Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, құтты әліппе

Тақырыбы: «Қош бол, құтты әліппе»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға және балалардың эстетикалық талғамдарын түсініп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: «Қош бол, құтты әліппе» сөзі жазылған плакат, суреттер, шарлар, жалаушалар, суретті әріптер, сандар, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «Б» - сынып оқушыларының «Қош бол, құтты Әліппе» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.. Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы - Әліппе. Бұл кітап білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз.
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
- Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастаймын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп.
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы, балалар
Қай оқулық үйреткен?
Хормен Ол сүйікті Әліппе!

Мұғалім:
Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырайық!
Оқушылар: Әліппе! Әліппе! Әліппе!
(6 оқушы шығып кетіп Әліппені алып келеді, қолдарында Әліппе жазуы бар шар)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің.
Қуанышы баланың
Қуанышы ананың
Жақсы білім - көрімдік
Болсын сізге халайық!
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық!
Мұғалім: Балалар, осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә — әлемді
Л – легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз.
Мұғалім:
- Біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, ән - бимен, өлеңдермен өрнектеп, өнерімізді ортаға салайық.
Әліппе, бүгін кешіміздің ең қадірлі қонағысыз. Сондықтан құрмет тағына жайғасыңыз.
- Балалар, білім алу үшін ең алғаш қайда келеміз?
Оқушылар:
Мектепке келеміз
Мұғалім: Мектеп туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Данияр: Мектеп кеме, білім теңіз.
Данияр.: Мектеп - білім ордасы.
Мұғалім: Қане, балалар, Әліппеге арнаған қандай өлеңдерің бар, айтып берейік.
Іші толы әріпке Бар кітапқа бас болған
Мынау әйбәт Әліппе.
Әліппе - ғылым анасы
Барлық ілім - білімнің
Әліппеден басталған
Әжесі осы Әліппе.
Даналықтың данасы
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңі сәуле жарығы
Мектебің мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ата - апа атын сен,
Бізге үйреттің Әліппе
Бізге нағыз жақынсың
Сенен білдік әріпті.
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп
Арта берді кітапқа
Бойымдағы құмарым.
Бірге жүрген қасымда
Кітап болды сыңарым
Іші толған әріпке
Жақсы кітап әліппе
Әліппені аламыз
Мектепке біз барамыз
Әсем ою өрнекпен,
Көмкерілген Әліппем.
Сен болмасаң білімге,
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Енді жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза болып жүреміз
Сүйікті біздің Әліппе
Мұғалім:
Балалар, Әліппеден өткен әріптер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
Алфавитің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқайсың ба «Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде?
А - деген ол аналар ғой ардақты,
Ә - деген ол әкелер ғой салмақты
Б - деген ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар алфавиттің басында.
Ән «Мұғалім ол біздің»
Мұғалім: - Балалар, біз Әліппеден оқу, жаза білуді үйренсек, ал математикадан санауды, есептеуді, сандарды жаза білуді үйрендік. Ендігі сөзді математикаға берейік.
- Балалар, математикадан осы уақытқа дейін не үйрендіңдер?
Ендеше сандарды сөйлетіп көрейік.
Мадияр:
Бір дегенім - білім,
Білім - жарық күнің
Мақсат:
Екі - дегенім - еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек.
Асемгүл:
Үш дегенім - үміт,
Үмітсіз жоқ жігіт.
Данияр:
4 - дегенім талап,
Талмайтұғын қанат.
Алтайыр:
5 - дегенің бірлік,
Бірліксіз жоқ тірлік.
Еркебұлан:
6 - дегенің арман,
Атар таңың алдан.
Аружан.:
7 - дегенің жігер,
Жеңер жолын білер.
Жарқынай:
8 - дегенің – сенім,
Сүйенішің сенің.
Биназир:
9 - дегенің талғам,
Тура жолға салған.
Қыдырқожа:
10 - дегенің – Отан,
Отанды сүй ботам.
Мұғалім:
Балалар, біз сандарды сөйлеттік. Енді қазір мен сендерге есептер айтып математика пәнінен білімдеріңді тексеремін. Ойланып барып, шешіңдер.
