136 ұлт өкілдері тұрады, бас қаласы Астана, бай мемлекет, қазақ тілі
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтін бойынша диалог дайындау.
Жаңа сөздерді жаттау
Өз жерім - өз байлығым
- 000000513810
- 30 мам 2014
- 6206
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өз жері, өз Отаны, жалпы Қазақстан туралы мағлұмат алу
Ұқсас жаңалықтар:
Отан оттан да ыстық
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы №49 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдиева Бибігүл Аманбайқызы...Біздің Отанымыз - Қазақстан
Сабақтың мақсаты: Білімділік — оқушылардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Егеменді ел жетістіктерімен таныстыру; Дамытушылық — туған елі, Отаны...Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...Туған жерің тасы да танымал
Туған жер туралы сабақ жоспары...«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.