Сайтқа кіру Тіркелу

Мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаты:
1. Үй жануарларын бағу және өсіру ерекшеліктерімен таныстыру, өлкеміздегі мал шаруашылығы дамуы туралы білім беру.
2. Танымдық жұмысты, белсенділікті арттыру, шаруашылық салалары туралы білімдерін дамыту.
3. Еңбекшілдікке, төзімділікке, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, қамқорлық сезімін ояту
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бүктемелер, «Ғажайып киіз үй», асықтар.
Техникалық құралдар: интерактивті тақта, слайд.
Сабақта қолданылған әдістер: Топтастыру,
Пәнаралық байланыс: Биология, география, тарих, халықтық педагогика.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық.
2. Жаңа сабаққа кіріспе.
Жұмбақтар шешу:
1. Өзі үлкен жануар,
Үстінде екі тауы бар.
(Түйе)
2. Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
3. Дауысы азанда,
Жақсылығы қазанда.
(Сиыр)
4. Таптым - таптым тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.
(Түйе)
Құс өсіру - құс шаруашылығы.
Ара өсіру - омарташылық.
Балық өсіру - балық шаруашылығы.
Мал өсіру - мал шаруашылығы.

Тақтада: жайылым суреті, шабындық жер, төрт түлік төлдерімен жайлаудағы мал.
Жылқы шаруашылығы: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, СҚО - да дамыған.
Сиыр - Ірі қара мал. Қазақстанның барлық жерінде дамыған.
Түйе Қазақстанның батыс аудандарында жақсы дамыған. Қазақстанның Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Алматы облыстарында өсіріледі.
3. «Адасқан төлдер» ойыны.
Төлдер: ----- Құлыншақ ------- Ботақан ---------- Бұзауқан --------- Қошақан
Пірі: ----------- Қамбар ата --------- Ойсыл қара ----- Зеңгі баба ------- Шопан ата
Қалай шақырады: - Құрау - құрау --- Көс - көс -- Әукім - әукім - Пұшайт –пұшайт
4. Мәтінмен жұмыс.
5. Сергіту сәті.
6. «Ғажайып киіз үй» тапсырмаларды орындау.
1 асық - төрт түлік мал туралы қандай өлең немесе ән білесіңдер?
2 асық - мақал - мәтел айту.
3 асық - малдың пайдасын айту.
4 асық – сүттен жасалған тағамды айту.
Жылқы өнімдері:
Қазы, қарта, жал, жая,
Сүрет, шұжық балдай, ә?!
Қақтыратын таңдайды
Бал қымызы қандайды!
Түйе өнімдері:
Маң - маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан,
Шөл даланың кемесі
Төрт түліктің төресі
Дертке дауа болатын
Шұбаты бар киелі.
Қой өнімдері:
Мал өсірсең – қой өсір
Өнімі оның көл көсір,
Кисең киім, ішсең ас,
Іздесең мұндай табылмас.
Сиыр өнімдері:
Ыстық - ыстық сүт ішсең,
Дәмі кетпес таңдайдан
Бой жадырап кенеттен
Буы шығар маңдайдан
Малды бақсаң, сиыр бақ
Сүт кетпейді шарадан.
- Ендеше, балалар, мына парақшадағы тапсырмаларды орындайық.
1. Мал шаруашылығы
2. Суреттер бойынша жұмыс.
3. Төрт түліктің пайдасы
7. Дәптермен жұмыс
Төрт түліктен алынатын өнімдерді жазу
Ет, жүн, тері, сүт
Әр оқушының жауаптарын толықтырып отыру.
8. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта қандай шаруашылықпен таныстық?
- Төрт түліктің қандай пайдасы бар?
- Сонымен, мал шаруашылығына нелер жатады?
- Қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, түйе шаруашылығы, сиыр шаруашылығы.
9. Үйге тапсырма.
Түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру.
10. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×