Сабақтың тақырыбы: «С дыбысы және әрпі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Өткен дыбысты қайталау, зейінін бақылау. Жаңа С с дыбысымен таныстыра отырып сөздер, сөй лем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Дыбыстық талдау жасауға, қолдарын әдемі жазуға жаттықтыру.
Дамытушылығы: балалардың ой - өрісін, шығармашылығын дамыту. Сөздік қорын, сөйлеу жүйесін жетілдіру.
Тәрбиелігі: ұғымталдыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, кеспе әріп, текшелер, суреттер, тірек сызба.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу»
Сәлем бердік, Ашық аспан! Сәлем бердік, Алтын күн!
Сәлем бердік, Жер - ана! Сәлем бердік, баршаңа!
II. Психологиялық дайындық.
«Ой шақыру»стратегиясы. – Өткенде қай әріппен таныстық?
- Б дыбысы мен әрпі. – Қане сол Б дыбысына сөздер ойлап жіберейікші? - Балық, балапан, бақа, бұзау, бота.
– Б дыбысы қандай дыбыс? /дауыссыз/ Ережені еске түсіру. – Дыбыс деген не? Әріп деген не? - Дыбысты естиміз, айтамыз. Әріпті жазамыз, оқимыз, көреміз
IІІ. Жаңа сабақ.
Ой толғаныс. Жұмбақ шешу.
1. Күндіз де жүреді 2. Жұқа тақтай бөлшегі Түнде де жүреді Ұзындықтың өлшемі /сызғыш/ Аяғы жоқ қолы жоқ 3. Судан ол қорқады Не жүрген жолы жоқ Бұдан кір қорқады./сабын/ Ол не? /сағат/
Ойын: «Кел танысайық»
Мақсаты: Балалардың танымын, ой - өрісін дамыту. Сөздердің мағынасын түсінуге үйрету.
- уақыт ұзақтығын өлшейтін құрал
- сызуға арналған құрал
- кір жууға арналған кесек немесе сұйық зат
- Осы сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- С дыбысынан - Бүгін, біздер жаңа С әрпімен танысамыз.
- Кәне, хормен айтайық:
С - С - С С дыбысының айтылу ерекшелігін түсіндіру. С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып, белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. – Айтылуына қарай қандай дыбыс?(дауыссыз) С - дауыссыз, қатаң дыбыс, көк текшемен белгілейміз, буын құрай алмайды.
Сергіту сәті: Сағаттың тіліндей Сағатқа қарап ап, Сағаттың тіліндей 1, 2 оң аяқ
І V. Тақтамен жұмыс.
Ойын: «Көңіл бөлейік»
Мақсаты: жаңа әріптің баспа, жазба таңбасын таныту, есте сақтауын жетілдіру. Бірнеше таяқшаның көмегімен С әрпін құрастыру.
V. Оқулықпен жұмыс.
Ойын: «Мен қандай дыбыспын?»
Сандық асық күнбағыс.
Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Дыбысқа сәйкес текшені көрсету. С дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездесетінін түсіндіру.
Ойын:«Кім зейінді?»
Буынды оқыту: - са, со, су, си Сөздерді оқу: сана, сона, сал, дос, Айдос, Досан.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш Қолға қалам аламыз
Әдемі етіп жазамыз.
VI Дәптермен жұмыс: Ойын: «Қарындашпен жұмыс»
Мақсаты: С с әрпінің баспа таңбасын үлгідегідей етіп бастыру, жазуға үйрету.
Қол қимыл - қозғалысын дамыту.
С С С
VII. Ойын: Шашыраған әріптерден сөз құра»
Кеспе әріптермен және текшемен «бас», «сана», «аспан»сөздерін жаздыру.
Vlll. Қорыту. Ойын: «Буынға буын қос» Мақсаты: тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөздер құрау
lX. Бекіту: Сұрақ - жауап әдісі арқылы.
Қыздар құлағына не тағады?- Сырға. Қыздар басына не киеді?- Сәукеле. Қыздар қолына не тағады?- Сақина.
Мектепте не оқимыз?- Сабақ
X. Балаларды бағалау
Xl.«Қоштасу»
Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық.
Көріскенше күн жақсы, Сау - саламат болайық.
С дыбысы және әрпі
- Рысгүл72
- 7 ақпан 2014
- 7075
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, с дыбысы, әрпі
Ұқсас жаңалықтар:
С дыбысы және әрпі
Өткен дыбысты қайталау, зейінін бақылау. Жаңа С дыбысымен таныстыра отырып сөздер, сөйлем құрауға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау. Дыбыстық талдау...Б дыбыс мен әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға б дыбысы мен әрпін таныту, б дыбысының әріптік таңбалануын, айтылу мен жазылуын таныстыру. Б әрпі бар сөздер...С дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп - гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі Кабуова Сәуле...И дыбысы мен әрпі
Пәні: Әліппе Сыныбы: 1 Сынып жетекшісі: Базарбаева Мөлдір Талғатқызы...С дыбысы мен әрпі
Атырау қаласы № 2 орта мектебінің даярлық тобы мұғалімі Құдайбергеноа Ақырыс Нұрдаулетқызы Ұлттық ойындар: Сауат ашу сабағында. Сабақ тақырыбы: С...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.