Сабақтың тақырыбы: Аққу мамық ұлпа қар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың оқу - жазу дағдыларын қалыптастыру, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, сөздік қорларын, логикалық ойлауын дамыту.
Тәрбиелік: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: карточка, топқа бөлу смайлктер, оқулық, қыс мезгілі автобус.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ, ай аттары, желтоқсан, қаңтар, ақпан, смайлктер, топпен жұмыс.
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, саяхат сабақ.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезең.
2. Салемдесу
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
3. Оқушыларды сабаққа даярлау;
Сабағымызды бастамас бұрын біз бір - бірімізге жылы сөз сыйлайық.
Мен сендерге ашық аспан тілеймін!
Балалар көңілдерін қалай болды?
Сондықтан әрқашанда жылы сөз айтуды ұмытпай
Бүгінгі ана тілі сабағымыз ерекше өтеді.
Біз сендермен қыс мезгіліне орай саяхатқа шығамыз.Сабақта біз топқа бөлініп әр аялдаманың тапсырмасын орындаймыз. Онда сендерді қызықты тапсырмалар күтіп тұр. Қандай топ тапсырмаларды орындай алмаса жолда түсіп қалады. Сондықтан бәріміз жұмыс істеуге тырысамыз. Ол үшін сендерге билет алу керек. Ал, мен сендерге билеттің орнына мен сендерді топқа бөлемін.
1 топ Желтоқсан
2 топ Қаңтар
3 топ Ақпан
Жолымызды көңілді өткізу үшін біз сендермен мынадай
« Желтоқсан» аялдамасына тоқталайық.
Балалар қыс дегенде ойымызға не келеді. (суреттейтін сөздер жазыңдар.)
аппақ, боран, суық, аяз, қырау, қар, суық, мұз, сырғанақ.
2. Оқулықпен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Оқушылардың өлеңді оқу.
Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар: өлеңде қай мезгіл суреттелген? Қыста немен сырғанайды?
Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелген?
Өлеңнің алғашқы екі жолындағы сөздерден дауыссыз дыбыстар
Аққу мамық ұлпа қар
Жамылады қырқалар
Шымшып аяз бетіңді
Ширатады етіңді
Қос конькимен ылғи біз
Жалтыр мұзда сырғимыз
Торғай тыста тоңады
Бұл қай кезде болады?
Дәптермен жұмыс:
Ай, күн Қаңтардың он бесі
Көркем жазу: Қыс қыс 21 - жатттығу
Құстар: қарға, торғай, көгершін;
Аңдар: қасқыр, қоян, түлкі;
«Демалыс» аялдамасы
1. топ Желтоқсан
Қыс қызығы коньки, шаңғы, шана, сырғанақ, ақ қала.
2 топ Қаңтар
Қысқы киімдер тон, тымақ, шапан, саптама, қолғап
3 топ Ақпан
Қыс айында болатын мерекелер.
1 желтоқсан Президент күні,
16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
Шырша тойы
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы – қырлы жерлермен
Ытқып – ытқып жүгірді.
Демалдық. Сапарымызды жалғастырайық.
«Қаңтар» аялдамасы. Бұл аялдамада
1. Тапсырма: Буындардан сөздер құрастыру.
Желтоқсан Ж
Қаңтар Қ
Ақпан А
«Ақпан» аялдамасы.
Қысқы еңбек туралы әңгімелеп беру ( топтастыру)
Бүгінгі саяхатымыздың соңғы аялдамасына келіп қалыппыз.
Барлығымызда да жақсы орындадық.
Сабақта алған әсерлерінді мына смайлкке стикерлерінді жапсырындар.
Үйге тапсырма беру. 22 – жаттығу 16 - бет.
Бағалау.
Аққу мамық ұлпа қар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
- Бакыткүл
- 3 ақпан 2014
- 5838
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамық ұлпа қар. Дауысты және дауыссыз дыбыстар.
Ұқсас жаңалықтар:
Ақ қыс. Т. Айбергенов
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірімен қысқаша таныстыру, өлеңдегі қыс бейнесін басқа ақындардың қысымен салыстыру....Ақша қар
Қызылорда облысы,Қазалы ауданы,Бірлік ауылындағы №102 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тілеубаева Салтанат Рахатқызы...Қосу және азайту.
Ақмола облысы, Атбасар ауданы Мариновка қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Осипова Бақыткүл Қайроллақызы...Қыс. Жуан дауысты дыбыстар.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы Қалалық классикалық гимназияның Бастауыш сынып мұғалімі Шамганова Гүлназ Амантайқызы..."Көңілді қыс" Жіңішке дауысты дыбыстар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Сапақкөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Балапашева Жұмагүл Рахметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.