Сайтқа кіру Тіркелу

"Көкпар" білім сайысы

«Көкпар» білім сайысы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, алған білімдерінің тиянақтылығын тексеру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Армысыздар құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар «Көкпар» білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз анық.
Көкпар білім сайысына 2 топ қатысады.
1 топ: Жас ұландар
2 топ: Жас қырандар
Бұл топтар өздерінің білімдерін ортаға салып, тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Топ мүшелері 1 – 2 класс оқушыларынан құралған.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1 топ: Жас ұландар
4 «А» класс оқушысы, топ капитаны Ахметова Мадина
3«Б» класс оқушысы Нүсіпов Мейр
2«В» класс оқушысы Жұмағалиева Наргүл
1«А» класс оқушысы Сабыртаева Балжан
1«В» класс оқушысы Құрмансейітова Диляра
2 топ: Жас қырандар
4 «Б» класс оқушысы, топ капитаны Жұмағазиева Диана
3«А» класс оқушысы Көбегенова Аружан
2«А» класс оқушысы Серікғалиев Жандос
2«Б» класс оқушысы Тоқтағазина Нұрай
1«А» класс оқушысы Жанахметова Жансая
Мемлекетіміздің ертеңі сендерсіңдер. Біздің міндетіміз сапалы, білімді жастарды тәрбиелеу.
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
Сайыстың әділ бағасын беретін, әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.
Көкпар білім сайысы 4 турдан тұрады.
1 тур Оймаржан сайысы
2 тур Гүл теру сайысы
3 тур Сырлы жұмбақ сайысы
4 тур Капитандар сайысы
Сайысты бастамас бұрын 2 топ өздерін таныстырып өтсің.
Жас ұландар.
Ұландармыз белді мықтап байлаған
Жарысқа келдік алған беттен таймаған.
Тәуелсіз ел, біз ұрпағы бұл елдің,
Жеңіс үшін ешқашан да тоймаған.
Жас қырандар.
Біз қырандар алысқа қарай самғаған,
Жарысқа келдік, жүлде емес бар арман.
Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер тегіміз
Жеңіспенен қайтамыз біз сеніңіз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емеспе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек деп сайысымыздың 1 туры «Оймаржанды» бастаймыз. Ол үшін 2 топ «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз. Арқаларында жасырынған әріптен сөз құраймыз. Бұл ойында 2 класс оқушылары табады. Жылдам, дұрыс орындаған топқа 1 ұпай беріледі.
1 топ Кітап
2 топ Қалам
Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп «Оймаржан» сайысын бастаймыз.
Балалар өздерін көріп тұрғандай интерактивті тақтадан әр класқа байланысты тапсырмалары бар ұяшықтар тұр. Егер дұрыс орындасақ 3 ұпайдан аламыз.
Екі топтан 1 класс оқушылары шығамыз. Ұяшықты таңдаймыз.
Жарас сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
Сағат сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
2 ші класс, 2 ші ұяшық
Көркем жазу.
Ертіс.
Ертіс - үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған. Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
3 ші Ғажайып ұяшық екі топқа бірдей сұрақ қойылады. Бірінші жауап берген топқа бір ұпай беріледі. Ұяшықты ашайық.
Музыка пәнінен.(1 ән жасырады, сол әннің атын табамыз.)
4 ші ұяшық 3 класс Өлең оқу.
5 ші ұяшық 4 класс Есеп шығару(Бос тор көздерді толтыру)
537 * 25 = 13425
6 шы Ғажайып ұяшық Дене шынықтыру, арқан тарту.
2 тур «Гүл теру» сайысын бастаймыз. Бұл сайыста 1 класс оқушылары аяқтарына мына аяқ киімді киіп, гүлді әкеп тобына береді. Ол гүлдегі сұраққа жауап береді. Бұған 1 минут беріледі.
1 топ: Жас ұландар
1 2 сағ = 60 мин
2 1 жылда = 365 күн
3 Тұңғыш қазақ Әліппесін жазған кім? Ахмет Байтұрсынұлы
4 Масштаб дегеніміз не? Белгілі бір заттың көлемі кішірейтілген санды айтамыз
5 Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі? Хабарлы
2 топ: Жас қырандар
1 2 мин = 120 сек
2 3 тәул = 72сағ
3 Кел балалар, оқылық деп ұран тастаған кім? А. Құнанбаев
4 Өсімдік топтарын ата? Ағаш, бұта, шөп
5 Қатаң дыбыстан басталатын сөздер айт? К, Қ, П, С, Т, Ф, Ч, Ц, Ш, Щ
3 тур «Сырлы жұмбақ» сайысы. Бұнда сұрақтар қойылады, жылдам жауап беру керек.
1 Құстар ұшады қайда? Аспан
2 Адамды тамақтандырады? Қасық
3 Ұшады? Құс
4 Алманың жартысы неге ұқсайды? Екінші жартысына
5 Қанаты бар, алысқа ұшпайды? Тауық
6 Машина тұрады қайда? Автотұрақ
7 Бұлттан бөлініп жерге тседі? Жаңбыр
8 Адамды жылатады? Пияз
9 Машина жүреді? Бензин
10 Ұйықтап жатып көресің? Түс
11 Жерде жорғалайды? Жылан
12 Ақ қауырсынды не? Аққу
4 тур «Капитандар» сайысы
1 Ш. Уәлиханов кім? Ғалым, саяхатшы
2 Дәріхана сөзінің түбірі? Дәрі
3 Бақ, құбыр, бидай, көбелек сөздеріндегі ортақ дыбыс? Б
4 Қандай әріптер сөз басында айтылмайды? ң, ъ, ь
5 Жылда сәуір нешінші ай? 4
6 Нөлге аяқталатын сан нешеу? 9
7 Үнді дауыссыздарды ата? л, м, н, ң, р, й, у
8 590 санының алдындағы сан? 589
9 Адам тыныс алу үшін қажетті газ? Оттегі
10 Әдемі сөзінің ортасында не бар? Е
1 Жердің табиғи серігі? Ай
2 Күн мен түн неге аяқталады? Н әрпіне
3 7 жүздіктен және 7 бірліктен тұратн сан? 707
4 Көлемді, күрделі шығарма? Роман
5 Үш орындықтың аяғы нешеу? 12
6 Астық өнімін оратын машина? Комбайн
7 Алтын айы бар қыздың аты? Алтынай
8 Ұяң дауыссыздар? Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З
9 Ең қысқа есімдік? Ол
10 Қазақтың ұлы ақыны? А. Құнанбаев
Әділқазы алқаларына сөз беріледі.
Марапаттау.
Білімді, сауатты, жастар бұл 21 ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші делінген. Ендеше өздеріңнің үлгілі тәртіптеріңмен еліміздің өркендеуіне өз үлестеріңді қосатын жастар екендеріңді әлі де дәлелдей беріңдер. Осымен сайысымыз аяқталды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×