Сайтқа кіру Тіркелу

7 санын қосу және азайту

«7 санын қосу және азайту. Санның құрамы»
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушылардың 7 санын қосу және азайтудың әдіс - тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Ауызша, жазбаша саналы түрде есептеуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, қабылдау, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқушыларды сандарды дұрыс айтуға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
А) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ә) Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Ойнап күліп аламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік баламыз.
Б) Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, өткен сабақта біз қандай санмен таныстық?
Слайдтан 6 - санына байланысты қосу; азайту амалдары беріледі.
А) 5+1= 6 - 4= ә) Сандарды салыстыру
4+2= 5 - 1= 47*45 34*84 47*87
12 - 6= 7+6= 55*65 10*100 13*30
Математикалық диктант
- 5 ондық және 1 бірліктен тұратын санды жаз.
- 16 санын 6 - ға кеміт
- Азайғыш 70, азайтқыш 20, айырманың мәнін тап.
- 8 санын 2 - ге арттыр.
- Бірінші қосылғыш 30, екінші қосылғыш 5, қосындының мәнін тап.
- 80 мен 20 сандарының айырмасын тап.
- 8 - ден артық, 10 - нан кіші санды жаз.
- 100 санынан 30 - ды кеміт.

ІІ. Жаңа сабақ
Дәптерге бүгінгі күннің жадын жазын, жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.
1 - есеп
А) 7+7=14
8+7=15
9+7=16
7+7=14
7 мен нешенің қосындысы 10 - ға тең?
↙↘
3 4
(7+3)+4= 14
14 - 7= 7
14 пен нешенің айырмасы 10 - ға тең?
↙↘
4 3
(14 - 4)- 3=7
Ә) 8+7=(8+2)+5=15 ------------------ 9+7=(9+1)+6=16
↙↘ ----------------------------------------- ↙↘
2 5 -------------------------------------------- 1 6
15 - 5=(15 - 5)- 2=8 ---------------- 16 - 7=(16 - 6)- 1=9
↙↘ ----------------------------------------- ↙↘
5 2 ------------------------------------------- 6 1
№4 - есеп

1 - жәшікте – 30кг (с)
2 - жәшікте -? 5кг артық
Барлығы -?
Шешуі: 30+(30+5)=65 (с)
Жауабы: Екі жәшікте 65кг сары май бар.
5 - есеп
Робот - 9
Қуыршақ -? 5 - еуі кем
Барлығы -?
Шешуі: 9+(9 - 5)=13
Жауабы: Барлығы 13 ойыншық сатылды.

ІІІ. Сергіту сәті.
Жұмбақ есептер.
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін
Санын айтшы түйенің? (Жеті)

Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (Алтау)

Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар пен екі іні,
Қоссаң бес пен екіні,
Неше екен шешуі? (Жетеу)
Жеті туралы қандай ұғымдар білетінін сұрау.
(Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
Жеті ата
Жеті нан
Жеті қазына
Жеті қарақшы
Жеті күн
Жеті киелі сан
Жеті тақ сан
ІV. Логикалық тапсырма
Үш дос шахмат ойнады. Әр бала 2 партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнады?
«Жылдам, бірақ шатаспа!» ойыны.
V. Сабақты бекіту.
- Біз не үйрендік?
- Сабақ ұнады ма?
- Көңіл күйлерін білдіру.
VI. Бағалау
VII. Үйге тапсырма.
75 беттегі №6 есеп. 4, 5, 6, 7 сандарының құрамын жаттау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×