1. Оң қолымда 5 алма,
Сол қолымда 5 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
2. 5 алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
3. Сымда 5 үйрек отыр еді, 2 - еуі ұшып кетті, нешеуі қалды?
Мұғалім: - Балалар, біз әлі бағаланбаймыз, бірақ жаңа жылдан кейін сендерге баға қойылады. Қай баға жақсы екенін білу үшін, бағаларды сөйлетіп көрейік.
Ақбота:
1 дегенің жаман баға,
Алады оны жаман бала.
Ақнұр:
2 дегенің нашар баға,
Інішегім нашарлама.
Меруерт:
3 дегенің орта баға,
Сапасы оның орта ғана.
Индира:
4 дегенің жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
Альбина:
5 дегенің үздік баға,
Оқитын бол үздік қана.
Ән: «Мұғалім ол біздің»
Мұғалім:
- Балалар, біз математикадан да білімімізді көрсеттік. Енді Әліппемен қоштасатын да кез келді.
Біз Әліппенің арқасында жазу жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Ендеше Әліппеге не деуіміз керек?
Хормен:
Әліппеге рахмет!
Әліппе:
- Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын, сау болыңдар!
Хормен:
Қош, қош Әліппем!
Мұғалім:
- Міне біз белгілі білім еліне саяхат жасап, білімімізді көрсеттік. Әліппені оқу барысында ата - аналардың қосқан үлесі өте мол. Бақытты балалық шағы үшін, ата - аналар сіздерге көп рахмет!
Келесі би сіздерге арналады, аяулы ата - аналар, қабыл алыңыздар!
Мұғалім: Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой - деп Абай атамыз жырлағандай, осы бес қасиетті бойымызға дарыту үшін ана тілін меңгеруіміз керек.- Балалар, сендер « Әліппені»бітірдіңдер. Ендігі сендердің жаңа достарың Ана тілі оқулығы болады. Сондықтан әліппені қалай меңгерсеңдер, ана тілін солай оқитын болыңдар. Ал енді ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі келеді.
Ана тілі:
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім - ұраным
Ана тілім - құралым.
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым.
Хормен:
Әліппемен қоштастық,
Ана тілмен достастық.
Ана тілі: Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Барлық қазына байлық оқу - білімде. Оқу - білім туралы қандай мақалдар білесіңдер?
1. Кітап - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
2. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
3. Кітапсыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
4. Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
5. Оқу инемен құдық қазғандай.
6. Білім іздеген озар,
Бүлік іздеген тозар.
7. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
8. Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға,- деп Абай атамыз айтқандай, 42 әріпті үйретіп, білімге жетелеген алғашқы ұстазымызға алғысымызды айтып, әнімізді арнаймыз.
Ән: Ұстазым
Мұғалім
Біз 1 « Б» сынып оқушылары
- Нені үйрендік?
1. Ақнұр - Оқуды
2 - Мөлдір Жазуды
3 - Данияр есеп шығаруды
4 - Данияр: ән айтуды
5 - Асемай: би билеуді
6 - Индира: үлкенді сыйлауды
7 - Атағозы: кішіге қамқор болуды
8 - Ақбота: елімізге жақсылық жасауды
Біз нені ажырата білеміз?
9 - Оразбай: жақсылық пен жамандықты
10 - Бекзат: ақ пен қараны
11 - Кыдырқожа: арамдық пен адалдықты
Біз нені сүйеміз?
12 - Мақсат: Отанды
13 - Мадияр: ата - ананы
14 - Әсемгүл: халқымызды
15 - Аружан: достарымызды
16 - Ақару: ұстазымызды
17 - Карақат: мектебімізді
Біз кім боламыз?
18 - Жанболат: адал азамат,
19 - Ақнұр: ақылды ару
20 - Данияр: оқымысты ғалым
Алтайыр: Тәуелсіздіктің туын биік ұстайтын
Елін сүйген ер «боламыз»
Қыдырқожа Жаса менің Отаным - Қазақстан.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Мұғалім:
Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×