Мақсаты:
Білімділік: Балаларға балық туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Түрлі - түсті суреттер арқылы балалардың сурет салуға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетіне сурет салуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Суретті бейнелеу барысында ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дельфин, кит, аққайран, шортан, теңіз кірпісі, әліппе дәптер, 5 түрлі үлгі, қызыл, қара уылдырық, түрлі – түсті бояу, орамал, ақ бет, жұмбақ, сандар.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту. Математика.
I. Ұйымдастыру кезеңі
а) Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинайды.
«Амансыңдар ма, балалар!»
Балалар, қанекей бәріміз менің артымнан мына өлең жолдарын қайталап айтайық.
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін өзі атқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Балалар амандасады. Шеңберге жиналап өлең жолдарын бірге қайталап қимыл қозғалыс арқылы жасайды.
Сабаққа назар аударады.
Ұйымдастырушы, ізденуші
II. жаңа сабақ
- Балалар, қазір сурет салу сабағы болады. Әдемі отырамыз, мұқият тыңдаймыз. Қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын. Ал, шешуін қол көтеріп жауап бересіңдер.
Суда өседі.
Сыртқа шықса өледі.
Әдемі отырып мұқият тыңдайды.
Жауабы: балық.
Дұрыс!
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз
балықтар туралы.
- Балалар балықтар қайда өмір сүреді?
Суда, өзенде, көлде, мұхитта өмір сүреді.
- Дұрыс!
Балықтардың қайда түрін білесіңдер?
Шортан, алтын балық, аққайран, теңіз кірпісі, кит.
- Жақсы!
Балалар, балықтар көктем уақытында көбейуі үшін уылдырықтарын шашады. Ол уылдырықтардың саны шексіз, өте көп, оның әрқайсысы бір - бір балық. Бірақ, өкінішке орай көп уылдырықтан 5 - 6 немесе 10 шақты балық пайда болуы мүмкін, өйткені оларды басқа жыртқыш балықтар жеп кетеді.
Мұқият тыңдайды.
Сергіту сәті
Суда балық жүзеді,
Қанатымен еседі.
Үйірімен топтасып,
Көлден - көлге көшеді.
Қимыл - қозғалыс арқылы жасайды
Әліппе дәптермен жүмыс: 64 бет.
Балалар, балықтардың көлеміне қарай әр балықтың басы, аузы, денесі, көзі, құйрығы, қабыршақтары, үстіңгі, астыңғы қанаттары болады.
Әліппе дәптерлерін ашады. Үлгіге қарайды. Мұқият тыңдайды.
III үлгімен жұмыс
Бірінші үлгі ақ бетті көлбеу қойып алайық.
Тапсырманы бірге орындайды.
Екінші үлгі белгіленген нүктелерді бір - бірімен қосамыз үшбұрыш, ромб фигуралары шықты.
Үшінші үлгі ромб фигурасының ішіне сопақша фигурасын сызамыз, сопақша фигурасының ішіне үлкен, орташа, кіші дөңгелектер сызамыз.
Төртінші үлгі аузын, қабыршақтар, астыңғы, үстіңгі қанат, құйрықтарын сызамыз. Артық сызықтарды кетіргішпен кетіреміз.
Қарайды, көреді қайталайды.
Енді балығымызды бояймыз. Түстерді атап шығайық: қызыл, ақшыл көк, сия көк, қара.
Рефлексивті
- Балалар, бізде қандай сабақ өтіп жатыр?
- Біз не салдық?
- Сурет салу сабағы ұнады ма?
Сұраққа толық жауап береді.
Дайын болған еңбектерін «балықпен» бағалау.
Күтілетін нәтиже: Балық туралы барлық мағұлматтарды білу.
Білуі керек: Түстерді, балық атауларын, уылдырық(қара, қызыл), ақ қағазға дұрыс бейнелей білу.
Нені қолдана алды: жұмбақ шешті, үлгіге қарап қызығушылықпен балық суретін сала алды.
Балық
- Венера1
- 15 ақпан 2014
- 13407
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық тобына арналған жоспар, балық
Ұқсас жаңалықтар:
Балықтар жүзеді
Балаларды бояумен жұмыс істеуге деген қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту; Дыбыстардың анық және дұрыс айтылуын қадағалау....Қосмекенділер
Мұхиттар, теңіздер және басқа да су қоймалары Жердің ¾ бөлігін алып жатыр. Бұл су қоймалары көптеген жануарлардың мекені болып табылады. Жер...«Су асты әлемі», «Аквариумдегі балықтар»
Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшаның бейнелеу өнері маманы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы...Алтын балық сыйлықтары
Атырау қалалық №20 «Алтын балық» мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған балабақшасы тәрбиешісі Мединиева Света Нурмукашевна...Аквариумдағы балықтар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. №7 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі: Әбдіхалық Жанат Алтынбекқызы Аквариумдағы балықтар...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.