Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов. «Әбілмансұр»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тақырыптың мәнін ашу, халықтың өткен өмірімен таныстыру, тарихи тұлғалармен таныстыру, оқушыларға Абылай хан туралы түсінік беру және білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: мәтіннің идеялық мазмұнын ашып, оқушылардың салыстыра, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұлы адамдардың іс - әрекетін бағалауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: ұлы тұлғалардың портреттері, Қазақстан картасы, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың әдісі: сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Пәнаралық байланыс: тарих, дүниетану
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу;
Оқушыларды түгелдеу;
Оқу құралдарын дайындау;
Назарларын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Кубизм әдісі бойынша жазылған сұрақтарға жауап алу.
IV. Жаңа сабақ.
1. Тақтадағы суреттерге шолу жасау.
2. Суреттегі тұлғалар бойынша оқушылар пікірлерін тыңдау.
- Балалар, бұл ұлы адамдардың өмірімен таныса отырып неге үйренеміз?
- Балалар жауабы. (үлгі, өнеге, тәрбие, т. б.)
- Ал, өнеге деген сөзді сіздер қалай түсінесіздер?
1 - 2 оқушы пікірін тыңдау
- Бүгін біз «Өнегелі өмір» тарауын бастағалы тұрмыз. Ал, олай болса, Зерделі мен Талапбек бұл жөнінде не дейді екен?
(2 оқушыға оқыту)
- Қазір М. Әуезовтің «Әбілмансұр» әңгімесімен танысамыз. Дәптерімізді ашып тақырыпты жазайық.
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
Авторды оқушылар алдыңғы сабақтардан танығандықтан өздеріне топтастыру.
Абылай хан туралы бұрыннан да білесіңдер, мен толықтырып өтейін.
Абылайдың әкесі Уәли деген сұлтан, ал атасы Абылай Түркістан қаласының билеушісі болған. Абылай хан жас кезінде өзінің батырлығымен, ержүректілігімен көзге түсіп, халық оны хан көтереді. Абылайдың алдына қойған үш мақсаты болды. Ол:
1) Көшпелі елді отырықшы өмірге үйрету
2) Үш жүздің басын қосып біріктіру
3) Халқына тәуелсіздік алып беру. Ханның жанында үнемі ақылшы, кеңесшілері Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би және Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлар болды.
- Енді оқулыққа қарап, мәтінмен танысамыз. Мұнда Абылайдың балалық шағы туралы айтылады. Мәтінді үш топтың балаларына бөліп іштей оқыту, түсініксіз сөздерді белгілеп отыру тапсырылады.
4. Сөздік жұмыс.
Қалмақ – ұлт
Қасқа атты – маңдайында дағы бар ат
5. Суретпен жұмыс.
Тақтаға әңгіме желісіне салынған суреттер ілінеді. Әр топтан бір оқушыдан шығарып, әңгіменің мазмұнын суреттерге қарап отырып мазмұндап айтқызу. Сурет бойынша әр бөлімге ат қояды.
6. Дәптермен жұмыс.
1. Бала Сабалақ
2. Сабалақтың соғысқа аттануы
3. Абылай батыр
7. Сергіту сәті.
Ердің күші – жүректе
Батырлық бар білекте
Ту ап қолға самғаймыз
Туған елді қорғаймыз.
Ер боламыз ағадай
Қиындыққа қарамай
Үлгі батыр бабамыз
Өжет, батыр боламыз.
8. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқыту.
V. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақтармен жұмыс
1. Төле би Абылайдың ел билейтінін қайдан біледі?
2. Қалмақтар неліктен, неге қаша бастайды?
3. Сабалақ неліктен Абылай атанып кеткен?
4. Абылай кімдерден бата алды?
VI. Сабақты қорытындылау.
1. Картамен жұмыс.
- Абылай ханның армандары орындалды ма?
Балалар жауабын тыңдау.
VIІ. Бағалау. Оқушылар еңбегін, дайындығын, білімдерін мадақтай отырып бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма. Мәтінді оқу.
М. Әуезов. «Әбілмансұр»
- Гулзада
- 22 мам 2014
- 3700
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мұхтар Әуезовтың Әбілмансұр шығармасы
Ұқсас жаңалықтар:
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету....Қуандық Шаңғытбаев "Сабалақ" өлеңі
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Қ. Шаңғытбаев туралы мәлімет беру, «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, өлеңнен ақын тілінің ұлтжандылық мәні зор...Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның...Әбілмансұр
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «№21 жалпы білім беретін орта мектеп»КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна...Алғашқы қоңырау
«Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға өлеңнің мәнін ашып, мазмұнын меңгерту...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.