Сайтқа кіру Тіркелу

Екі шыбын

Пәні: Әдебиеттік оқу
Класы: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Екі шыбын. А. Байтұрсынов
Сабақтың мақсаты: Ақынның өлеңіндегі негізгі ойды ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушыларға «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
3. Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ой шақыру, сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: Суреттер, слайдтар, сызбалар.
Сабақ барысы
1. Алғашқы ұйымдастыру. Назарларын сабаққа аудару
Айналаңа шын жүректен қуаныш сыйлай біл!
а/Психологиялық ахуал. Шаттық шеңбері. Құрбыласпыз, тұрғыласпыз,
15 – іміз күлімдейміз.
Бір бақшаның гүліндейміз,
Таланттымыз, қанаттымыз,
Жақсы оқимыз сабақты біз!
ә/Қызығушылықты ояту.
- Жақсы оқтын оқушыны қалай атаймыз?
- Білімді, оқымысты, алғыр, зерек т. с. с.
Олай болса мына парақшаларды таңдай қойыңыздар. Сонда топтарыңның аты шығады.
1 топ «Зейінділер» 2 топ «Білгірлер» 3топ «Алғырлар»
б/ Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын үлестіру. Мерекелік жалаушаларға қол жеткізу
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1 топ «Ақкөл жағасында» мәтінінің мазмұнын сұрау
2 топ А. Байтұрсынов туралы не білесің?
3 топ Мәтінді сахналап көріңдер.
3. Жаңа сабақ. Мағынаны тану. Ребус шешу

Шешуі: Екі шыбын

1873 - 1938ж ағартушы педагог ғалым, аудармашы, ақын
Қостанай обл. 1901 - 1922 ж.
Сартүбек аудармамен
деген жерде туған айналысқан

«Қырық мысал» «Маса» А. С. Пушкиннен
Кітабы 1909 ж. «Тіл тағылымы» И. А. Крыловтан

Басқа жәндіктерге азық ауада ұшады, жерде жорғалайды
6 аяғы, 2 қанаты бар
Лас жерде жүреді,
түрлі аурулар
таратады ғаламшардың кез – келген түкпірінде таралған

Буын аяқтыларға жатады
Крыловтан аударған аудармаларының бірі - «Екі шыбын». Бұл мысал түрінде жазылған.
- Мысал дегеніміз не?
Мысал дегеніміз - шығарманың ішіндегі ең қысқа түрі. Көбіне, аң, хайуанат, жәндік туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін, кемшілік мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады.
Мысалда түйінді ой болады. Түйінді ой дегеніміз - ақынның айтар өсиеті.
4. Оқулықпен жұмыс
Мұғалімнің мәнерлеп жатқа айтуы
а/ Мәтін бойынша жұмыс
3 топ Мәнерлеп оқып, мазмұнын айт.
2 топ Негізгі ой жазылған өлең жолдарын тап.
1 топ 2 шыбын қандай? /жаз/
5. Сөздікпен жұмыс
Сабан - дәнді - дақылдардың бастырылып, дәннен ажыраған сабақтары
Маңғазданып - кербезденіп
Өзімсіп - өзгенің ісін өзінікіндей көру
Ғибрат - үлгі, өнеге
Шылауында - жетегінде, біреудің ырқында
Текке - босқа, бекерге
Кез болды - жолығу, қарсы жолығу
6. Сергіту сәті
Ән әуенімен «Балапандар» биі.
7. Шығармашылық тапсырма.
1. Мысалдағы шыбынның әрекетіне өгіздің көзімен пікір айтыңыз.
2. Мысалдағы оймен мазмұндас мақал - мәтел табыңыз.
8. Тест тапсырмалары
1. «Жер жыртып күні бойы, шаршап келем,
Мазалап сұрап саған не керегі?» деген мысалдағы қай кейіпкердің сөзі
а/ өгіздің ә/ автордың б/қара шыбынның в/ таныс шыбынның
2. Өзгенің еңбегін, дәулетін өзімдікі деп иемденетін адамдар бейнесін ақын не арқылы суреттейді?
а/ сабан тартқан өгіз ә/ таныс шыбын б/ қара шыбын в/ екі шыбын
3. «Екі шыбын» мысалындағы қара шыбынның әрекеті қандай адам бейнесін береді?
а/өзгенің еңбегін иемденуші ә/өзгелерге көмек беруші б/өзгелерді менсінбейтін
в/ өзін жоғары бағалайтын
9. Өзіңді тексер!
10. Бекіту сұрақтары:
1. Қара шыбын неге шаршап келді?
2. Мысалдағы өзекті ойдың мәнісі қандай?
3. Мысал мазмұны қандай мінезді меңзейді?
11. Үйге тапсырма
1. Мысалды жаттау.
2. Сахналау.
12. Бағалау. Топ басшыларын тыңдау
Мерекелік жалаушалар сыйлау.
«5»- көк жалауша
«4»- сары жалауша
«3»- жасыл жалауша
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×