Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, сүйікті әліппем!

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты: 1) Оқушылардың Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру арқылы білімге деген ынтасын арттыру.
2) Инабаттылыққа, адамгершілікке, өнерге тәрбиелеу
а) Тақырыпқа байланысты суреттер
ә) Қанатты сөздер
б) Безендірілген сахна

Барысы:
І. Әнұран
1 - жүргізуші: Армысыздар, ата - аналар!
Армысыздар, балалар!

2 - жүргізуші: Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз

1 - жүргізуші: Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр - әніміз

2 - жүргізуші: Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ,
Әліппеміз қоштаспақ!

1 - жүргізуші: Ой білімі жаңғырып
Әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған

Екеуі: Құтты болсын, тойларың!

ІІ көрініс. Жетпіс пен жеті
(Үлкен кісі немересін ертіп мектепке келе жатады)
Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп?» - деп
Жетпіс келед сүрініп
Жеті келед жүгіріп.

- Балам, балам, жақсы бол,
Міне сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол, тентегім
Жеті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды үңіліп.
Қ. Аманжолов

Немересі жүгіріп мұғалімнің қасына келіп, қолындағы гүлін қстазына береді. Мұғалім балаға «Әліппе» кітабын ұсынады.

Мұғалім: Мектеп – анаң бүгіннен,
Мектеп – алтын босағаң
Мектеп берген біліммен
Марқаясың, жас ұлан!
Хор: Үйренеміз
1 - жүргізуші: Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппемен қоштаспақпыз.
2 - жүргізуші: Өзіміз кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті әңгіме, ертегілерді оқи аламыз.
1 - жүргізуші: Осы уақытқа дейін сурет салуды, ән айтуды, есептеуді, денемізді шынықтыруды үйрендік.

ІІІ. 1 - оқушы: Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып

2 - оқушы: Бар білімнің бастауын
Әліппеден бастадым
Үйренуге талпындым
Құлшынып балғын жас жаным

3 - оқушы: Мынау менің Әліппем (көрсетеді)
Көгілдір туым түсіндей
Ақылшы жақын досымдай
Қымбатты маған кісімдей.

4 - оқушы: Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымын, сәнімін

Хор: «Мен мектепке барамын»
1 - жүргізуші: Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық

2 - жүргізуші: Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық

5 - оқушы: Апа - ата атын сен
Бізге үйреттің Әліппе!
Бізге нағыз жақын сен,
Сенен білдік әріпті.

6 - оқушы: Біз жазамыз ана деп
Біз жазамыз дана деп
Біз жазамыз бала деп
Біз жазамыз қала деп

7 - оқушы: Әріптерді жаттаймыз,
Есте мықты сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де -
Атын, затын, түрін де

Хор: Әліппе әні
1 - жүргізуші: Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар
2 - жүргізуші: Ал, балалар, осы әріптерге төрден орын берейік

А әрпі: Ата - ананың тілегі
Адам болып өскенің
Адамдықтың тірегі
Адал болып өскенің

Ә әрпі: Ә деп ұзақ айтамын
Ә деп үйге қайтамын
Әкем, әжем, тәтеме
Әдемі ән айтамын.

Б әрпі: Балқаш деген көл екен,
Қазынасы көп екен
Байқоңырдан ғарышқа,
Көз тігемін алысқа

Ғ әрпі: Ғалым болып аламын
Ғаламға да барамын
Ғылым, білім, ілімді
Ғибрат еткен баламын

Д әрпі: Добым кетті домалап
Дәу алаңды жағалап
Достарымды шақырып
Ұстамақпын қамалап
Ж әрпі: Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жайнап жатқан жазықты
Жасыл баққа айналдыр

И әрпі: Игі істің иесі
Игі сөздің жүйесі
Игілікке жеткізер,
Ибалының киесі

Қ әрпі: Қайрат, қозылы
Қойды қораға қама
Құлынды қасқырға
Қалдырмай қадағалап қара!

Н әрпі: Наның – мәнің
Нарың – сәнің
Найзаң – қаруың
Намысың – аруың

О әрпі: Отан – менің ата – анам
Отан – досым, бауырым
Отан – өлкем астанам,
Отан – туған ауылым

Ө әрпі: Ой бал бөбек, бал бөбек,
Өнеріңді сал бөбек
Өлең айтып өзгеше
Өзің сыйлық ал, бөбек.

Т әрпі: Торғай, торғай, торғайсың
Табиғатты қорғайсың
Тентек төбет торыса,
Төбешікке қонбайсың!

Ұ әрпі: Ұлар, ұлар, ұлармын
Ұшқырлыққа құмармын
Ұлы болып ұлтымның
Ұйытқысы болып тұрармын

Ф әрпі: Фарида мен Фатима
Фотоаппарат алыпты
Фархад пенен Фатима
Фирмаларға барыпты

Ы әрпі: Ыдырыс - ау, Ыдырыс
Алдыңда үлкен бұрылыс
Жол тәртібін абайла,
Артыңда үлкен құрылыс

Ш әрпі: Шындықты сақтаймыз
Шыншылды жақтаймыз
Шаршы топ алдына
Шығарып мақтаймыз

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым
Өзі жазып, оқитын қалге жетті
Құтты болсын білім балалардың

Хормен: Тілашар
8 - оқушы: Анамыздай аялап
Ақылшы болған ұстазым
Өзіңнің ғана еңбегің
Бүгінде биік ұшқаным

9 - оқушы: Достастырған өзіңмен,
Ұстазыма мың алғыс!
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс

1 - жүргізуші: Бізді осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарға айтатын алғысымыз шексіз
2 - жүргізуші: Музыка пәнінің мұғалімі Ләззат апайға, ағылшын пәні мұғалімі Жанар, Марал апайларға, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Бейбіт апайға, бейнелеу пәнінің мұғалімі Нұрбол ағайға және сүйікті ұстазымыз Гүлфира Нұрсұлтанқызына

Хормен: Мың алғыс!
Хор: «Мұғалім ол біздің»

10 - оқушы: Әсем ою - өрнекпен
Көмкерілген Әліппем!
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем?

