Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері.
Мақсаты:
Білімділік: Зат есім туралы алған білім, білік дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру; оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра білуге үйрету; қосымшаларын ажырата білу және дұрыс жалғай білу.
Дамытушылық: Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
Тәрбиелік: Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі, деңгейлік тапсырмалар.
Қолданылатын технология: Блум таксономиясы
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ана тілі, математика, бейнелеу.
Көрнекілігі: интерактивтітақта, слайдтар, ребус.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастырукезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру
3. Психологиялық дайындық
- Мақсатымыз, білім алу,
Міндетіміз, еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»- ке қолды жеткізу
4. Жұмбақтың шешуін табу арқылы саяхат сабақты бастау.
ІІ. 1. Үй жұмысын тексеру (Кеме капитанының тапсырмасы)
397 - жаттығу
2. Өтілген материалды қайталау, пысықтау.
«Күннің көзін» бұлттан арылту ойын - жаттығуы арқылы өткен сабақтан алған білімдерін пысықтау.
Ойынның шарты: Күннің көзін бұлттар жауып тұрады. Әр бұлттың артында сұрақтар жазылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Нәтижесінде күн ашылады.
- Балалар, біз күнді бұлттан арылттық. Экранға назар аударайық. Күн деген сөз «бір күн» деген, бұлттар деген сөз «көп бұлттар» деген ұғымды білдіреді. (Яғни зат есімнің жекеше, көпше түрі туралы толық түсінік беру)
3. ІІІ. 1. Жаңа сабақ (Блум таксономиясы бойынша жүргізіледі.)
Білім.
( Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды)
2. Дәптермен жұмыс
а) Күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазу.
ә) Көркем жазу жұмысын жүргізу. «а» дыбысынан басталып, «а» дыбысынан аяқталатын зат есімдерді жазу. Мысалы: ара, ата, аға, апа, ана.
Саяхатты жалғастыру.
3. Оқулықпен жұмыс.
400 - жаттығу.(акуланың тапсырмасы)
Сурет бойынша жұмыс. Суреттегі заттардың атын атап және санын анықтау. Олардың бір - бірінен айырмашылығын тапқызу.
Түсіну.
(Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады)
Саяхатты жалғастыру.
401 - жаттығу (айсбергтің тапсырмасы) Қарамен жазылған сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстыру.
- Балалар бұл қай ақынның өлеңі?
- Әнуарбек Дүйсенбиев.
- А Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
- А. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны Ә. Дүйсенбиев Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдері бар. Дүйсенбиевтің өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.
4. Ережемен таныстыру, оқыту.
5. Сергіту сәті
Ал, балалар, тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Қолдану.
(Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, біртіндеп бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді)
Саяхатты жалғастыру.
402 - жаттығу (теңіз қарақшыларының тапсырмасы)
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жазып, көпше түрдегі зат есімдердің астын сызу.
ІV Сабақты бекіту
Саяхатты жалғастыру.
Талдау.
(Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету, бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.)
Шығармашылық жұмыс
403 - жаттығу. (кемені теңіз дауылынан құтқару)
1 - қатар Ребусты шеш. Шешуіне сұрақ қой. Зат есімнің қай түріне жатады?
2 - қатар Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра
3 - қатар Суретін сал
Жинақтау.
(Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау. Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.)
404 - жаттығу («Жарқын болашақ» аралына жету)
«Кім тапқыр?» ойыны арқылы жүргізіледі. Ойынның шарты: берілген көптік жалғаулары жалғанатын сөздерді табу.
7. Үйге тапсырма: 405 - жаттығу
V. Сабақты қорытындылау
- Балалар, біз бүгін не білдік? Не үйрендік? Не көрдік?
(оқушылардың жауабы)
- Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы - білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «Біз әлі кішкентаймыз» демей, осы күннен бастап білімді болуға уәде бере отырып, жарқын болашаққа нық қадам жасаймыз.
Бағалау
(Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
- санжан
- 9 наурыз 2014
- 7254
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілінен ашық сабақ, зат есім, жекеше, көпше түрі
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жекеше, көпше түрі
Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді, көпше түріне айналдыра білуге үйрету Сабақта алған білімін жаңа сабаққа байланысты берілген тапсырмаларды...Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы, Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бегжанова Санжан Мертеевна...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Молдашева Айгул Хабесқызы...Зат есімнің жекеше және көпше түрлері
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...Зат есімнің жекеше, көпше түрі 2-сынып
Павлодар қаласы Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Жомартова Назым Нурхасымовна бастауыш сынып мұғалімі Қазақ тілі 2 «В» сынып Сабақтың тақырыбы: Зат...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.