Тақырыбы: 1 - 5 сандары.
Мақсаты: 5 - ке дейін реттік санауды бекіту, цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету, заттарды салыстыру дағдыларын арттыру, 1 цифрының баспаша жазылуымен таныстыру.
Құралдыр: әліппе - дәптері, суреттер, сандар.
Оқу іс - әрекетінің барысы:
Оқу іс - әрекетінің түрлері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Ынталандыру. Сезімді ояту
Амандасу.
- Амансың ба, алтын күн,
- Амансың ба, көк аспан,
- Амансың ба, қонақтар. Балалар, бір - бірінің қолдарын ұстап, шеңбер бойымен тұрады.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Әке - шешеміз аман болсын!
- Деніміз сау болсын!
деген тілектер тілейді.
Ұйымдастыру кезеңі
Бүгін бізге «Бауырсақ» ертегісіндегі кейіпкерлер қонаққа келіпті. Ертегіні есімізге түсірейікші.
- Ата мен әжеге бауырсақ пісіруге көмектесейік. Ол үшін Әліппе - дәптердегі тапсырманы орындау.
№1.
Суретте толық боялмаған көрініс берілген.
- Заттың қайсысы және нешеуі боялмағанын санаймыз.
Дұрыс, міне, біз де тапсырманы орындадық, бауырсақ та дайын болды.
Бауырсақты суытуға қояйық та келесі тапсырманы орындайық.
Әр сурет нешеуден?
1 күн, 2 түйе, 3 тау, 4 гүл, 5құс.
- Құс түйеден көп, тау гүлден кем, т. б....
- Мәсаған, балалар, бауырсақ
бізден де, әже де, ата – дан да қашып кетіпті.
Бауырсақты іздеп табу үшін келесі тапсырманы орындайық
№2.
Әр топтағы артық затты сыз.
- Суретте заттың қайсысы бірден?
- Екіден?
- Үштен?
- Бұл заттарды қандай топтарға бөлуге болады?
- Топтарды бір сөзбен ата?
- Бауырсақ қай аңмен кездесуші еді?
- Қоянмен.
- Қоянның тапсырмасы.
Ауызша жұмыс.
Тақтада суреттер: 5 алма және 4 алмұрт.
Жемістерді салыстыру.
Ары қарай ертегімізді жалғастырайық. Бауырсақты
қоян босатып жібереді.
Ол домалап келе жатып қасқырға жолығады.
Қасқырдың тапсырмасы.
№3. жапсырмалау.
- Біз қоян мен қасқырдың тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз, демалып алайық.
Сергіту сәті
1, 2, 3 қарлығаш боп ұш
4, 5, 6 қарлығаш боп қалқы
7, 8, 9, 10 қарлығаш боп қон.
Бауырсақ домалап келе жатып аюға кездеседі. Біз аюдың тапсырмасын орындасақ, аю бауырсақты босатып жібереді аю нені жақсы көреді?
- Балды жақсы көреді.
Мынау аюдың бал салатын ыдысы, соның ішінде бізге берілген тапсырмасы бар
№4
Бірліктерді тауып, бастыр.
Торкөзге үзік сызықпен берілген 1 цифрларын жүргізіп шық.
Бауырсақ домалап келе жатып ең соңында түлкіге жолығады.
Түлкі қандай аң?
- Түлкі бауырсақты жеп қоймас үшін оның да тапсырмасын орындайық.
Түлкінің тапсырмасы «Түсіп қалған санды табу.»
1.. 3.. 5.
- Балалар, біз түлкінің де тапсырмасын жақсы орындадық.
Енді айтыңдаршы, бүгін біз нешеге дейін санап үйрендік?
Балалар дәптерлерін ашып, тапсырманы орындайды.
Суретті бояйды.
Сұрақтарға жауап беріп, тапсырманы орындайды.
Құрал - саймандар, ойыншықтар.
Ауызша есепке бәрі қатысады.
Тапсырманы орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Жай қарындашпен тапсырманы орындайды.
- Түлкі қу аң.
1. 2. 3. 4. 5.
Біз бүгін беске дейін санап үйрендік.
Оқу іс - әрекетін қорыту.
Балалардың тапсырмаларын тексереді, дұрыс, ұқыпты орындаған балаларды мадақтау
Аяқталған тапсырмаларын көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
1. Балалар 5 - ке дейінгі реттікті санайды.
2. Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйренеді.
3. 1 цифрының баспаша жазылуымен танысады.
1-5 сандары.
- Венера1
- 2 ақпан 2014
- 11920
- 0
- 0
Ілмек сөздер: мектепалды даярлық тобы, таным, сандарды үйрету
Ұқсас жаңалықтар:
«Бауырсақ» ертегісі
Мақсаты: Балаларға көркем шығарманы тыңдауға, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берулерін қорытындылап бекіту; олардың сөздік қорларын ұлғайту;...Ертегіде қонақта (ертегі бойынша әңгімелеуге дайындау)
Балаларға ертегі мазмұнын айтуға, сахналауға үйрету. «Қ» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы «қ» дыбысының айтылуын меңгерту....Бауырсақ кетті домалап
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті «Балдәурен» балабақшасының музыка жетекшісі Болатбаева Самал...Бір таңбалы сандарға ауызша көбейту және бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз...Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әлиева Гүлсім...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.