11 - оқушы: Білімге жолды бастаған
Әліппем саған, мың алғыс!
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған, мың алғыс.

Мұғалім: Балалар, сүйікті әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып,
Өзімізден кейінгі болашақ оқушы бауырымызға табыс етеміз.

Алты жасар балаға Әліппені табыс етеді
Хормен: Әліппе

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне, балаңыз

1 - жүргізуші: Бәрімізді сүйІп өткен
2 - жүргізуші: Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Екеуі: Бас иеміз құрметпен!
Хормен: Рахмет саған, Әліппем!

Мубина: Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!

Ислам: Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, доста! Ән – жырмен орта толсын

Мубина: Өнерпаздар жарысып сан салалы
Өнер десе, ән десе жан салады

Ислам: Бүгінгі мерекенің құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады

Мубина: Мерекеміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты

Ислам: Мың бұралып бишілер би билейді
Халайық, қол соғыңыздар мархабатты
Шахназымның биін тамашалаңыздар

Мубина: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй – деп Абай атамыз айтқандай келесі тыңдайтындарыңыз Саиын Хорланның орындауында

Ислам: Келесі тамашалайтындарыңыз Аружан мен Гүлжанның орындауында испан биі
- Қол соғып, қарсы алайық!

Мубина: Ән өмірдің айнасы,
Тиеді көп пайдасы

Ислам: - Құрметті қонақтар! Енді сіздер сыныбымыздың өнерпазы Қасқырбек Досымжанның және сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар!

Мубина: - Құрметті ұстаздар! Ата - аналар! Бүгінгі біздің «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті
Ислам: - Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын дейміз
Екеуі: Қош сау болыңыздар!

ІІ көрініс. Жетпіс пен жеті (үлкен кісі немересін ертіп мектепке келе жатты)
Автор: Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп
Келе жатыр көшеде,
«Қайда әлгі мектеп?» - деп
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп

Автор: Жетті кетті жүгіріп,
Жетпіс қалды үңіліп

70 жастағы шал
- Балам, балам, жақсы бол,
Міне сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол, тентегім

Мубина
• Армысыздар, ата - аналар!
Армысыздар, балалар!

• Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр - әніміз

• Ой білімі жаңғырып,
Әліппедене мәңгілік
Әріптерді таныған
Өңкей білгіш, балдырған

• Құтты болсын, тойларың!
• Бүгінгі қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан Әліппемен қоштаспақпыз
• Осы уақытқа дейін сурет салуды, ән айтуды, есептеуді, денемізді шынықтыруды үйрендік.

• Жақсы білім – көрімдік
Болсын сізге халайық
• Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар

• Бізді осындай дәрежеге жеткізген ұстаздарға айтатын алғысымыз шексіз
• Бәрімізді сүйіп өткен
• Бас иеміз құрметпен!
• Мерекеміз бүгінгі құтты болсын!
Әрқашан мерекелік көңіл болсын!

• Өнерпаздар жарысып сан салалы
Өнер десе, ән десе жан салады.

• Мерекеміз өтіп жатыр салтанатты
Төгілген күн нұрының шапағаты

• Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй – деп Абай атамыз айтқандай тыңдайтындарыңыз Саиын Қорланның орындауында
• Қол соғып, қарсы алыңыздар!

• Ән өмірдің айнасы,
Тиеді көп пайдасы.
• Құрметті ұстаздар! Ата - аналар! Бүгінгі біздің «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті.

• Қош, сау болыңыздар!
Ислам
• Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз

• Өтті оқу, сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достассақ
Әліппеміз қоштаспақ!
• Құтты болсын тойларың

• Өзіміз кез келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті әңгіме, ертегілерді оқи аламыз.
• Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық
• Ал, балалар, осы әріптерге төрден орын берейік!

• Музыка пәнінің мұғалімі Ләззат апайға, ағылшын пәні мұғалімі Жанар, Марал апайларға, өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Бейбіт апайға, бейнелеу пәнінің мұғалімі Нұрбол ағайға және сүйікті ұстазымыз Гүлфира Нұрсұлтанқызына

• Мың алғыс!
• Балаларға үйреткен
• Әліппе мен ұстазға
• Бас иеміз құрметпен!

• Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар! Ән - жырмен орта толсын

• Бүгінгі мерекенің құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады
орындауында

• Мың бұралып бишілер би билейді,
Халайық, қол соғыңыздар мархаббатты
Шахназымның биін тамашалаңыздар

• - Құрметті қонақтар! Енді сіздер сыныбымыздың өнерпазы Қасқырбек Досымжан және сынып оқушыларының өнерлерін тамашалаңыздар.

• - Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет! Көріскенше күн жақсы болсын дейміз.
• Қош сау болыңыздар!

Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×