Сабақтың тақырыбы: Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты: Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау және оқушылардың алған білімдерін одан әрі жалғастыру.
Оқушылардың ұлттық, спорттық ойынға деген сүйіспеншілік сезімдері арқылы, топта бір - біріне қамқор, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын, ой - өрісін, қиялын, тілін дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, кеспе қағаздар, бағалау бұрышы, интерактивті тақта
Түрі: Пысықтау сабақ
Әдісі: Сұрақ - жауап, топтау
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, математика, дене шынықтыру
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу. Сапқа тұрғызу. Бірінші, екінші, үшінші деп санату.
1 топ бір қадам алға, 2 топ екі қадам алға. Топтарға отырғызу.
Топ ережесін еске түсіру
2. Психологиялық дайындық
«От шашу» атайық. Сабақ желісін хабарлау.
- Ұлттық ойындарды білеміз бе?
- Соның бірі «Тай жарыс». Көктем келді, күн жылынды. Тайы бар балалар жарысқа шығады. Біз де бүгінгі сабақта тайымызбен жарысқа түсіп көрейік. Тай жарыста бірнеше бала қатысады. Бірақ мен сіздерге 1 баланың бейнесін алып тұрмын. Әр 3 топқа 3 тай беріледі. Тапсырмаларды орындау арқылы әр белестерден өтіп жарысып отырасыздар./ Топ басшыларын сайлау/
Сонымен қатар сіздерді ат әбзелдері арқылы бағалаймын. Әбзелдерді жинауға ат салысайық.
«Өте жақсы» - ашамай
«Жақсы» - таға
«Қанағаттанарлық» - қамшы
Ат жарыс, тай жарыстардың өздерінің шақырымдары болады. Шақырымды анықтап алайық.
3. Үй тапсырмасын тексеру
Ол үшін үй тапсырмасы бойынша тапсырмаларды орындайық. Мына машиналарды тез сатып жіберсек, мейлінше тез білеміз.
1 топ. 1. Жұмбақты оқы, шешуін айт.
2 топ. 2. Сан есімді тауып, түрін анықта
3 топ. 3. Қос сөзін қандай сан есіммен алмастыруға болады?
4. Жаңа сабақ
3 шақырымның тапсырмасы: «Кім жылдам?» ойыны
Реттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?
1 топ 2 топ 3 топ
Бесінші бөлме тоғызыншы бет екінші касса
Жетінші пәтер он төртінші қатар сегізінші қайық
Болған топ бес жұлдыз арқылы білдіру
3 шақырымның тапсырмасы орындалды. 4 шақырымның тапсырмасы:
4. Дәптермен жұмыс
23 - жаттығу. Көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің сатын - бір, реттік сан есімнің астын - екі сыз.
Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ, жеті кітап.
5 шақырымның тапсырмасы:
24 - жаттығу 1 топ Мәтінді мәнерлеп оқып бер.
2 топ Сан есімдерді тауып, қай түрі екенін айт. 3 топ Сан есімі бар сөйлемдерді жаз.
Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70 - тен аспайды.
МҰҒ: Бұл сөйлемдерде сан есімнің жазылуына мән беру керек. Сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады. Сызықша қойылмайды. Ал егерде жалғау жалғанса цифрден кейін міндетті түрде сызықша қоямыз.
6 шақырым тапсырмасы: Сергіту сәті
Тай үстінде би билеу
7 шақырым тапсырмасы: «Тез, ойлан!» ойыны
1 Өзгертпе сөзді шеш 2 Сан есімдерді тап 3 Қандай сан есімдер?
8 шақырым тапсырмасы: Ребус шешу.
Жаздың бір күні - қыстың мың күнін асырайды
9 шақырым тапсырмасы: Бекіту. Тайға мінген бала ұлттық киім үлгісін беріп жіберіпті. Жай киім емес, тапсырмасы бар сиқырлы қағаз екен. Қане, көрейік.
/кеспе қағаздар тарату/
Реттік сан есімге – көптік жалғауларын, есептік сан есімге 3 жақтың тәуелдік жалғауларын қосып айт.
1 топ--------------------2 топ----------------- 3 топ
Бір і ---------------------екі сі-------------------үш і
Алты сы----------------он ы -------------------бес і
Бірінші лер----------екінші лер--------- үшінші лер
Алтыншы лар------оныншы лар---- --тоғызыншы лар
10 шақырым Мәрені анықтау
7. Бағалау. Жинаған ат әбзелдеріне байланысты ұпай сандарын қорытындылау. Топ басшыларына орын беру.
8. Үй тапсырмасы: 25 - жаттығу. Сурет бойынша шығарма жазу
9. Кері байланыс: Ұнады. Ұнамады
Есептік және реттік сан есім
- Бурамбаева
- 22 қаңтар 2014
- 17479
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Есептік және реттік сан есім
Ұқсас жаңалықтар:

Есептік және реттік сан есім
Оқушылардың есептік және реттік сан есім туралы түсініктерін кеңейту. Сөйлемнен сан есімдерді таба білуге үйрету. Сөз таптарын ажырата білуін, сөйлем...
Дара және күрделі сан есім
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...
Сан есім
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...
Сан есімді қайталау
Ақтөбе қаласы,"Сымбат" жеке мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Насумова Замзагуль Сагинбаевна...
Тест жұмысы
Өскемен қ, №36 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Алимханова Дина Жиенбекқызы Тест жұмысы (сан есім) 1. Есептік сан есім нені білдіретінін...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.