Сайтқа кіру Тіркелу

Дара және күрделі етістіктер

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен таба білуге дара, күрделі етістіктерді бір - бірінен ажыратуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, сауатты жазуға қалыптастыру. Шығармашылық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Әрбір істі сапалы, ұқыпты орындауға, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс, ой ашар, ой толғаныс
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, тірек - сызба. «Құстарға көмек» ойыны, «Сәйкестендіру» тесті
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
2. Үй тапсырмасын тексеру
330 - жаттығу. Ауызша оқытып, етістікті табу.
3. Жаңа сабаққа кіріспе. Ертегімен жалғастыру. Ерте, ерте, ертеде «Қазақ тілі» деген елде «Сөз табы»деген ақсақал өмір сүріпті. Ақсақалдың тоғыз ұлы болыпты. Балалары бір - бірімен тату, ұйымшыл тұрған екен. Сендер танисыңдар, кәнекей есімізге түсірейікші.
Слайд:
Сөз таптары
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Алдыңғы сабақта ақсақалдың «Етістік» деген ұлымен таныстық.
- Етістік туралы не білеміз?
Тірек - сызба: / слайд/
Етістік
Қимылын, іс - әрекетін Не қылды? Қайтті? Не істеді?
4. Жаңа сабақ
Етістіктің егіз баласы болыпты. Бүгінгі тақырыбымыз дара және күрделі етістіктер
Дара, күрделі етістік туралы мағлұмат беріп, сөйлем ішінен дара, күрделі етістікті таба білу.
Ой ашар: Жұмбақ шешу.
Барлық жемін бітеудей асайды
Әйтсе де ұзақ жасайды. /құс/
- Балалар, құстың қимылына байланысты сөйлем құрастырайық
Құс ұшты. Құс ұшып жүр.
Құс қонды. Құс қонып отыр.
- Айырмашылығы қандай?
Ереже шығару. Дара етістік бір сөзден, күрделі етістік екі немесе одан да көп сөздерден тұрады./ интерактивті тақтада жазу/
Етістік
Құрамына қарай
Дара Күрделі
- Ақсақалдың баласы Етістік құстарға жақын болыпты. Жыл құстарын асыға күтіп жүреді екен.
«Құстарға көмек» ойынын ойнаймыз.
Жылы жаққа ұшып келе жатқан құстардың тапсырмаларын орындау арқылы ұяға қондыру қажет.
/Слайд/ Тырнаның тапсырмасы:
5. Оқулықпен жұмыс
Тырнаның тапсырмасы оқулықтың 116 - бетіндегі 331 - жаттығуға көңіл бөлейік.
1 оқушы тапсырмасын оқиды. Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жазу.
Түйе адамға өте пайдалы. Ол шөлге шыдамды. Ыстықта, суықта жүре береді. Шұбат - шипалы сусын.
Тақтамен жұмыс
Әр сөйлемді бір оқушыдан шығып орындап, етістікті тауып дара, күрделі екенін йатады.(Құсты ұяға әкеліп орналастыру)
«Ұйқасын тап» Қаздың тапсырмасы /слайд/
Қарындашты қолға аламын,
Әдемі сурет...
Жемістер де пісті,
Жерге үзіліп...
Арба сықырлап жүреді,
Ит арсылдап...
(Қазды ұяға қондыру)
Үйректің тапсырмасы: 332 - жаттығу. Оқушы тапсырмасын оқиды. Жаңылтпашты жатқа жазу.
6. Өзіндік жұмыс. Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
/Оқушылар бір - бірін тексеріп бағалайды.
Түбіт туралы оқушылардың ойын тыңдау. Түбіт сөзінің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты байқау.
Түбіт сөзі айтылуы кезінде үндестік заңы бойынша і дыбысы көрші тұрған дыбыстардың әсерінен естілмей қалады.
/Бейнетаспадан түбіт туралы түсінік беріп өту./
Үйректі ұяға қондыру
7. Шығармашылық жұмыс. Сурет бойынша әңгіме құрау.
/Слайд/
1. Тақырып қою.
2. Әңгіме құрастыру
Қарлығашты ұяға қондыру.
8. Тест «Сәйкестендіру» Тоқылдақтың тапсырмасы
Интерактивті тақтамен жұмыс
Бардым Келе жатыр
Келді Сайрап отыр
Сайрады Барып едім
Көрді Көріп тұрмын
/Оқушылар тақтаға келіп орындайды./ Тоқылдақты ұяға қондыру
9. Сабақты бекіту
Ой толғаныс
- Бүгінгі сабақта етістіктің қандай түрімен таныстық?
- Дара етістік неше сөзден тұрады?
- Күрделі етістік неше сөзден тұрады?
10. Үйге тапсырма: 333 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз,
11. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×