Сайтқа кіру Тіркелу

Қалдықпен бөлу

Қалдықпен бөлу
Білімділік: Қалдықпен бөлу тақырыбы бойынша алған білімдерін пысықтау, жинақтау.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін, шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды өз бетімен ізденуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып пәнге қызығушылығын арттыру, сыйластыққа,
ұжымшылдыққа жұмылдыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс, тәй - тәй технологиясын қолдану.
Сабақтың типі: Білімді жүйеге келтіру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелесу.
Оқушылардың Бұл тақырыпты қайталай отырып есептер мен тапсыр міндеті: амалардарды орындау.
Сабақтың Суреттер, плакаттар, оқулық, есепке байланысты көрнекілігі: көрнекіліктер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:

а) Сәлемдесу, таныстыру.
б) Психологиялық дайындық.
Сәлем арайлы күн!
Сәлем менің достарым!
Қол ұстасып бәріміз!
Бүгінгі сабақты бастайық!

2. Мотивациялық - өзекті бөлім:
Мақсаты: Мәселені қою және оны шешу.
Оқушылармен тақырыпты талдау.
- Балалар біз алдыңғы сабақта қалдықпен бөлу тақырыбын өткен болатынбыз. Ал бүгінггі сабақта біз сол тақырыпты пысықтаймыз. Яғни бүгінгі біздің тақырыбымыз «Пысықтау». Бүгін біз сіздермен әртүрлі тапсырмаларды орындауымыз керек. Олай болса, іске, сәт!
3. Кіріспе бақылау:
Мақсаты: Тақырып бойынша алған білімдерін пысықтау.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың өзіндік ерекшелігі бар. Бүгінгі біздің сабағымыз әр - түрлі қызыққа толы және бұл сабақта біз барлығымыз ат салысып қатысамыз. Балалар алдымен барлығымыз ортаға шығайық. Бәрілерің мына түрлі фигураларға назар аударыңдар. Мұна әр түрллі фигуралар берілген. Сіздер соның ішінен өздеріңізге ұнайтын фигураларды таңдайсыздар. Жақсы. Енді сіздер сол фигураларыңызға қарап өз серіктеріңізді таңдаңыздар. Тамаша! Ал енді жан - жақтарыңа назар аударыңдар. Үстелдердің үстінде сіздердің фигуралаңыз тұр. Сіздер сол фигуралардың жанына барып тұрыңыздар. Балалар біз бүгінгі сіздер көріп тұрған мекендерге шолу жасаймыз. Бүгін біз алты мекенге аралап шығып, олардың тапсырмаларын орындаймыз. Сіздердің алдарыңыздағы мекендер:
1. Қалдықпен бөлу.
2. Теңдеу мекені.
3. Есеп мекені.
4. Өрнектер мекені.
5. Шығармашылық мекен.
6. Санның квадраты мекені.
- Балалар сіздер өз орындарыңызды таптыңыздар. Бірақ бүгінгі сабақта бір шарт бар, яғни сіздер тұрған мекендеріңіздің тапсырмаларын орындап, сағаттың бағатымен келесі мекендерге, көшіп олардың да тапсырмаларын орындайсыңдар. Сіздердің әрқайсысыларыңызға алда бағалау парақтары берілген. Сіздердің жандарыңызда тапсырмаларыңызды тексеріп, әділ баға қойып отыратын бақылаушыларыңыз отырады. Әр тапсырманың өзіндік шектеулі уақыты бар. Әр тапсырманы сіздер 5 минутта орындауларыңыз керек. Шапалақ ұрысымен сіздер келесі мекенге көшесіздер. Жақсы олай болса, бастайық!

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Красноярка ауылы,
№25 орта мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Бекешева Бигул Қойшықызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қалдықпен бөлу
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×