Сабақтың тақырыбы: Омонимдер
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік мақсаты: Омонимдер туралы түсінік беріп, жаңа тақырыпты мысалдар арқылы меңгерту,сөздердің мағыналарын таныту.
Тәрбиелік мақсаты: Омонимдер арқылы қазақ тілінің сөз байлығы жайлы тоқталып, ана тіліне құрмет сезімдерін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өзіндік жұмыс түрлерін орындату арқылы ой - өрістерін кеңейту, шығармашылық тапсырмалар арқылы сөйлеу тілдерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,математика
Әдіс-тәсілі: сұрақ - жауап, баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылау.
(Дәптерлерді жинау)
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сөз деген не?
- Белгілі бір ұғымға берілген атау.
2. Сөз мағынасы деген не?
- Сөздің ішкі жағы, яғни мазмұны.
3.Антоним деген не?
-мағынасы қарама-қарсы сөздер.
4.Синоним деген не?
-мағыналас сөздер.
5.Омоним деген не?
-жазылуы бір мағынасы әртүрлі сөздер
-Не байқадық?
-Бас және алма сөзі екі мағынада айтылып тұр.
ІІ. Жаңа сабақ.
Көркем жазу минуты
Ж ж
Жаз
Жаз сөзіне мәндес сөздер, мағынасы қарама-қарсы сөздер тауып айтындар.
1.Ойлан тап
8 4
6 н о
4 м и
7 9 4
3 н о а
6 м т и
4 9 5
7 м о и
8 н с
24,32,24,48,16,32.12,21,54,27,21,24,42.72,35,32,63,32,35,28.
- қандай сөздер шықты?
2.Кім жылдам? Берілген сурет бойынша басқа мағыналы сөздерді тауып, сөйлем құра.
3.Сабақ, қой, түс, қап сөздері омоним болатындай тіркестер құрып жазыңдар.
ІІІ. Жаттығулар жұмысы
2-жаттығу Сөйлемдегі қарамен жазылған сөздердің басқа мағыналарын тауып,сөйлем құрастырып.
Менің әкем- жылқышы.Алмат өте зерек оқушы. Біз көршілерімізбен тату-тәтті тұрамыз.Есікке кілт салынды. Айнұр өлеңді жақсы айтады.
5-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз.
1.... - өсімдіктердің түбір тарамы. ...- адам денесіндегі қан жүретін жол. 2.Адамдар ... ду етіп күлді. ... - жап-жазық жер. 3. ... – газет,журнал,кітап шығарумен айналысатын мекеме. Тамағы ... болып ауырған адам суық су ішпеуі тиіс.
Керекті сөздер: тамыр, баспа, тегіс.
ІV.Қорытындылау.
Рефлексия.
Үйге тапсырма беру. 62 бет4- жаттығу
Бағалау.
Омонимдер
- Гүлназ0289
- 28 қаңтар 2014
- 12698
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Омонимдер, қазақ тілі, антонимдер, синонимдер, бастауыш сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Омонимдер
Сабақтың мақсаты: а) омонимдер туралы түсінік беру, осы ұғымға тән ерекшелікті қамту; ә) омонимдер мен көп мағыналы сөздерді бір - бірінен ажырата...Омонимдер
Сабақтың мақсаты: - білімділік: Мысалдар беріп талдату арқылы белгілеріне қарай топтастырып, омонимдердің анықтамасын оқушылардың өздеріне қорытып...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын...Омонимдер
Сабақтың тақырыбы: Омонимдер...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.