1. Елбасы. Еліміздің рәміздері
2. Мектеп
3. Оқу құралдары
4. Мектептің спорт алаңы
5. Күн режимі
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Елбасы. Еліміздің рәміздері.
Сабақтың мақсаты: Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.
Н. Ә. Назарбаев сөзімен таныстыру. Мектеп ішінде жүріп – тұру ережесін үйренуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті. Мемлекеттік рәміздер.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру:
Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару
2.. 2. ҚР - ның президентінің сөзімен таныстыру
3. Айналайын!
Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»- аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын! Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.
Қазақстан Республикасының президенті: Н. Назарбаев.
Қорытындылау:
Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында білдік?
ҚР - ның рәміздерін атап көрейік. Әнұранның сөзімен таныстыру. Әнімен айтып беру.
Бастауыш сынып мұғалімі
Нысанбаева Бакеш Жусуповна
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.