Сайтқа кіру Тіркелу

Т, Д дыбыстары.

Тақырыбы: Тіл дамыту, сауат ашу сабағында Т, Д дыбыстары.
Білімділік: балалардың Т, Д дыбыстары туралы білімдерін қалыптастырып, ол дыбыстарды орынды пайдаланумен бірге басқа дыбыстардан жақсы ажырата білуге, Ә. Жүнісбеков әдісі арқылы оқи білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын байыту, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Достық, ынтымақтастық, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Әдісі. Сұрақ – жауап. Көрнекілік. Текше, Мазмұнды суреттер.
- Балалар, бүгін біз оку іс - әрекеті жұмбақты шешуден бастаймыз. (Балалар Жұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын түсінеді.)
Жұмбақтар.
Төрт бұрышты, Бір ауызды.(Сандық.)
Асты тас, үсті тас,
Ортасында шандыр бас.(Тасбақа.)
Киелі бір жануар, Үстінде екі тауы бар.(Түйе.)
Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама(Кітап)
Сөзі дана
Үні жоқ.
Сөйлемейді,
Тілі жоқ.
Қолыңа алсаң шешен,
Ақылы асқан қөсем. (Кітап)
Балалар сабағымыз қызықты өту үшін екі топқа бөлініп, сайысқа түсемізбе бе?
Балалар. Түсейік.
Бірінші топ. Қөбелектер тобы.
Топ башысы Ботагөз
Екінші топ. Құмырысқалар тобы.
Топ башысы Мирас.
Екі топ башысы, өз тобын таныстырып өтеді.
Бірінші тапсырма: Т, Д дыбыстары бар сөздерді пайдаланып сөйлем құрау
Құмырсқалар тобы: Дана дүкенен доп сатып алды.
Көбелектер тобы: Дариға домбырамен ән салды.
Әр топ үш сөйлемнен құрайды. (Жұлдызшалар беріледі.)
Екінші тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай бірнеше рет қайталап айту. Бұл тапсырманы орындау барысында да таныс Т, Д, дыбыстарын пайдалануға тырысуымыз керек.
Көбелектер тобы. Далада көп шөп жатыр,
Милана. Көп шөптің үстінде
Көк доп жатыр.
Құмырысқалар тобы. Ақ тайлақ па,
Сырымбек. Қара тайлақ па?
Көбелектер тобы: Орта қойдым, жорта қойдым
Салтанат. Жорта қайдым, орта қойдым.
Құмырысқалар тобы. Тебіншек ат+ шегіншек,
Адина. Шегіншек ат - тебіншек.
Жаңылмай айтқан балаларға жұлдызшалар беріліп отырады.
Үшінші сайыстың тапсырма: Өтірік өлеңдер.
Қөбелектер тобы: Инелікке мініп айға ұшып,
Мадина. Жұлдызды жерге ала түстім.
Құмырысқалар тобы: Айда жүрдім қырық күн,
Айға қақпан құрып ап,
Әли. Шөпшек жақтым, шөп жақтым
Көлдің суын жылтым.
Көбелектер тобы:
Адина. Масаны кісендеп,
Жарысқа үйреттім,
Тоң тұрған пішен жеп,
Сиырды билеттіп.
Құмырысқалар тобы. Үлкен бөдене дүбірлете,
Әлия. Домбырамен күй тартты.
Мәнерлеп айтқан балаларға жұлдызшалар беріледі.
Төртінші сайыстың тапсырмасы: Екі топ достық, әдептілік ережелерін айтады.
Мирас: Достар бір - біріне қашанда қөмекке келіп, қолындағысымен бөлісетін, татау, сүйіспеншіліктері мол, бір - бірін сыйлайтын жандар.
Милана: Достық - адамдардың арасындағы сыйласымды қарым - қатынас.
Ботагөз: Достарыңды отбасы мүшелері сияқты жақсы көріп, сыйлап оларға әрқашанда көмек көрсетулерін қажет.
Адина: Достар әрқашан бір - біріне көмектеседі, бір - бірімен жанжалдаспайды, өтірік айтпайды.
Айсұлу: Әдепті сөздер Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз, рақмет, кешіріңіз, сізді көргеніме өте қуныштымын! кездескенше.
