Тақырыбы: Кітапхана - білім ордасы
Мақсаты: кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту. Кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін білу.
Көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегі киіпкерлерінің заттары, ертегі кітапшалар, нақыл сөздер.
Барысы:
Психологиялық дайындық.
Кітапта алма ағашы
Жемісін бізге беретін.
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін.
Мұғалім: бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда кітапхана, кітап туралы әңгіме қозғамақпыз. Бізге кітапханашы Злиха апай қонаққа келіп отыр. Кітапханашы апай сіздердің қандай кітап оқығандарыңды, білімдеріңді білгісі келеді.
Злиха апай(кітапханашы сөзі:) Сәлеметсіздер ме, балалар?
Ал, мен кіммін?(балалардың жауабы)
Мен кітапханада жұмыс істеймін. Кітапхана сөзі нені білдіреді? Кітапхана - араб тілінен енген, жазу қоймасы деген сөз. Кітап туралы қандай тақпақтар білесіңдер.(балалар тақпақ айтады)
Ақерке: Білесің бе кітап білім ұясын,
Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.
Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа,
Терең білім ой маржанын құясың.
Дейді ойшылдар” Кітап – білім бұлағы”
Кітапхана сол кітаптар тұрағы.
Көп үйреніп көп оқыған баланың
Анық тағы білімпаз болып шығары.
Мұғалім: Кітап - ең жақсы дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.
Дәулет: Қуан кітап, қуанатын күн бүгін
Серпіп таста мұңды жүрек түндігін
Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың
Шаттанатын мерекелі күн бүгін.
Арман: О, кітап бас иемін мәртебеңе
Игілік қазынасың, бар адамға
Сен берер игіліктің есебі жоқ,
Жеткізіп жолын тауып айталам ба?
Тоғжан: Адамның досы кітап - өмір кілті,
Тең емес оған жиған мүлкің,
Ақылшы жанға серік,
Ақыл - ой қазынасы, өмір көркі.
Мұғалім: Ал, сендер кітаппен дос болғыларың келе ме? Оны қазір байқап көреміз. Әр түрлі ойындар түрлері арқылы кітап киіпкерлерін табамыз.(суреттер көрсетіледі)
Мұғалім: Кебіс кімдікі?(ханшайымдікі)
Себеттегі самса (Қызыл телпектікі)
Жыртық шапан (Алдар көсенікі)
Кілт (буратинанікі) – Өте жақсы балалар, жарайсыңдар!
Ал, ертегі шешуге дайындалайық.
1. Орман жанында
Үшеуі бір үйде тұрады.
Үш төсек, үш жастық,
Қане олар кімдер?(үш аю)
2. Қаймаққа иленген,
Терезеде суытылған,
Сап - сары домалақ.
Қай ертегі айта ғой?(бауырсақ)
3. Жерден аспанға ұшу үшін, оған үлкен сыпыртқы керек.(мыстан кемпір)
Кітапханашы: Жарайсыңдар! Көп ертегі біледі екенсіңдер.
Мұғалім: Ертегі киіпкерлерін жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?
1. Жол алыс,
Ал себет ауыр,
Отырамын түбірге самсаны жеп.(Маша мен аю)
2. Тартамын, тартамын
Тіпті де жұла алмаймын.(шалқан)
Ойын:” Иә - жоқ”(егер келіссеңдер” иә” дейсіңдер, келіспесеңдер” жоқ” дейсіңдер)
1. Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы(иә)
Қар не жаңбыр(жоқ)
Кір қолды(жоқ)
Еденде жатқанды(жоқ)
Ұқыпты ұстауды(иә)
Еркелеткенді (иә)
Төбелескенді(жоқ)
Білгіш оқушыларды (иә)
Кітап сөресінде тұруды (иә)
Балмұздақты (жоқ)
Кітапты пайдалану ережесі.(оқушылар айтып береді) мұқият тыңдаймыз.
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
3. Кітаптың арасына дәптер қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
4. парақты бүктеме, кітап баулығын пайдалан
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетін қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.
Назгүл: Ойшылдар мен білімпаздар мекені.
Бәріңе аян кітапхана екені
Кітаппен дос болуға баулитын
Кітапханашы мұнда қызмет етеді.
Анжела: Өмір мәні өнер менен білімде
Құштар болсаң көп құмартып білуге,
Қарсы алып сені дәйім күлім деп,
Жөнін айтып жол нұсқайды білімге.
Мұғалім: - Балалар, кітап сендерге қуаныш сыйласын десеңіз қандай кітапты алу керек екенін білу керек. Осы кезде кім көмекке келеді.?(кітапханашы) ( Кітапханашы оқырманның құқығы мен міндетін түсіндіреді) (Тақтада берілген ұлы ойшылдардың нақыл сөздері оқылып, мағыналары ашылады)
Мұғалім: “ Ол, мен және барлық достармыз “ сұрақ - жауап ойыны.
1. Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?
2. Кім көп оқыған, бірақ ештеңе тоқымаған?
3. Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?
4. Достар, кім айтады
Кітапты жыртып былғамау керектігін?
5. Дұшпанын жерге қаратып
Кітаптан білім алатын.
(Кітапханашы балаларға тілегін айтып, ертегі кітапшаларын таратады.)
Мұғалім: Кітап - ұстаз
Кітап – үйретуші
Кітап - нағыз дос, жолдас.(кітапты көп оқып, кітаппен дос болу керектігі айтылып өтілді).
Кітапхана-білім ордасы
- Aksylu
- 13 ақпан 2014
- 41235
- 0
- 0
Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, кітап, кітапхана
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Кітап - достық елшісі
Балалар, бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, оқып байқап қаралыққа. Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Соларды көре тұра қалалық па? Даналық – өшпес...Кітапханада
Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...Кітап - білім бұлағы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Кітап - сарқылмас рухани қазына
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебі Авторы: Саулебаева Ләззат Шакиқызы Санаты: бірінші Білімі: жоғары Сабақтың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.