Сайтқа кіру Тіркелу

21 ғасыр көшбасшысы ойыны

«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
1 - жүргізуші: Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысын біз бастаймыз
2 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
1 - жүргізуші: «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2 сыныптар оқушылары арасында өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. (Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.
3.
1 - жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер! Сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 - жүргізуші:
1 – ойыншы_________________– болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы _________________— өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы ________________— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
4 – ойыншы ________________— эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді
5 – ойыншы _______________— әлемге әйгілі ұшқыш болғысы келеді
6 – ойыншы ____________________ – заң қызметкері болуды армандайды.
7 – ойыншы ________________- болашақта ұстаз болуды армандайды
8 – ойыншы_________________ - болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
1 - жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымыз
4 турдан тұрады:
1. Бәйге
2. Полиглот
3. «Сөз ойла, тез ойла»
4. «Жас қалам»
«Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» демекші баршаңызға сәттілік тілеймін!
2 - жүргізуші: I – тур «Бәйге»
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер –
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
1 - жүргізуші: Шарты:
1. Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан 10 сұрақ беріледі.
2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.
3. 2 минут ішінде қойылған сұрақтың жауабын қолдарындағы параққа белгілеп, дұрыс жауапты тексеріп тұрасыңдар. Яғни тұсына «+» белгісін қойындар. Әр дұрыс жауап 1 ұпай.
4. «Бәйгенің» сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.
1. Қазақ алфавитіндегі әріптер санын көрсет.
а) 40
б) 42
в) 38
2. Қай сөзде қате кеткен?
А) Қариа
б) қария қалам
3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) 2
б) 3
в ) 4
4. Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін қалай аталады?
А) сипаттау
б) пайымдау
в) әңгімелеу
5. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді қалай атаймыз?
А) лепті
б) хабарлы
в) сұраулы
6. Жұрнақтың белгісін көрсет
а)
б)
7. Қай сөзге лар жұрнағын жалғауға болады?
А) кітап
б) тау
в) жазық
8. Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді қалай атаймыз?
А) туынды сөз
б) түбір сөз
в) жалғау
9. Жауын сөзіне дұрыс жалғанған қосымшаны көрсет
А) гер
б) бек
в) хана
10) Дұрыс буынға бөлінген буынды тап.
А) Жа - пы - рақ
б) жап - ырақ
в) жапыр - ақ
2 - жүргізуші: Келесі айналым – Полиглот. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» дегендей, өз ана тілімізбен қоса орыс, ағылшын тіліндегі білімдеріңіз сараланады.
1. Алыстан қарасаң, аппақ,
Татып көрсең, тәтті - ақ (Қант – сахар - sugar )
2. Жұдырықтай қызыл шар,
Тілді үірген шырын бал. ( алма – яблоко - аpple )
3. Бұл үйге көзсіз боп басың сұғасың,
Бұл уйден көреген болып шығасың.(мектеп - школа - school)
4. Кең әлемді кернейді,
Көзің бірақ көрмейді. ( ауа, воздух, air )
5. Қазақтардың қасиетті саны... «жеті, семь, seven»
6. Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында каны жоқ
Май жейді, су ішеді (көлік - машина - car)
7. Мамықтай ұлпа, қанаттай ақ
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады (Қар - снег - snow)
8. Сөзі дана, үні жоқ,
Сөйлемейді тілі жоқ.
Қолына алсаң шешен,
Ақылы асқан көсем
(Кітап - книга - book)
9. Ұшып - қонып тынбайды,
Тасқа соқсаң сынбайды.
Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды
(Доп - мяч -. ball)
10. Жолбарыстан аумайды
Пеш түбінде аунайды (мысық - кошка cat )
11. Ашылып жабылады
Әр үйден табылады
12. Жылт – жылт еткен
Жылғадан өткен (су – вода - water )
13. Жұпар иісі еседі,
жайнап бақта өседі ( гүл – цветок - flower)
14. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег - snow)
15. Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен таңбайды.
(Сағат - часы - clok)
16. Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан (Сәбіз - морковь - carrot.)
2 - жүргізуші: Әділқазылар есептеп ең аз ұпай жинаған 2 ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.
Келесі кезекте: «Білімпаз» бұл сайыста негізгі 4 пән бойынша сұрақтар беріледі. Математика:
1. Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
2. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
3. Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? (99+1=100)
4. Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол 1 жұмада неше ертегі оқиды. Осы қарқынмен? (14 )
Қазақ тілі:
5. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлері? (қатаң, ұяң, үнді)
6. Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – (арық), терең – (таяз), қою – (сұйық), қысқарды – (ұзарды)
7. Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? (түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім)
8. Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын
Біткен ойды құрамын (сөйлем)
Дүниетану:
9. Өсімдік бөліктерін ата? (тамыр, сабақ, жеміс, гүл, тұқым)
10. Дені сау адамның тамыры 1 минутта неше рет соғады? (60 – 80 рет)
11. Ауаның 1жерден 2 - ші жерге ауысуы? (жел)
12. Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? (флюгер)
Ана тілі:
13. Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? (Ыбырай)
14. «Дарабоз» атанған батыр? Кім қойды сол атты? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? (Ерасыл – Қабанбай)
15. Бата дегеніміз не? (той - жиында, дастарқанбасында айтылатын тілек түрі)
16. Абайдың 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық?
5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
1 - жүргізуші: «Сөз ойла, тез ойла» сайысына да келіп жеттік. Мұнда сендерге әріптер беріледі, сол әріпке байланысты берілген сұраққа жауап қатасыңдар. Мыс: С әрпі болса, с – дан басталатын жауаптар беріледі.
Сенің атың кім?
Сен нені армандайсың?
Қайда барасың?
Сен не ұнатасың?
Досыңа туған күнге не әпересің?
Қыста не болады?
Мектепке немен келесің?
Демалыста қайда боласың?
Алманың түсі қадай?
10. Достарыңа тілек
2 - жүргізуші: ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы шығады
1 - жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
әрқашанда осы өнерді сөндірмей,
біліміңмен шарықтай бер әрдайым.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте 2 жеңімпаз берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады.
1 - жүргізуші: Келесі сөзді әділқазы алқасына береміз
2 - жүргізуші: Таң шуақ тәуелсіздік елімізде,
Бақ - дәулет шалқи берсін жерімізде.
Аман - сау болайықшы көріскенше
Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
Қазақ мектеп-гимназиясысының
бастауыш сынып мұғалімі:
Байлина Арай Елубайқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Тіл жүйрікте кім жүйрік?

Тіл жүйрікте кім жүйрік?

Армысыздар құрметті оқушылар. Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз...
Қазақ тілінен

Қазақ тілінен "ХХІ ғасыр көшбасшысы"

Мақсаты: a) оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып, ой - өрісін кеңейту, озық ойлы оқушыны анықтау ә) оқушылардың дүниетанымын, білімге...

"Білгір"- интеллектуалды ойын

Мақсаты: 1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын,...
Ханзада мен ханшайым

Ханзада мен ханшайым

Лагерь ханзадасы мен ханшайымы Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру,...
Білімдар оқушы жарысы

Білімдар оқушы жарысы

Бәйгеге түсіп жарыспай, Жүйріктің бағы жанар ма? Білім мен өнер жарысып, Тәрбие - тәлім табар мән. Бұл бәйге ойдың бәйгесі,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×