Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы. 4 сынып
Сабақтың мақсаты: оқушылардың сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы алған білімдерін жинақтап, жүйелеу;
Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөз қорын молайту, тілін дамыту. Мағыналы сөйлем құруға дағдыландыру;
Ұқыптылық пен жинақылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу.
Көрнекілік: слайдтар, қима қағаздар.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
«Орманға саяхат»
а) Көркемжазу сәті
Шәкірт кездегі,
Білімнің безбені. (баға)
ә) 41 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлем мүшесіне талдау. Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі екенін айту.
«Орманның асқақ ағаштары»
(қарағай, қайың, көктерек, шетен)
*Бұл – биік, алып ағаш. Әлемнің көптеген халықтары оны сиқырлы, бақыт әкелуші, қауіп - қатерді қуатын қасиеті бар деп сенген. Ағашты ата.(қарағай)
*Бұл – ағаштың қабығын сарбаздардың етігіндегі ұлтарақ арасына салған. Көмір дәрісін дайындаған, Моншаға одан жасалған сыпырғышпен барып шомыласың, шырынын ішесің. Ағашты ата (қайың)
*Бұл – халық медицинасында кең қолданылады. Қазіргі кезде сіріңке мен фанер жасауға қолданады. Ағашты ата (көктерек) *Бұл – көктемде көгереді, жазда сарғаяды, күзде қызарады. Қыста құстарға қорек. Ағашты ата.(шетен)
б) 42 - жаттығу. Суреттерге қарап, сөйлемдердің күрделі мүшесін тауып жазу. Сөз табын анықтау.
«Аңыздар гүлдейді»
(інжугүл, көктікен, тұңғиық, венераның кебісі)
Грек тілінен аударғанда «Мамырда гүлдейтін қыр лалагүлі». Аңыз бойынша ол көктемге ғашық болған, ал жаз шығып көктем кеткенде, ол көз жасын көлдетіп төккен. (інжугүл) Венераның кебісі – сұлулық құдайы Венера батпақтардың үстімен келе жатып сүрініп кеткен. Аяғындағы бір кебісі жоғалып қалған. Бұл Қызыл кітапқа енген гүл. (венераның кебісі)
в) 43 - жаттығу. Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау. Күрделі мүшенің қай сөз табынан екенін айту.
«Саңырауқұлақ жаңбыры»
(майқұлақ, шыбынжұт, ақ саңырауқұлақ, арыш, түлкішек)
*Бұл - бұл көп таралған саңырауқұлақ. Топ болып өседі. Жеуге жарамды. (майқұлақ)
*Бұл – бұл жеуге жарамайды, бірақ пайдасы көп. Өкпе ауруы – туберкулезді, ревматизмді емдеуге болады. қарағай мен шыршаға қорек болады. (шыбынжұт)
Қай саңырауқұлақ орман жануарымен аттас?
(........)
Балақай қарашы,
Бір түзу аяқты.
Қалпағы қып - қызыл,
Шашылған ақ тары.
(........)
г) Сергіту сәті «Әуенге ілесіп билеу»
ғ) 44 - жаттығу. Өлеңнен дара және күрделі мүшелерді тауып, олардың бір - бірінен өзгешелігін дәлелдеу.
«Жидектер»
(бүлдірген, таңқурай, қожақат, қаражидек, итбүлдірген)
*Бұл – таңқурайға ұқсайды, бірақ жидектері қара түсті. (итбүлдірген)
*Бұл – дәмді жидек, бірақ жеп болған соң аузың қап - қара түске боялады. (қаражидек)
д) 43 - жаттығу. Берілген күрделі мүшелерді қатыстырып сөйлем құрау.
«Орман тұрғындары»
(аю, қасқыр, түлкі, бұғы)
*Бұл – ұзындығы 2, 5 метр, салмағы 500 кг. Жәй жүреді. Сақ. Қорегі түрлі: тамырлар, өсімдік жуашығы, саңырауқұлақ, жидек, ұсақ кеміргіштер, бақа, құс жұмыртқасы мен балапан, балық. Қыстыгүні балалайды.(аю) *Бұл – ірі жыртқыш. Ізіне қарап топта нешеу екенін ажыратуға болмайды. Артында келе жатқаны алдыңғының дәл ізінен басады, шатаспайды. (қасқыр)
*Бұл – жануардың ұзын сирақтары 90 см қардың үстінен жүруге мүмкіндік береді. (бұғы)
ІV. Үйге тапсырма: 46 - жаттығу
V. Қорытынды бөлім.
Бағалау.
Жер – біздің ортақ үйіміз.
Орман - ауа фабрикасы. Балалар, оны қорғауымыз және сақтауымыз керек.
Жаттығу жұмысы
- санжан
- 25 наурыз 2014
- 199903
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, 4сынып, жаттығу жұмысы
Ұқсас жаңалықтар:
Дара және күрделі сын есім
Мақсаты: 1). Оқушылардың сын есім жайлы алған мағлұматтарына сүйене отырып, ұғымдарын кеңейте түсу, сын есімнің дара және күрделі түрлерімен...Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады....Сөйлем мүшелері
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нуксарина Альмира Кабдуалиевна...Дара және күрделі етістіктер
Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.