Әліппе - білім бастауы
Мақсаты: Бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы есігі білімге бастайтын алғашқы соқпақ - Әліппенің қадір - қасиетін
ұғындыра отырып, ұрпағымызды адамгершілікке баулу, бойына ізгілік нұрын себу, білімге құштарлығын арттыру. Туған жерді, Отанды сүюге тәрбиелеу.«Өз елім» атты тамаша әнмен ортаға оқушылар шығады. ҚР әнұраны орындалады
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгінгі біздің мерекеміз әліппенің мерейтойына айналып отыр. Мерекемізге, хош келіпсіздер!
2 - жүргізуші: Уа, халайық, халайық,
Армысыздар, ата - аналар, ұстаздар!
1 - жүргізуші: Шашу, шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық!
2 - жүргізуші: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы – дей отырып «Әліппені» ортаға шақырайық!
Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың,
Қуанышы халықтың.
1 - оқушы Мерей
Жақсы Әліппе келіңіз,
Тамашаны көріңіз.
Төрімізде орын бар
Құтты мейман болыңыз!
2 - оқушы Құралай
Бар білімнің бастауы
Бар ғылымның бастауы
Жаса балаға нұр шашқан
Қандай кітап тіл ашқан?
Хормен: Әліппе
3 – оқушы Ерзат
Айналдым сені аяулы менің әліппем
Құралған қымбат қырық екі әріптен
Үйреніп, оқып, жаздым мен қолға қалам ап
Қадірледім қасиетіңді танып мен
4 - оқушы Аяна
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреттің оны әліппе.
Енді біз жаза аламыз
Әжріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Қош, бол, сүйікті Әліппе!
5 - оқушы Ілияс
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен
6 - оқушы Әсел
Қош бол, құтты әліппе!
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
7 - оқушы Сейдахмет
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдар алтыннан
Әліппе – білім бесігі.
8 - оқушы Аяулым
Арта берді кітапқа
Бойымдағы қуаныш
Біге жүрген қасымда
Әліппеге мың алғыс!
Хор. Әліппе
9 - оқушы Фатима
Анам менің, әкем де
Апам менен атам да
Шопан, ұшқыш ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе
10 - оқушы Данияр
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
11 - оқушы Салтанат
Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның құлпын ашып берді.
12 - оқушы
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты.
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет, ұстаз, алғашқы!
1 - жүргізуші:
Келесі ән аяулы ұстазымызға арналады
Хор. Мұғалім – ол біздің.
1 - жүргізуші: Балалар, сендердің Әліппені жақсы меңгеріп сауатты болуларыңа ата - аналарыңның да қосқан үлесі мол. Бәріміз ата - аналарымызға рахмет айтып, сезімімізді білдірейік.
19 - оқушы Айдос
Нағыз әке ақылгөй де, асқақ жан
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Ал, әкелер өздеріңе арналмақ
Біз айтатын келесі бір асқақ ән
20 - оқушы Қуаныш
Дүниенің жарық көзі анамыз
Дана болсақ данаменен данамыз
Алдыменен тыңдаңыздар ағайын
Анамызға арнап бір ән саламыз
Ән
Әліппе:
Ендігі кезекті білімге берсек дейміз.
Өзіңнен алған білімді көрсек пе дейміз.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Қосудың атауларын ата?
3. 0 - 10 дейін тура сана
4. Азайтудың атауларын ата
5. Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Бекзат
Отан - жерім, Отан - суым
Отан – қуат, нәр береді
Отан - ұран, Отан - туым
Отан – мәңгі гүлденеді
Бақытжан
Отан – сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан - аудан, ауылың
2 - жүргізуші: Ия, биыл еліміздің тәуелсіздігіне 21 жыл, мемлекеттік рәміздерімізге 20 жыл толды.
Шапағат:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің,
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Спандияр:
Сен неткен Отан анам ғажап едің
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер, Ұлы Отан, Қазақ елім!
Аида:
Бәрі болған қазақ сынды көне елде
Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге.
Аяна
Батырлыққа уызынан жарыған
Ел төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
Бағлан
Бас білгізіп, жер тарпыған тарпанға
Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.
Қалай оның елтаңбасы болмайды
Түлігіне дейін салса ен таңба!
1 - жүргізуші: Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз!
2 - жүргізуші: Күзетінде тұру – парыз
Қасиетін ұғу – парыз.
Хор. Отан
1 - жүргізуші:
Ал енді қандай мақал мәтелдер білеміз ортаңа салайық
Арсен: Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Бірлік болмай, тірлік болмас.
Баян: Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
Оқусыз – білім жоқ,
Білімсіз – күнің жоқ.
Ерлан:
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.
Талаптыға нұр жауар.
Әсем:
Отан – оттан да ыстық!
Отан үшін отқа түс – күймейсің,
Арың үшін алыссаң – өлмейсің.
Ертегілер биі
Ана тілі
- Балалар; сендер қандай оқушы болғандарыңды айтыңдаршы!
2 - жүргізуші:
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Хормен: Әдепті екен бұл дейміз
1 - жүргізуші:
Кітап дәптер қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз? Хормен: Ұқыпты екен бұл дейміз
Көрініс «Не деу керек?»
Ана тілі
- Әліппенің атасы кім?
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Қазақ балаларының алғашқы ұстазы кім?
- Ы. Алтынсарин аталарың сендерге қандай өсиет қалдырды?
Аяна
Кел балалар оқылық
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық
Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар
Тілегенің алдыңнан, іздемей - ақ табылар
Ана тілі - Әдептілік туралы не білеміз?
Аяжан.
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Айдана. Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Мадина. Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Айнұр. Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Әсемгүл. Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын.
Камила.
Салма аузыңа инені,
Үзбе жұлып түймені.
Сара.
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып.
Азамат.
Құр бекерге бұртима,
Болмашыға бұртима.
Бақытжан.
Іштарлыққа жол берме,
Бақталастық білдірме.
Аяулым. Мақсат қоймай алдыңа,
Қыдырып құр қаңғыма.
Салтанат.
Сақта көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әсел.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
Ән «Дос болайық»
(Әліппе қош айтысып, тілек тілеп кетеді)
Дулат:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Хормен: Қош бол құтты әліппе!
2 - жүргізуші:
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
1 - жүргізуші: Тойларыңыз құтты болсын, балдырған. Тойларыңыз құтты болсын, ағайын! – дей отырып, ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет!
Әліппе - білім бастауы
- АйгерімЖан
- 5 мам 2014
- 8209
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әліппе білім бастауы, әліппе сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Рахмет саған, Әліппе!
Мақсаты: 1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тексеру 4 айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлерімен жан - жақты білімдерін ата -...Рахмет саған, Әліппе!
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Айымжан ауылы, Айымжан орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаметкалиева Жақсылық Қазезқызы...Әліппемен қоштасу ертеңгілігі.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылы №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Сахиева Ләззат...Әліппемен қоштасу (сценарий)
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау....Әліппе - білім бастауы
Армысыздар аналар Бармысыздар балалар Сөзіме құлақ салыңыз Бір серпіліп қалыңыз Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әніміз...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.