Сайтқа кіру Тіркелу

Баяндауыш

Сабақ тақырыбы: Баяндауыш
Сабақ мақсаты: 1. Баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.
2. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, табиғат, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілік сезімдерін ұялату.
Сабақтың әдіс – тәсілі: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әдістері, көрнекілік, индукция, сұр – жауап, кубизм стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Тірек - сызба, мультимедия, дид. материалдар, дид. ойын құралдары
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту
Сабақ түрі: Сайыс сабақ
Пән аралық байланыс: Дүниетану, көркем жазу.
Сабақтың барысы:
1. Психологиялық икем
Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті,
Сәттіліке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын.
- Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық. Балалар, бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Ендеше келген қонақтарға өзіміздің білімдерімізді көрсетейік.
Оқушылар 2 топқа бөлініп отыр.
1 - топ: Алғырлар, 2 - топ: Тапқырлар. Екі топтың жұмысына баға беретін қазылар алқасы таныстырылады. Мына фигуралардың түсімен ұпай санын бағалайсыздар.
Әрбір дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.
5 ұпай – қызыл фигура
4 ұпай – жасыл фигура
3 ұпай – сары фигура
Сайыс 10 кезеңнен тұрады.
I - кезең: Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады)
II - кезең Кім білімді? (Үй тапсырмасын тексеру)
III - кезең: Білімді бекіту
IV - кезең: Жаңа сабақ
V - кезең: Қай топ жылдам? ( Ойын )
VI - кезең: Топқа тапсырма.
VII - кезең: «Аукцион ойыны»
VIII - кезең: «Баяндауышым қайда?» (ойыны)
IX - кезең: «Бәйге» (топ басшыларымен сайыс)
X - кезең: Қорытынды
- Жарыс болған соң бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Ұпай санын көп жинаған топ жеңіске жетеді. Сондықтан да бәріңізге жеңіс тілеймін, іске сәт.
- Ал, енді сайысты бастау үшін ортаға әр топтың топ басшыларын шақырамыз.
I - кезең: «Таныстыру»
«Алғырлар» тобы. Ұраны: Ұқыпты – ұтар,
Ізденген табар.
Оқыған - озар,
Еріншек тозар.
«Тапқырлар» тобы. Ұраны: Өнеріміз өрге жүз өнерде,
Білімдіміз, ойда оқу біздерде.
Мақсатымыз өнерлі боп,
Өнер білім тең таразы біздерге.
II – кезең: «Кім білімді?»
Үй тапсырмасы 34 - жаттығу. Суретке қарап әңгіме құра.
III – кезең: «Білімді бекіту»
Мақал
I - топ II – топ
Шешен сөз бастар, Ел жасымен көрікті,
Батыр қол бастар. Тау тасымен көрікті.
(Бастауышты тапқызып, ереже шығарту)
IV - кезең: «Жаңа сабақ»
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдемі етіп жазайық,- дей отырып, бүгінгі күн ретімен тақырыбын жазып алайық.
«Алғырлар» «Тапқырлар»
Жауын құйды. Күшік қыңсылады.
Оқу басталды. Үйрек жүзді.

Тірек - сызбамен жұмыс:

V – кезең: «Қай топ жылдам?»
35 - жаттығу.
Маусымдар
Қыс құнар береді, Жаз баптап өсірсе,
Көктем дән себеді. Күз жинап - тереді.
VI – кезең: “Топқа тапсырма“
36 - жаттығу.
«Алғырлар» «Тапқырлар»
Тырс - тырс! Тырс - тырс!
Жаңбыр кеп жауады, Жапырақ жылайды,
Тамшылар тамады. Жардан су құлайды.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып, жүгірді,
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
VII - кезең: «Аукцион» ойыны.
37 - жаттығу.
Мақсатымыз: Берілген сөздерге қатысты қимылды білдіретін сөздерді тауып айтамыз. Бұл сөздер сөйлемде қандай мүше болып тұрғанын табу үшін «аукцион» ойнаймыз.
Аукцион деген не?
Бір затты сатып алатын адамдар көп болса, оны саудаға салады.
Кім көп ақша берсе, соған сатылады.
Қазір көк базарға барамыз, одан өзімізге ұнаған заттарды ақшамызбен қоса біліммен сатып аламыз.
Міне, бір затты көрсетемін сатып алушылардың қайсысы осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді кім көбірек айтса соған сатылады.
ұлиды оқиды
ақырады жазады
Аңдар секіреді Оқушы жүгіреді
өрмелейді ойнайды

ұшады ағады
қонады Су қатады
Құстар сайрайды тасиды
жүзеді тартылады
Енді алған заттарыңды жоғары көтеріңдер, көрейін. Білімдерің өмірге жарапты, ұнаған заттарыңды алған екенсіңдер. Құтты болсын.
VIII - кезең: «Баяндауышым қайда?» ойыны.
38 - жаттығу. Кесте
Бастауыш
Баяндауыш
бұлт
жел
күн
ыдырап тарады
қуып барады
күлімдеп қарады
IX - кезең: «Бәйге»
Топ басшыларымен сайыс.
«Алғырлар» «Тапқырлар»
- Сөйлем мүшелері деген не? – Бастауыш дегеніміз не?
- Өнер алды -… …. …. …. ….. – Тіл тас жарады,
… …. ….. ….. …. …...
- Кім барлық тілде сөйлейді? Алманың жартысы неге ұқсайды?
(жаңғырық) (өзінің жартысына)
- Тұрлаулы мүше дегеніміз не? – Тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
- Cөйлемге тән тыныс белгілерді ата? – Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды?
(бос ыдыстан)
X - кезең: Қорытынды. «Кубизм стратегиясы»
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш сөйлемде қандай мүше болады?
- Баяндауыш сұрақтарын ата?
- Мына мақалдан баяндауышты тап?
- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін қазыларға береміз.
Бағалау.
Жалпы сыныптың сабаққа қатысу белсенділігін, І, ІІ - топтың жеңімпаздарын марапаттау.
«Алғырлар»- білімділігімен марапатталады.
«Тапқырлар»- алғырлығымен марапатталады.
Үйге тапсырма.
Күнделікті ашайық,
Үй тапсырмасын жазайық.
Баяндауыштан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.
39 - жаттығу. 83 - бет. Ереже жаттау. Сабақ аяқталды!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Баяндауыш, сайыс сабақ
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×