Сайтқа кіру Тіркелу

Қыс. М.Дулатов

Пәні: Әдебиеттік оқу. 2 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Қыс. М. Дулатов.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: автормен таныстыру арқылы, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анық - тау.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, автордың портреті, сызбалар, плакаттар.
Әдісі: Бис, СТО технологиясы, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Көшбасшы оқушыларға сәттілік тілеу.
II. Жаңа сабаққа дайындық. Қызығушылығын ояту.
1. Сөзжұмбақ шешу. Сөзжұмбақ шешу үшін, жұмбақтарды шешіп, торкөз - дерді толтыру.
а) Қыста ғана болады, ә) Есіктен кіреді еңкейіп, б) Отқа жанбас,
Ұстасаң қолың тонады. Төрге шығады қампиып. Суға батпас.
қ а р
а я з
м ұ з
ЙА+Я - ережесін еске түсіру: АЙАЗ - естілуі, АЯЗ - жазылуы.
- Қазір қандай мезгіл?-
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Қыс айларын ата?
- Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы еске түсіреміз?
- Дала аңдары туралы не білесіңдер?
- Қыс мезгіліне қандай өлең - жырларың бар?
- Бұл өлеңде қысты қалай сипаттаған? (Түн ұзарып, күн қысқарады)
1 - кезең: Тірек сөздермен жұмыс. Тақтаға жазу.(+- белгілеу)
Қыс, қар, аяз,, үскірік боран, суық, күн қысқарды, түн ұзарды, мұз қатты, құстар, жануарлар. ( 14сөз)
Есте сақтау.( ) мин. Тақтаны жабу. Дәптерге осы сөздерді жатқа жазу.
Дәптерлерін алмастыру, оқыту. Ұяшықты толтыру ( +-) белгілерін қою.
2 - кезең: II. Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. (5мин )
Топтастыру стратегиясы. Автор туралы түсінік беру..
1885 - 1935 ж Торғай облысында дүниеге келген
Ақын, жазушы
М Қоғам қайраткері

Әкесі Дулат
Шешесі Дәмеш Көркемсөз шебері
Оқушылар тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.
3. кезең: III. Қарама - қарсы сұрақтар: (+- белгілеу ) Миға шабуыл.
1. Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?
2. Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?
3. Қар қалай жауған?
4. Қыс қандай болды?
5. Қыста күн қысқара ма?
6. Қыста күн жылына ма?
7. Күшті аяз қай мезгілде болады?
8. Өзен - көл қата ма?
9. Өзен - көлдің үстінен адамдар жүре ме?
10. Үскірік борандар қай мезгілде болады?
11Орман ішінде құстар көріне ме?
12. Қоян қыста қалай тіршілік жасайды?
13. Үй жануарлары қыста қалай тіршілік етеді?
14. Үй жануарларына қыс мезгілі жайлы ма?
15. Қыстыгүні жылқышыларға қиын ба?
16. Жылқышылар неге қыста далада жүреді?
17. Жылқышылар неден қорқады?
18. Жылқышыларды неге теңейді? ( байғұсқа)
19. «Шилі бет» деп кімдерді айтады?
20. «Жалтаң аяз» дегенді қалай түсінеміз?
21. Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
22. Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?
23. «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?
4. кезең: Сергіту сәті. ( қимылмен жасау)
Қыс. Қар жауды.
Алай - дүлей боран соқты.
Күн ашылды, боран басылды.
Айнала аппақ қар жамылды
5 - кезең: Сыни сұрақтар.(+- белгілеу) Ой толғау.
1. Қыс мезгілі.
2. Желтоқсан айы.
3. Қар аз жауды.
4. Нағыз көктем басталды.
5. Қыста күн қысқарады.
6. Қыста күн суық.
7. Күшті аяз қыста болады.
8. Өзен - көл мұз болып қатты.
9. Қатқан өзен - көлдің үстінен адамдар жүреді.
10. Үскірлі борандар қыс мезгілінде болады.
11. Орман ішінде құстар көрінбейді.
12. Қоян қыста ұйықтайды.
13. Үй жануарларына адамдар қыста шөп, су, жем береді.
14. Үй жануарлары қыста қиналады. Бапсыз, жайсыз, еркінмен жайыл - ы.
15. Қыста жылқышыға қиын.
16. Жылқышы қыста жылқының соңында.
17. Жылқышылар қасқырдан қорқады.
18. Жалтаң аяз - бетті шымшиды.
19. Жылқышының шилі беті - үсіген, желге қарай алмайды.
20. Қысқы аяз балаларға әсер қалдырады.
21. Қыс мезгілі маған ұнайды, себебі...
22. Қыс мезгілі маған ұнамайды, себебі...
23. Қыс мезгіліне сипаттама: жаңбыр, ағаштар бүршік атады, аязды жел..
6 - кезең: Тақырыптық сөздік қор жазу. (+- белгілеу )
Шығармашылық жұмыс.
Бұл жерде, эссе жазуға, бес жол өлең, сөйлем жазуға болады, дәптерлерін алмастырады.
Неше сөз жазғандарын оқып береді.
7 - кезең: Қорытындылау. Венн диаграммасы.

Қыс Ортақ Көктем
Ортақ белгі: жыл мезгілі, З ай, тіршілікпен байланысты.

8 - кезең: Үйге тапсырма беру. Қыс мезгіліне сурет салу.
9 - кезең: Бағалау. Мадақтау белсенді қатысқан оқушыларды.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×