Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
1. толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы:
2. логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, өзін - өзі бақылауды, бағалауды үйрету.
Тәрбиелілігі:
3. оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру; қиялын ұштай білу; Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, дидактикалық ойындар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану
Көрнекілігі: слайдтар, деңгейлік тапсырма парақтары
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Кезекшінің мәліметі
Психологиялық даярлық
Балалар, бүгінгі ауа райы бұлтты, жаңбырлы болғанмен біздің көңіл күйімізге еш әсер етпейді. Себебі "Алтын күн" бізде қонақта, ол бізге арнаған тілегін өлең жолдарымен білдіргісі келеді.
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын!
Күнделікке бүгін
Кілең бестік толсын.
2. Үй тапсырмасын тексеру 121 - сабақ № 4
«Өзіңді - өзің тексер» слайд арқылы
4. Ой ширату
«Үндемес» ойыны арқылы балалар берілген өрнектердің мәнін стикерге жазып көрсетеді. Бүкіл сынып қатысады.
2+3+4=
6+3 - 7=
2+3+4=
5+3 - 8=
20+30=
60 - 30=
40+50=
80 - 30=
а+30=50
а+3+5=10
1дм - 7см =
а - 30=50
5. Көркем жазу
- Балалар, бүгін аптаның қай күні? Жұма, яғни аптаның бесінші күні, демек, біз бүгін бірлігі 5 - ке тең болатын екі таңбалы сандарды көркем етіп жазамыз. Жазу ережесі пысықталады.
15 25 35 45 55 65 75 85 95
Бұл сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Бірліктері бірдей, ондықтары әртүрлі...
Барлық оқушы жазып болғанша екі таңбалы сандарды өсу, кему ретімен санау дағдысы тексеріледі. Мысалы, 21, 31, 41, 51, 61, 71, 81...; 78, 68, 58, 48, 38, 28, 18
6. Ондықтарды қосу және азайту
Электрондық оқулықтың түсіндірмесі тыңдалады.
7. Бекіту Оқулықпен жұмыс
№ 1 Қалып қойған ондықтарды тап
10,...,..., 40,...,..., 70,...,..., 100;
100,...,...,..., 60,...,..., 30,...,...;
..., 30,...; 50, 60,...; 60, 70,...;
8. «Адасқан әріптер» ойыны арқылы қосу, азайту амалдары және қосудағы, азайтудағы сандардың атаулары қайталанады.
қсоу - қосу; зтйаау - азайту; сқғышолы - қосылғыш; зғйшааы - азайғыш;
атшзйқаы - азайтқыш;
9. Есеп құрастыру, тақтада жазу
а) Ақботада – 5 асық------------ә) Ақботада – 5 асық
Димашта – 4 асық---------------Димашта –?, 4 - еуі >
Ш: 5+ 4 = 9-------------------------------Ш: 5+ 4 = 9
Ж: барлығы 9 асық------------Ж: Димашта 9 асық бар
10. Толық ондықтармен төрттік мысал құрастыру
30 + 20 =
20 + 30 =
50 - 20 =
50 – 30 =
40 + 30 =
30 + 40 =
70 - 40 =
70 – 30 =
50 + 20 =
20 + 50 =
70 - 20 =
70 – 50 =
60 + 30 =
30 + 60 =
90 - 30 =
90 – 60 =
11. Сергіту сәті «Бурундук биі» қимылын қайталайды.
Қарашы, балақай,
"Ақылды" тақтаға.
Сергіп бір қаласың,
Би биле, тоқтама.
12. «Қатесін тап» ойыны арқылы есептің шешуіндегі, жауабындағы қателерді табады.
Қыз бала - 6?, артық
Ер бала – 4
Ш: 6 - 4 = 2
Ж: барлығы 2 қыз дұрысы Ж: 2 қыз бала артық
Болды – 60 тг
Жұмсады – 20 тг
Қалды -?
Ш: 60 + 20 = 80 дұрысы 60 – 20 = 40
Ж: 40 тг қалды
Ағасы – 30 жаста
Інісі –?, 10 жас кіші
Ш: 30 – 10 =20
Ж: інісі 20 жас кіші дұрысы Ж: інісі 20 жаста
13. Жұмбақ санды тап
80 +... - 40 = 60
60 + 20 -...= 70
90 - 20 - 60 = 10
40 - 20 =...- 30
20 + 20 = 30 +...
90 - 20 =60 +...
14. Рефлексия, оқушының өзін - өзі бағалауы
- Балақай, бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Өзіңді - өзің қалай бағалайсың?
1. Егер барлық тапсырманы өзім дұрыс орындадым десең "1" деген санды стикерге жазып көрсет.
2. Егер кейбір тапсырмаларда қате жібердім десең, "2" санын жазып көрсет.
3. Егер маған тапсырмаларды орындау қиын болды десең, "3" санын жазып көрсет.
Сыныптағы 25 оқушының 18 - і «1» деген санды, 6 - ы «2» деген санды, тек 1 ғана оқушы «3» деген санды көрсетті.
15. Үйге тапсырма
а) Деңгейлік тапсырмалар
ә) 12 - сабақ 2 - мысал, 4 - тапсырма
Ондықтарды қосу және азайту
- загира
- 29 сәуір 2014
- 10511
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан ашық сабақ жоспары, ондықтарды қосу және азайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тік төртбұрыштың қасиеті
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: тік төртбұрыш жайында түсінік беру; тік төртбұрыштың қасиетін анықтау; есепті әр түрлі тәсілмен шығару; Дамытушылығы:...7 санын қосу және азайту
ШҚО, Семей қаласы, «№ 22 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Мамырбекова Анар Серикказиновна...Математика 1 сынып. 10 көлеміндегі қосу және азайту
Қызылорда қаласы, №211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Айдаболова Қаракөз Батырханқызы...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Ондықтарды қосу және азайту
Атырау қаласы №35 мектеп-гимназиясы Мухадиева Жанат Шәріпқызы Математика 1-сынып...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.