Сайтқа кіру Тіркелу

Мәлік Ғабдуллин, "Батыр Бауыржан"

Ана тілі 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Ғабдуллин «Батыр Бауыржан»

Сабақтың мақсаты: Балаларды «Батыр Бауыржан «мәтінімен таныстыра отырып жерлес батыр атамыз Бауыржан Момышұлы туралы естеліктерімен, ерлік істерімен таныстыру.
Баланың дүниетанымымен ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетімен сөздік қорын және есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. Баланы ерлікке, батырлыққа, ұлтжандылыққа, өз Отанын сүюге, адалдық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың типі:
Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау – жинақтау, фонологиялық талдау, шығармашылық, топтау, ЭССЕ жазу, интервью, ой қозғау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білімге әркез талпынған, ұстазым менің армысың.
Бірге оқып бір жүрген, сыныптастар армысың.
Шаттық шеңбер құрайық шаттанып кеп тұрайық .

Сабақтың эпиграфы: Мен, өз халқымды сүйемін, оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтан тұтамын.
Н.Ә назарбаев

2.Үй тапсырмасын сұрау.
Сыныптағы оқушыларды 4 орталыққа бөлеміз.
1-топ Оқу орталығы
а) Балалардан «Нүркен» өлеңін жатқа сұрау.

2-топ Зерттеу орталығы.
ә) Ізденіс жұмыстарын тексеру. Тақырыбы: «Қазіргі кездегі жаңа типтегі жаңа ұшақтар».

3-топ Жазу орталығы.
б) Шығармашылық жұмыстарын тексеру.Тақырыбы: «Жергілікті жердің батырлары мәлімет»

4-топ Өнер орталығы.
Нүркен Әбдіровтің ескерткіші неден жасалған. Қай қалада орналасқан.

Үй тапсырмасын қорыту.
1.Нүркен кім болған?
2.Ол туралы қандай қосымша мәліметтермен таныс болдың?
3.Ол қандай ерлік жасады?
4.Оны елі қалай бағалады?
5.Нүркен сияқты адамдарды кім дейміз?

Сергіту сәті.

3.Жаңа сабақты талдау.
Кіріспе: Мектеп мұражайына саяхат.- Сәлеметсіңдер ме жас достар?
- Бүгін мен сендерді мектеп мұражайымен таныстырғалы отырмын.(Мектеп мұражайындағы әңгіме.)

Бауыржан Момышұлының мұражайына саяхат.
Мағынаны тану.
Мұражай сөзіне түсінік беру.
Мұражай
1.Бұл не?
2.Мұражай дегеніміз не?
3.Мұражайдың қандай түрлері бар?
4.Кімнің мұражайы?
5.Қай жылы ашылған?
6.Ол туралы не білесің?
- Олай болса осы мұражай туралы Ермекгүл апаларың не дейді тыңдап көрелік.
Ермеккүл апай: - Сәлеметсіңдер ме балалар. Бауыржан аталарыңның музейіне қош келдіңдер.
Ермеккүл апайдың Бауыржан туралы әңгімесін тыңдау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Бүгін біз М.Ғабдуллиннің «Батыр Бауыржан» мәтінімен таныс боламыз.
- Ел басына күн туғанда халықтың ар - намысын қорғай білген, әрбір қазақ жауынгеріне ағасындай ақыл айтып көсем бола білген, Бауыржан аталарың туралы деректі әңгімемен танысамыз.
- Осы мәтінді оқу барысында Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді елді сүюді, ұлттық ар-намысты қорғай білуді үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс.
Автор туралы мағлұмат беру
М.Ғабдуллин соғыс басталғанда институтта оқып жүрген еді.
1941жылы 11 шілдеде соғысқа аттанды. Майданда генерал – майор И.В.Панфиловтың дивизиясында соғысты. Ол өз бөлімшесіндегі тәрбие жұмыстарына жауап берді. Ол К.Маркстың «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек», деген қағидасын ұстанды. Ол әр кез жауынгерлерге ақылшы жанашыр бола білді.

Бөлімдерді оқып беру.
Тізбектеп оқушыларға оқыту.
Түртіп алу әдісімен таныс емес сөздермен сөздік жұмысын жасау.
Деректі әңгіме – нақты болған оқиға туралы әңгіме.
Полк - әскери бөлімше
Бекініс – жаудан қорғанатын орын .
Бөлімдерге бөлу және ат қою.

1-Бөлім 1941ж Волоколамск стансасында.
2-Бөлім Қазақ командирлерінің жиыны.
3-Бөлім Қазақ баласы – ар мен намыс иесі.

Бөлімдер бойынша білімді тиянақтау жұмыстары.
1-Бөлім:- Оқиға қай кезде болған?
- Волоколамск қай жерде орналасқан ?
- 1941ж онда қандай оқиға болды ?
2 – бөлім: - Бауыржан жігіттерге не айтты ?
- Бауыржанның ақыл айту себебі неде ?
- Намыс дегеніміз не?
- Осы сөзге фонологиялық талдау жасаңдар.
Намыс
1. Жуан буынды сөз .Себебі сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан.
2. Бұл сөз на – мыс болып 2буынға бөлінеді.Себебі бұл сөзде 2дауысты дыбыс бар.
3. Бұл сөз бір жағдайда ғана тасымалданады. Себебі бұл сөзде екі буын бар.
4. Бүл сөзде екпін екінші буындағы «ы» дыбысына түсіп тұр.
5. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ.Себебі бұл түбір сөз.
6. Бұл сөзде дыбыс үндестігі жоқ. Себебі бұл сөз түбір сөз.

3 –бөлім:- Бөлімдегі мақал мәтелдерді тауып оқы.
- Олардың мағынасын түсіндір.
«Ел намысы – ер намысы» мақалына фонологиялық талдау жасау.
Ел намысы – ер намысы
1. Бұл не ?
2. Мақалдың анықтамасы?
4. Тақырыбы?
3. Бұл қай түріне жатады.
4. Мақалдағы негізгі ой не?
5. Осы мақалдың тәрбиелік мәні неде ?
Шығармашылық жұмыс.
- Батырлық пен ерлікті әр кезеңге іріктеп жаз.
1-кезең: Жоңғар
2-кезең: Ұлы Отан
3-кезең: Желтоқсан
Шапқыншылығы. соғысындағы. оқиғасындағы.

4-кезең Қазіргі қарапайым адамдардың ерлігі.
«Батырларға мәңгілік ескерткіш» ЭССЕ жазу.

Қорыту.
- Қазіргі кезде халқымыздың жағдайы қандай?
- Халқымыз қандай өмір кешуде?
- Ол ненің және кімнің арқасы?
- Дұрыс айтасыңдар қазір біз егеменді еркін елде бейбіт өмір кешудеміз.
- Ол бірлік пен татулықтың арқасында және Елбасымыздың сара саясатының арқасында жақсы өмір сүрудеміз.
Тәуелсіздік пен жасампаздықтың 20жыл.

Сурет бойынша «Батыр Бауыржан» деген әңгіме құрап жазып кел. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын білу.
БІЛІМДЕРІН БАҒАЛАУ.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×