4 - сыныптың әдебиеттік оқу пәніне
Арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Сабақтың жалпы тақырыбы: Бала Мәншүк
Сабақтың жалпы мақсаты: Мәриям Хакімжанованың өмірімен, еңбектерімен танысу. «Бала Мәншүк» мәтінінің мазмұнын меңгеру, мәтіндегі негізгі ойды ашу. Мәншүк апайымызды үлгі тұтып, Отанына деген патриоттық сезімін ояту.
Сілтемелер 4 - інші сыныпқа арналған оқулық, әдістеме.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері Мәтіннің мазмұнын білу автордың өмірімен, шығармаларымен таныстыру. Мәтінді талдау. Мәтіндегі негізгі ойды түсіну және айту.
Негізгі идеялар «Жақсы адам болып қалыптастыру үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың рөлі зор»- деген ежелгі грек философы Демокрит. Бала Мәншүктің жастайынан табандылығы, еңбекқорлығы көрінеді.
Ресурстар: Сызба, суреттер.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
СТО, ЖИГСО, Блум такс.
Дерек көздер: Суретпен жұмыс.
Тапсырмалар: 1. Топтық жұмыс 2. Жеке жұмыс. 3. Жеке жұмыс. Топтық жұмыс.
Мұғалімнің сабақ бойынша жазбалары
1. Психологиялық дайындық:
2. Топқа бөліну:
3. Топтарға ат қою.
4. Үй тапсырмасын тексеру.
5. Өткен тақырыпты пысықтау арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Дәптермен жұмыс.
Автор туралы түсінік.
Үй тапсырмасы:
Кері байланыс:
Дәптермен жұмыс:
Оқулық пен жұмыс.
Қорытынды.
Бағалау. Кері байланыс. Блум такс. Бойынша.
Білу. 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2. Топқа бөліну. 3. Үй тапсырмасын тексеру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Бар адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
II. Топқа бөліну. Берілген мақал - мәтелдер бойынша топқа бөліну.
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық.
3. Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
I топ – Алау, II топ – Жалын, III топ - Найзағай
III Үй тапсырмасын тексеру. Әр топтан бір оқушы шығып, «Шығыс шынары» мәтінін мазмұнын айту.
Ойын «Жұлдыздар жұмбағы»
1: Әлия қандай гүлдерді өсірген?
2. Әлия қандай үйірмелерге қатысқан?
3. Ол Василий Петровичке не үшін «бірақ.» - деп күмілжіді?
Түсіну.
Жаңа тақырып «Бала Мәншүк»
Авторы Мәриям Хакімжанова 1906жылы 16 - қарашада Қостанай облысының Қызыл шоқ ауылында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін Қазақ педагогика жанынан рабфакты оқып, «Әйел теңдігі»журналында жауапты хатшы болып қызмет жасады. Отбасы жағдайымен Орынбор облысына көшіп барды.
(1934ж) Бірнеше жыл аудандық «Екпінді»газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.
М. Хакімжанованы соғыс жылдары Кеңес Одағының Батыры М. Мәметованың өшпес ерлігін жырға қосып, «Мәншүк»поэмасы ақын еңбегінде үлкен бір белестерге жетті. Ақын өмір бойы өз өлеңдерінің алтын арқауы – аналық сезімді жырлап өтті.
М. Хакімжанованы барша жұрт құрмет тұтып, ел анасындай ардақтайтын. Ақын апамызға «Қазақстан халық жазушысы»құрметті атағы, орден, медальдары берілген. Тамаша ақын, әзіз жүректі, аяулы жан Мариям апамыздың жазған асыл бейнесі халық жадында әрқашан сақталады.
Бүгінгі сабағымызда осы М. Хакімжанова апамыздың жазған «Бала Мәншүк»атты әңгімесіне тоқталамыз.
Мәншүк туралы өз білгендерімізді ортаға салу.
Мәншүк Мәметова кім?
Мәншүк Мәметова қай өңірдің тумасы?
Жалпы Мәншүк Мәметова деген есімді естігенде көз алдымызға не елестете аламыз?
Талдау:
ЖИГСО №1 оқу, №2 талдау.
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі. Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, бір - біріне түсінігін айтады.
Сөздік жұмыс. INSERT әдісі. Өздеріне түсініксіз сөздерді түртіп алу.
Алдымен талдау, осы сөздер төңірегінде оқушылардың өз ойларын айтқызу.
Дерлік - түгел, бәрі, айтарлық.
Әсте қыңыр - мінезі өзгеше, біртүрлі, көп келісе бермейді. өз пікірімен қалады.
Домбығып - ісіну, томпаю.
Қолдану:
Алау тобы - Негізгі ой. I.бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы».
Жалын тобы - II бөлім. «Бала Мәншүктің мінезі».
Найзағай тобы - III бөлім «Балабақшадан келген Мәншүк». Рөлге бөлу.
Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.
Жинақтау:
«Ой ширату»
Мәтінге сүйеніп Мәнсияға мінездеме жазу.
Мен не түйдім?!
1. Мәтінде автор не айтқысы келді?
Мәншүктің бойынан қандай ерекше қасиетті көре білдің?
3. Ол туралы айналасындағылар пікірі қандай еді?
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, мазмұнын айту.
Батырлық ерлік туралы мақал - мәтел жаттау.
«Қазақтың батыр қызы» тақырыбына эссе жазу.
Бағалау. Топ басшылары топ мүшелеріне баға қою.
Кері байланыс.
1. Менің түсінгенім, түсінбегенім.
2. Маған ұнағаны, ұнамағаны.
Бала Мәншүк
- гүлеке
- 12 мам 2014
- 10326
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бала Мәншүк, Мәриям Хакімжанова
Ұқсас жаңалықтар:
Әзиза Нұрмаханова «Шығыс шынары»
Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл - қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Тарихи...Ұлы даланың батыр қыздары
Кеңес Одағының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің биік тұлғасын суреттеу арқылы - ұлтын сүйетін, еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды...Ер есімі - ел есінде
Мақсаты: Балаларды ҰОС батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отан сүйгіштік рухта тәрбиелеу,...Бала Мәншүк
Сандугаш Аязбаева...Бала Мәншүк
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.