Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 5 саны мен цифрын таныстыру. Өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар қатары, санау материалдары, геометриялық фигуралар, ойынға қатысты суреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Ауызша 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
2. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, = ‹, ›
3. Өз орныңды тап! ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
4. Көршісін тап! ойыны
5. Ойын “ Cан ойла, тез ойла! ” Сандар құрамын айту. Бос орынға сан қою.
2=1+ 3=2+ 4=3+ 4= +3
3=1+ 4= +2
III. Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
IV. Жаңа сабақ:
Өрнек құрастыру.
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)
2. 5 цифрымен таныстыру.
3. 5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
4. М. Қуанышбековтың “Бес саусақ’’ өлеңін жатқа айту.
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап - ап
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?(5)
5. 5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
V. Сергіту сәті:
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
VI. Әліппе - дәптермен жұмыс.
1. 5цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру.
Ауада жазып үйренді.
2. 5 цифрын жазу.
3. Геометриялық пішіндерді сәйкес санға байланысты бояу.
VII. Ойын: Қарлығашқа көмектесейік.
Қораптарға түймелерді пішіндеріне қарай жинастырамыз.
VIII. Сабақты сұрақ - жауап түрінде қортындылау.
Біз не білдік? Үйге тапсырма беру.
5 саны мен цифры
- Гулсум
- 21 ақпан 2014
- 7358
- 0
- 0
Ілмек сөздер: сандар, арифметикалық таңба, қосу, азайту
Ұқсас жаңалықтар:
5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаттары: 1. 5 саны, 5 цифрымен таныстыру. Оқушыларды 5 - ке дейінгі санауға, қосуға, азайтуға үйрету....8 саны және цифры
Мақсаты: а) 8 саны мен цифрын енгізу;8 санының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 - ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру; 8...3 саны және цифры. Үшбұрыш
Білімділігі: 3 саны және цифрымен таныстыру; сан сәулесі туралы түсініктерін қорытындылау; үшбұрыш, оның белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру....9 саны және цифры
Сабақтың тақырыбы: 9 саны және цифры...5 саны мен цифры
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баелова Найля Көбенқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.