Сабақтың тақырыбы: Ғ. Қайырбеков. «Алғашқы қоңырау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды «Алғашқы қоңырау» өлеңімен таныстыру. Оқушыларға өлеңнің мәнін ашып, мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Қазақ даласына білім ошағын жаққан ағартушы - ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері туралы оқушылардың түсінігін, білімін тереңдету, мәнерлеп оқуға үйрету, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Ы. Алтынсарин, Ғ. Қайырбеков портреттері, кітаптар көрмесі, Райымбек, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Абылай хан. Интерактивті тақта.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың түрі: семинар сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
Мұғалімдермен амандасу
Үлкенге де, сіз, Кішіге де, сіз, Құрметпен сіздерге
Сәлем бердік, біз, Сәлематсыздар ма, апайлар!
Түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Райымбек бастауы» әңгімесі мазмұнын айту. 3 - 4 оқушыдан толық мазмұнын сұрау. Сұрақтар беру.
1. Райымбек сарбаздары неге тап болды?
2. Райымбек қандай шешімге келді?
3. Ол Көкойнақты жетектеп қайда бет алды?
4. Көкойнақ неге оқыранып жіберді?
5. Райымбек неге қуанып кетті?
6. Су шыққан бастау қалай аталады?
- Балалар «Өнегелі өмір» тарауынан бүгінге дейін біз кімдер туралы оқып білдік?
- Батырлар туралы. Абылай туралы.
- Абылайдың бала күнгі есімі кім болған?
- Сабалақ деп кім қойған? (суреті шығады Төле би)
- Кім деген батырларды білесіңдер?( балалар жауабынан соң суреттері шығады)
ІІІ. Жаңа сабақ: Күннің жады. Ғ. Қайырбеков «Алғашқы қоңырау»
1.- Кіріспе әңгіме.(суреті)
- Балалар, біз бүгін Ғ. Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңімен танысамыз.
Ақын Ғ. Қайырбеков 1928 жылы Торғай қаласында дүниеге келген. 1952 жылы
Алматыда Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Одан кейін «Жазушы»
баспасы «Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс жасаған. 1954 жылы алғашқы
«Құрдастар» кітабы жарық көрді, онда әртүрлі тақырыпта өлеңдер, поэмалар
жазған(. Ғ. Қайырбековтың өлеңдер жинағын көрсету.)
2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу, түсіндіру.(Ы. Алтынсарин суреті)
Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай облысы, Торғай ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде болған
1864 жылы 8 қаңтарда Торғайда алғашқы мектеп ашты. Мектеп ашылғанда қазақ даласына білім келді. Онда ең бірінші 14 қазақ баласы ғана оқыды.
Ы. Алтынсарин қазақ балаларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық, «Кел, балалар оқылық!» өлеңін жазды.
Қазақ даласына осыдан 148 жыл бұрын қоңырау соққан алғашқы ұстаз Ы. Алтынсарин. Ұстаздың ашқан мектебі осы Торғай жерінде күні бүгінге дейін сақтаулы..
Ы. Алтынсарин балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер, орыс тілінен аударып мысал өлеңдер жазды. Ы. Алтынсариннен кейін оның шәкірттері Спандияр Көбеев пен А. Байтұрсынов мектеп ашып, оқулық жазды. Олар ұстаздарының ізбасарлары еді. (кітап көрмесі) 3. Оқушыларға өлеңді тізбектей оқыту.
4. Өлеңді (барлық оқушыға) бір жолдан жаттату.
5. Дәптермен жұмыс. Орны ауыстырылып берілген мақалдарды дұрыс құрастырып жазу.
1. Азбайды, тозбайды. Ақыл, білім.
2. Білім бітеді, басқа, Қына бітеді, тасқа.
3. Аты, өлмейді, жақсының, Хаты өлмейді ғалымның.
VI. Жаңа сабақты бекіту
V. Тест жүргізу.
Тест.
1. Қай өлең Ы. Алтынсариндікі?
а) Отан туралы.
ә) Кел, балалар оқылық!
б) Күн шыққанда.
2. Қай өлең жолын Ыбырай Алтынсарин өлеңінен оқыдыңдар?
а) Әсемпаз болма, әрнеге.
ә) Ғылым таппай мақтанба.
б) Бала, бала, бала!- деп
3. Қазақ балаларына білім әкелген алғашқы ұстаз кім?
а) Абай.
ә) Ыбырай.
б) Абылай.
8. Поэзия минуты: Ыбырайдың бір өлеңін жатқа оқу.
VI. Сабақты қортындылау, сұрақтар беру.
1. Алғашқы қоңырау өлеңінің авторы кім?
2. Өлең кім туралы?
3. Ыбырайдың ізбасарлары кімдер?
4. Ыбырай өз өлең, әңгіме, ертегілерінде жастарды неге шақырды?
VII. Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу. Ыбырай туралы реферат жазу.
VIII. Бағалау.
Алғашқы қоңырау
- gulnaraa
- 2 сәуір 2014
- 9660
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қайырбеков, Абылай хан, алғашқы қоңырау өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсарин
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, «Арқалық түзеу мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Капарова Жазира Камаевна...Алғашқы қоңырау. Ғ. Қайырбеков
Атырау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектеп Досмагамбетова Жаңылсын Қабдоллақызы...Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...Дала жұлдызы (3 сынып ана тілі)
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сабырахынова Анеля...Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Пәні: Әдебиеттік оқу Сабақ тақырыбы:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.