Нурали Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиет.
Аулым: Әдепті бала, ұқыпты, тілалғыш, шыншыл, қайырымды, еңбекқор, адал болады.
Арыстан: Автобуста үлендерге, жасы кіші балаларға орын береді.
Ерхан. Ата – анасын айтқанын орындайды.
Аяжан: Әдепті бала айналасындағылармен жақсы қарым – қатынас жасап, көмек қажет болса, дайын тұрады.
Мәнерлеп жақсы айтқан балаларға жұлдызшалар беріледі.
Бесінші сайыстың тапсырмасы: Тиым сөздер
Құмырысқалар тобы:
Дильназ: Үйге қарай жүгірме.
Айсұлу: Беліңді таянба.
Көбелектер тобы:
Әли: Жұлдызды санама.
Ерхан: Табылдырықты баспа.
Мәнерлеп айтқан балаларға жұлдызшалар беріледі.
Алтыншы сайыстың тапсырмасы: Суреттерді құрастырып әңгіме құрау.
Тәрбиеші: Мұна суреттерді құрастырып, мазмұны бойынша әңгіме құрайды.
Жетінші сайыстың тапсырмасы: Дыбыстарды дауыстап айтып, оның қандай жануардың шығаратын үніне ұқсайтынын тауып айту.
Ж – дыбысы: ж - ж - ж - ж - ж - (қоңыздың үні)
Р – дыбысы: р - р - р - р - р - (иттің ырылы)
С – дыбысы с - с - с - с - с -(жыланың ысылы)
З – дыбысы: з – з – з - з - з - з -(шыбының ызңы)
Сегізінші сайыстың тапсырмасы: Әр топ көп сөздердің ішінен Т, Д дыбысынан басталатын сөздерді тауып, оқып тақтаға ілу. Екі топ та 10 сөзден тақтаға іледі. Т, Д дыб. әріпінен басталатын сөздер айтыт, текшемен және тақтаға жазады.
Тоғызыншы сайыстың тапсырмасы: Аты аталған ертегінің және әңгімелердің кейіпкерлерін айтып шығып немен аяқталатынын айту.
Көбелектер тобы: «Мақта қызбен мысық», «Әке мен бала», «Қарылғаш пен дәуіт», «Қамқорлық»
Қымырысқалар тобы: «Суретші», «Тәтті тоқош», «Қарылғаштың құйрығы неге айыр», «Алтын бала».
Сайыстың 10 тапсырмасы топ басышыларына. Ойын. Миллион кімге бұйырады
Қымырысқалар тобының топ басшысы Мирас:
1. Ең суық мезгіл.
А) жаз
ә) қыс
2. Бір аптада неше күн бар:
а) 5күн,
ә) 7 Күн
3. Қ. Р. Бас қаласы.
а) Алматы,
ә) Астана
Көбелектер тобының башысы Ботагөз:
1. Бір жылда неше жыл мезгілі бар.
а) 5 мезгіл,
ә) 4 мезгіл
2. Бір жұдырықта неше саусақ бар.
А) 5 саусақ,
ә) 6 саусақ
3. Қ. Р. Мемілетік тілі.
А) Қазақ тілі,
ә) Түрік тілі.
Тәрбиеші сабақты қортындылайды: Екі топтың ұпайын санап қортындылау. Белсенді қатысқан топты атап өту. Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар рахмет сендерге. Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бастауыш сыныптарға арналған «Зерде » білім сайысы

Бастауыш сыныптарға арналған «Зерде » білім сайысы

Сынып сағатының мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Әр...
Әдептілік-әдемілік белгісі.

Әдептілік-әдемілік белгісі.

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиеші - мұғалімі...
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров

Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...
7 саны

7 саны

Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Ново – Покровка ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектеп» КММ. Шағын орталық тобының тәрбиешісі Нұрланбетова...
7 саны

7 саны

ШҚО, Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Аринова Қаламқас Базкенқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×