Сайтқа кіру Тіркелу

Жаттығу жұмысы

Сабақтың тақырыбы: Жаттығу жұмысы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Зат есім туралы алған білім, білік, дағдыларын еске түсіре отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау, бір жүйеге келтіру, жинақтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Дамытушылық:
Сөйлеу тілін, ой - өрісін дамыту. Берілген сұраққа тиянақты жауап беру, танымдық қабілетін дамыту. Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.
3. Тәрбиелік:
Сауаттылыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Жан – жануарларды қорғауға, табиғатты сүюге баулу.

Қолданылған технология: « Блум таксономиясы»
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ - жауап, салыстыру - ажырату, ойын әдісі
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. а) Сәлемдесу
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбектену арқылы,
«5»- ке қолды жеткізу.

- Жарайсыңдар! Әрине бүгінгі сабақта «5» алатындарыңа сенімдімін. Мен сендерге
тағы жұмбақ қойғалы тұрмын.
- Аң - құстардың мекені,
Ағашы оның көп еді.
Шешуін кім біледі? (орман)

- Олай болса, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Біз бүгін орманға саяхатқа шығамыз.
Орманға немен барған ыңғайлы? ( автобуспен)

- Оны неге таңдадыңдар? (Себебі, бәріміз бірге барамыз)
- Ендеше қысқы орманға саяхатымызды бастайық. Балалар, қараңыздаршы қоян біздің
жолымызды бөгеді. Ол бізге берген тапсырмаларын орындасақ жолымызды ашатынын айтып тұр. Кәне, берілген тапсырмаларды орындайық.

(Қоянның тапсырмасы «Үй жұмысын тексер».)
4. Үй тапсырмасын тексеру
306 - жаттығу

5. «Ойлы болсаң озып көр» - қоянның тапсырмасы. Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру.
ІІ. Жаңа сабақ. «Блум таксономиясы» бойынша жүргізіледі.

Білім.
(Берілген жаңа түсінікті ұғу, есте сақтау, бұрынғы білімді еске түсіру. Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, ойлайды.)

Слайд 1 Еменшіл сұлыкеш, қызыл кардинал
- Балалар, орманда бізге нелер кездесті? (құстар)
Дұрыс айтасыңдар! Бұл еменшіл сұлыкештер - солтүстік және шығыс қазақстанды мекендейді. Ұясы жердегі шұңқырда, бетін шөппен жауып жасырады.

- Осы құстар сөзіне сұрақ қойыңдар? (нелер?) Қай сөз табына жатады? (зат есім) Келесі ұшып келген құс қызыл кардинал - тұмсығы жуан, жалпақ болады. Ол дәндермен, жемістермен қоректенеді. Қалың қопаларды мекендейді. Онда жасырылса табу да қиын. Тек оның ашық естілетін даусынан ғана сол маңайда екенін білуге болады.

- Кардинал сөзіне сұрақ қойыңдар?(не?) Ол қай сөз табына жатады? (зат есім)
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Олай болса, бүгінгі сабақта зат есім туралы алған білімдеріңді одан әрі жетілдіріп, жаттығу жұмыстарын орындаймыз.

2. Дәптермен жұмыс (Күннің жады, сабақтың тақырыбы, көркем жазу жұмысын жүргізу.)
3. Оқулықпен жұмыс
Түсіну.
(Жаңа материалда берілетін білімді түсіну, өзінше түсіндіру немесе болжам жасау. Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.)
Слайд 2 Марал
- Қысқы орманға саяхатымызды жалғастырайық. Бізге қандай аң кездесті? (марал)
- Маралдың қандай аң екенін білу үшін тапсырмасын орындайық.
(Маралдың тапсырмасы 308 - жаттығуды орындау. )

308 - жаттығу «Кім шапшаң» ойынымен жүргізіледі. Ойынның шарты: Берілген сөздерге – шы,- ші жұрнағын жалғап, оларға сұрақ қою. Бағанның оң жағына кім? сұрағына, сол жағына не? сұрағына жауап беретін сөздерді шапшаң жазу.

- Марал - еуропа, сібір ормандарында өмір сүреді. Ол көк шөппен қоректенеді. Алма
ны, алмұртты жеміс - жидектерді ұнатады. Маралдың иіс сезу, есту қабілеті күшті болады. Суда жақсы жүзеді. Үріккен кезде 6 метрге дейін секіріп орғып қашады.

Слайд 3 Бөлтіріктер
- Балалар мынау нелер? (бөлтіріктер) Бөлтіріктің енесін не деп айтамыз.(қасқыр) Олай
болса, қасқыр туралы білгіміз келсе оның тапсырмасын орындаймыз.(309 - жаттығу)

4. Сергіту сәті.
Орманның біз емшісіміз,
Тоқ – тоқ - тоқ,
Құрт біткенді жоқ етеміз,
Жоқ - жоқ - жоқ.
Тоқ - тоқ - тоқ
Жоқ - жоқ - жоқ.
Қолдану.
(Жаңа білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінді таба білу, бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындау. Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, талдайды, ашады, іздейді.)

Слайд 4 Тиін

- Балалар, мынау қандай аң бізге кездескен?(тиін) Тиін немен қоректенеді? (бүрлермен)
Ендеше тиіннің тапсырмасын орындайық. (310 - жаттығу арқылы себеттерге бүрлерді жинау.
6. Шығармашылық жұмыс
Слайд 5 Ақкіс
(Ақкістің тапсырмасы, ол туралы мәлімет беру.
1 - қатар. Зат есімді тауып жаз
Қысқы.........
Қорқақ........
Ақылды......
Қызыл........

2 - қатар. Табиғат сөзінен бірнеше сөздер шығару.
3 - қатар. Қысқы табиғат құбылыстарын қатыстырып әңгімелеу
ІІІ Сабақты бекіту
Талдау.
( Алған білімді жіктеу, саралау, ең негізгі түйінін бөліп көрсету. Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешеді.)

- Ақкістің берген тапсырмасын өте жақсы орындап шықтыңдар. Енді сыныпқа
қайтатын уақыт болып қалыпты. Автобусқа мініп, сыныпқа жеткенше мен сендерге тапсырмалар беремін.

1 - тапсырма. «Адасқан суреттерді орнына қой» ойыны.
Ойынның шарты: Адасқан суретті өзіне тиісті сұрағы жазылған бағанға қою.
Жинақтау.

(Жеке бөлшектерден, дара ұғымдардан тұтас дүние жасау. Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.)

2 - тапсырма.
1. Тест жұмысын орындау.
ІV. Сабақты қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін қайда бардық? Не білдік? Не үйрендік? Не көрдік?
(оқушылардың жауабы)

- Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар. Сол заңның 38-ші бабында «Табиғатты қорғау, оны таза ұстау – әр адамның міндеті» делінген. Ауылды көркейту бағытында «Жасыл ел» бағдарламасы біздің ауданымызда да жүзеге асып жатыр.

- Балалар келешекті көркейтетін сендерсіңдер! Айналамызды көгалдандыруға
қатысайық. Табиғатты қорғаңдар!
- Қане, қандай уәде бересіңдер?
- Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты қорғаймыз,
Жаман бала болмаймыз!
Үйге тапсырма: 311 - жаттығу
Бағалау. (сын, пайымдау)
Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×