Тақырыбы: «1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау»
Мақсаты: 10 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру. 10 санынан бастап бір - бірден шегеріп отырып, кері қарай 0 - ге дейін, 0 - ден 10 - ға дейін ауышша, жазбаша тура санай білуге үйрету. Ақыл - ой белсенділігін күшейту, шапшандыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, доп, 1 - 10 - ға дейн сандар.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, санау, теңестіру ойын.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру бөлімі.
І. Мен ақылдымын,
Қиындықтан қорықпаймын
Мен жаспын, қандай әдемімін,
Мен ұзақ өмір сүремін.
ІІ. Сұрақтар қою арқылы сабақты бастаймын.
- Қазір жылдың қай мерзімі?
- Қандай ай?
- Апта деген ағайдың, жеті бірдей ұлы бар (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).
- Бүгін аптаның қай күні?
II Қайталау.
1. Тура және кері санау.
2. 10 санның құрамы.
3. 10 көлеміндегі сандарды салыстыру.
ІІІ. Ойын: « Көршісін тап».
Керекті материалдар: 1 - ден – 10 - ға дейінгі сандар жазылған карточкалар.
Бір санды атаймын, мысалы, « Жеті» деймін. Омырауына жеті саны тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады.
Айтамын: Бұл санның көршілері, 6 ж/е 8 – ды. Карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды.
IV. Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Екі қолды қосқанда,
Тең болады он саусақ.
V. Дәптермен жұмыс.
1. Мысалдар шығару.
2.
1 + 1 = 2
2 + 1 = 3
4 + 1 = 5
3 + 1 = 4
5 + 1 = 6
6 + 1 = 7
VI. Таяқшалармен жұмыс.
1. 5 таяқшадан 2 бірдей үшбұрыш жасау.
7 таяқшадан 2 бірдей шаршы жасаймыз.
10 таяқшадан 2 квадрат, 1 үлкен, 1 кішкене жасаймыз.
VII. Ойын: «Қалт етпей қағып ал, Жауабын тауып ал».
Шарты: Балалар дөңгелене турады. Ортада турған мұғалім: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал», «5 + 1» - деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала «5 + 1» тең болады, алты деп, допты мұғалімге қайтарады.
VIII. Логикалық есептер.
1. Дүкеннен анам төртбұрышты 2 доп алып келді. Оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды. (Төрт бұрышты доп болмайды).
2. Төменде үш қаз ұшады
Үшеуі бұлтты құшады
Өзеннен көрдік екеуін.
Айтындаршы, қаз нешеу екенін?
IX. Қорытынды. Балаларды мақтау, мадақтау. Сонымен балалар біз нешеге дейін санау білеміз. – Ал енді, балалар, бәріміз зейінімізді тақтадағы мына сандарға аударайықшы, сандар ретімен қойылған ба? /2, 1, 4, 7, 10,.../
«1- ден 10 -ға дейінгі сандарды тура және кері санау»
- Венера1
- 5 ақпан 2014
- 40606
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бастауыш сынып, сандар туралы
Ұқсас жаңалықтар:
Тең топтармен санау. Тең топтарға бөлу
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар: 3, 4, 5-тен топтап санауды үйренеді Көптеген оқушылар: 3, 4, 5-тен топтап тура және кері ретпен санауды бірдей...16 саны мен цифры
16 санының құрамымен таныстыру. 0 - ден 16 - ға дейінгі сандарды ауызша, жазбаша тура, кері санап үйрету. Дидактикалық ойындар арқылы ой – өрістерін...8 саны мен цифры
Мақсаты: 8 - ке дейін сандарды қайталап, білімдерін бекіту. 8 - ке дейінгі санның құрамы, таңбасын, геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын...Бала тілі - бал
Білім беру саласы: Таным Оқу іс – әрекетінің түрі: Қарапайым математика. Мақсаты: Балалар 0 - 5 дейінгі сандарды тура, кері санау, жұбын табу, апта...7 санымен таныстыру
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру Тақырыбы: 7 санымен таныстыру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.