Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін білдірген
Дүниетану сабағы
ІІ Өткен сабақты бекіту
Қайталау.
Жақсы, балалар, енді үй тапсырмасы бойынша жұмыс жасайық.
Сезім мүшелері Құлақ. Мұрын Тіл
«Ауа райы.
- Балалар, ауа райы дегеніміз не? Сендер оны қалай түсінесіңдер?
- Ауа райын білу адамдарға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
- Ия, балалар, сендердің айтқандарыңмен мен де келісемін. Температура, бұлттылық, жауын - шашын, жел, ылғалдылық т. б. ауа райын түзеді екен.
- Ауа райы сонымен қатар өздерің мына слайдтардан көріп отырғандай ыстық, аязды, боранды, құрғақ, жаңбырлы болады екен.
- Балалар, сендер білесіңдер ауа райы өте құбылмалы болып жиі өзгеріп отырады. Міне, осы өзгерістерді метеорологиялық стансаларда бақылайды.
Бейнефильм көрсету.
Жан - жануарларға, құстарға, жәндіктерге де қарап ауа райын болжағандығы туралы түсінік беру.
- Сонымен қатар басқа үлкен алқаптардағы бұлттылық жайын Жер серіктері фотосуретке түсіріп, бейнесін жерге беріп отырады.
- Осылай жинақталған мәліметтердің барлығы арнайы ауа райы карталарына түсіріледі. бір тәулікте сондай карталардың төртеуі жасалады. Оларды бір - бірімен салыстыру арқылы таяу тәуліктегі ауа райының жайына болжау жасалады.
- Ауа температурасын термометрмен өлшейді
Термометрдің көмегімен біз ауа температурасын
өлшейміз. термометрдің бірнеше түрлері болады. Олар: су температурасын өлшейтін, адам денесінің қызуын өлшейтін және ауа температурасын өлшейтін.(слайд). (слайдта көрсетілген суреттер бойынша оқушылардан қай термометрдің қандай қызмет атқаратынын сұрау).
Термометрлердің құрлысымен таныстыру. қалай жасалатыны туралы түсінік беру. Термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта. Әр бөлік 1ºС - қа тең. Шкала ортасы 0ºС. Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.(слайд)
- Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе - 10ºС.
Ауа - райының шартты белгілерімен таныстыру.
Ашық, ала бұлтты, жаңбыр т. б
Сарамандық жұмыс:
1 - тәжірибе: стакандағы жылы суға термометрді сал. нені байқадың?
2 - тәжірибе: Стакандағы суық суға термометрді сал. нені байқадың?
3 - тәжірибе: Сынып бөлмесінің ауа температурасын өлше.
IV Сергіту сәті:
Жел соғады гу - гу,
Жаңбыр жауады тырс - тырс.
Жаңбыр басылады,
Күн ашылады.
Ауа райы диктанты. Шартты белгімен жаз.
Қар жауып тұр. Аспан тұтас бұлтты. Температура - 10 суық.
Температура +30 жылы
Жаңа тақырыпқа сай ауа райының құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.
Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
(Қар)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)
Қар, ауа, жылы сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
Электронды оқулықпен жұмыс
Жыл мезгілдерін ретімен орналастыр.
Сөздерден сөйлем құраңыз.
1. ыстық / ауа райы / жазда / болады.
2. көктемде / жауады / жиі / жаңбыр.
3. сарғаяды / ағаштың /күзде/жапырақтары.
4. ауа райы / бұлтты / кеше / болды.
Сөйлемдер мен суреттерді жұптастырыңыз.
1. Күн ыстық болады.
2. Жаңбыр жауады.
3. Қар жауады.
4. Кемпірқосақ шығады.
5. Жел тұрады.
6. Найзағай ойнайды.
Сабақты бекіту
Ауа райы
- Тураргул
- 28 ақпан 2014
- 15994
- 0
- 0
Ілмек сөздер: табиғат, ауа-райы жайлы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Ойыншықтар қонақта
Балаларға жыл мезгілдері туралы түсінік беру. Ойыншықтарды сипаттауға үйрету. Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс...Қазақ халқының ауа райын болжауы
Қазақтардың ауа райын болжаудағы, халық даналығын жадына ұстаған ата - бабаларымыз қалыптастырған, қағидалары һәм тәсілдеріне аз - кем тоқталуды...Ауа райын болжау хақында
Әлбетте, халқымыз табиғат тылсымын бағзы заманнан - ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс - тіршілігіне арқау етіп қолдана да білген. Солардың бірі халықтың...Күзгі көрініс
Мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың ой - өрісін, білім деңгейін көтеру. 2. Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын, өз ойын жеткізу, қазақ тілінде...Ауа және ауа райы
БҚО, Теректі ауданы, Шаған ЖОББ мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Муратова Клара Ораевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.