Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық ойын
Мақсаты: 1. Балаларды кеңістік қатынастарымен (оң - сол, үстінде, астында, арасында) таныстыру.
2. Балаларды заттың көлеміне қарай салыстыруға үйретуді жалғастыру. (жоғары - төмен, ұзын - қысқа)
3. Логикалық ойлауларын жетілдіру, кеңістікте орнын дұрыс табуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: цифрлар, геометриялық фигуралар, карточкалар, лента(бірі ұзын, бірі қысқа).
Ұйымдастыру кезеңі: Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң баршамыз.
Сабақтың барысы: Балалар бүгінгі сабағымыз күндегіден де ерекше өтеді. Сендер ғажайып әлеміне саяхат жасағыларың келеме? Балалар ия деп жауап береді. «Ғажайыптар әлеміне саяхатқа»біз тез бару үшін мынадай сұраққа жауап беруіміз керек.
1. Бір жылда неше мезгіл бар?
2. Бір қолда неше саусақ бар?
3. Бүгінгі пәніміздің аты қандай?
Балалар Ғажайып әлеміне жетеді.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы жерде бір хат жатыр. Жақын барып қарайықшы, мүмкін бұл бізге шығар. Қанеки балалар бұл қағазда не жазылған екенін оқып көрейік. Балалар бұл хатта бізге Ғажайыптар әлемінің берген тапсырмасы жазылыпты. Егер біз осы тапсырманы дұрыс орындасақ, өнегелі, тәртіпті, білімді балалар боламыз. Тапсырманы орындап көреміз бе?
Балалар! Ия.
1 - тапсырма: Мына аңдардың қайсысы қай есікке кіреді? Есіктің биіктігін салыстыру, есік саны, ең биік есік нешінші тұр?
2 - тапсырма: Геометриялық фигуралардан адам бейнесін жасау керек. Дөңгелек, Үшбұрыш, Төтбұрыш, Сопақша, Шаршы.
3 - тапсырма: - Бірінші қатарда үш (алма)
Ал екінші қатарда екі (өрік)
Қайсысында көп?
Қайсысында аз?
Екі қатарда бірдей болу үшін не істеу керек?
Сергіту сәті:
4 - тапсырма: Мына қарындаштардың қайсысы жуан жіңішке екенін ажырату керек.(төрт қарындаш)
5 - тапсырма: Ортада отырған қуыршақтың оң жағында және сол жағында отырған ойыншықтарды атап беріңдер? (Алдында, артында, оң жақта, сол жақта)
6 - тапсырма: Балалар шаршаған шығарсыңдар ендеше бір ойын ойнап көрейікші.
Лентаны алып, кім тез орайды екен жарысамыз. Ортаға екі бала шығады, бірінде қысқа лента, ал екіншісінде ұзын лента болады. Неге бірінші бала тез орады?
Балалар: Өйткені бірінші баланың лентасы қысқа.
7 - тапсырма: Балаларға сандар беріледі. Тақтада 5 - ке дейін сандар болады, сол сандарды тура және кері санау. Қай сан үлкен, қай сан кіші?
8 - тапсырма: Д\О; «Кеңістікті бағдарла»
Мақсаты: Балаларды кеңістік ұғымымен таныстыру. Дұрыс бағдар жасауға үйрету. Оң, солын тани білуге тәрбиелеу.
Шарты: Алдарына түстері әртүрлі геометриялық фигуралар беріледі. Сол фигураларды карточкада көрсетілген клеткаларға яғни кеңістікке қойып шығу керек.
Қимыл ойын: «Сыңарын тап»
Музыка әуенімен балалар қолдарына берілген пішіндерді ұстап билейді. Әуен тоқтағанда теңін тауып тұра қалады. Мысалы: үшбұрыштар бірге, сопақшалар бірге.
Қорытындылау: - Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қайда саяхат жасадық?
Геометриялық пішін дегеніміз не?
Математикадан дидактикалық ойындар
- Қалдыкүл
- 28 қаңтар 2014
- 23519
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математикадан дидактикалық ойындар
Ұқсас жаңалықтар:
«Ғажайып математика»
Мақсаты: 5 көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау....4 цифрымен танысу. Үлкен, кіші.
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Корганбаева Ардак Куанишовна...Сен білесің бе?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы «Жұлдыз» балабақшасы ІІ - ші кіші топ тәрбиешісі Ниетбаева Г. А....Ғажайып әлемге саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз орта мектебі, шағын орталық тәрбиешісі Байтуреева Сандуғаш Успанқызы...Нешінші?
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы "Жұлдыз" балабақша тәрбиешісі: Садыкова Т. С....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.