5 - ке көбейту және бөлу кестесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: кестелік көбейту және бөлу ережелерін қайталай отырып, 5 - ке көбейту және
бөлуді үйрету, ұғындыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін, өздігінен жұмыс істеу
дағдысын дамыту, ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі: оқушыларды өзгені тыңдап, өз ойын еркін айтуға баулу, белсенділікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Көрнекілігі: 5 - ке көбейту және бөлу кестесі, слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық дайындық.
ә) сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
б) «Ғалымдар патшалығында»әлемді таңғалдырған сарай бар екен. Онда ақылды әрі білгір
математика тұрады. Математикам өз сарайына сабақ оқымайтындар мен жалауларды
кіргізбейді екен. Ақылды, білімді, зейінділердің өзі сарайдың қақпасын өз қабілетімен ашып
кірді екен. Бүгінгі сабақта біз осы сарайға кіруге біліміміз жете ме екен, соны сынап көрейік.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 9. Теңдеу.
89 + Х = 134--------------X – 29 = 161---------------X + 100 = 137
X = 134 – 89--------------X = 161 + 29 --------------X = 137 - 100
X = 45 ---------------------X = 190 ---------------------X = 37
____________ --------_____________ --------_____________
89 + 45 = 134 ----------190 – 29 = 161 -----------37 + 100 = 137
134 = 134 ----------------161 = 161 ------------------137 = 137
ІІІ. Өткенді пысықтау.
- Балалар, біз өткен сабақта баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелділік жайлы есептер шығардық. Қазір соны қалай меңгергендеріңді білу үшін сұрақтар қоямын.
1 - сұрақ: Заттардың құнын табу үшін не істейміз? (1 заттың бағасын заттардың санына
көбейту керек)
2 - сұрақ: Заттың бағасын табу үшін не істейміз? (құнын заттардың санына бөлеміз)
3 - сұрақ: Заттардың санын табу үшін қандай амал орындау қажет? (құнын бір заттың
бағасына бөлу керек)
IV. Жаңа сабақ.
Дәптерге күннің жады мен жаңа тақырыпты жазу. (3 - слайд)
1) Оқулықпен жұмыс.
- Балалар, тақтаға қарайықшы. Мұнда 5 - ке көбейту кестесі жазылған.
- Неге бестен басталып тұр? (2. 5, 3. 5, 4. 5 өткенбіз)
2) Математикалық диктант (жауабын ғана жазу). (4 - слайд)
2. 5 = 10 5. 4 = 20 10: 2 = 5
3. 5 = 15 5. 3 = 15 15: 3 = 5
4. 5 = 20 5. 2 = 10 20: 4 = 5
- Көбейтінділердің мәндері қалай табылған? (қосу амалы арқылы табылған)
- Яғни, 5 - ті 5 - ке көбейту дегеніміз 5 - ті өз - өзіне 5 рет қосу.
- Теңдіктің оң және сол жақтарын салыстырайық, қандай айырмашылық бар?
(теңдіктің сол жағында 5 - ке көбейту кестесі, ал оң жағында сол көбейтулердің қосу амалдары арқылы берілген)
3) Неге әрбір келесі жолдағы өрнектің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 5 - ке артық? (5 - ті 5 - ке көбейту үшін 5 - ті 5 рет қосамыз, ал 5 - ті 6 - ға көбейту үшін
5 - ті 5 - ке 6 рет қосамыз)
5 - слайд. 5. 5 = 5+5+5+5+5---------------5. 5 = 25
5. 6 = 5+5+5+5+5+5-------------------------5. 6 = 30
5. 7 = 5+5+5+5+5+5+5----------------------5. 7 = 35
5. 8 = 5+5+5+5+5+5+5+5-------------------5. 8 = 40
5. 9 = 5+5+5+5+5+5+5+5+5---------------5. 9 = 45
- Қайсысы тиімді екен? (көбейту амалын қолдану)
Тақтаға назар аударайық.
Мұнда 5 - ке көбейту кестесі қалай құрылғанын қарайық
6 - слайд. 6. 5 = 5. 6
7. 5 = 5. 7
8. 5 = 5. 8
9. 5 = 5. 9
- Не байқадыңдар? (көбейткіштердің орындары ауысқан)
- Қандай ережені білеміз, еске түсірейік.(көбейткіштердің орындары ауысқанымен, көбейтіндінің мәні өзгермейді)
№ 3 тапсырмада. 5 - ке көбейту кестесін аяқта дп жазылған.
(дәптерге жазылады.)
5. 5 = 25
5. 6 = 30 5. 6 = 30
5. 7 = 35 5. 7 = 35
5. 8 = 40 5. 8 = 40
5. 9 = 45 5. 9 = 45
№ 4. 1) Ауызша. Бөлуге кері амал - көбейту. ( көбейтіндінің мәнін көбейткіштердің біріне бөлсек, екінші көбейткіш шығады.
2) 7 – слайд.
25: 5 = 5, себебі 5. 5 = 25
30: 5 = 6, себебі 6. 5 = 30
35: 5 = 7, себебі 7. 5 = 35
40: 5 = 8, себебі 8. 5 = 40
45: 5 = 9, себебі 9. 5 = 45
4) « Ойлан, тап» ойыны (8, 910, 11, 12 - слайдтар)
№ 7 есепке назар аудар. (ауызша)
Не белгілі?
Не белгісіз?
1) 1 к – 5 кг 2) 5 х – 25 тг 3) 1 ж – 5 тг
7 к -? 1 х -? 40 тг -?
Ш: 7, 5 = 35 Ш: 25: 5 = 5 Ш: 40: 5 = 8
Ж: 35 кг Ж: 5 тг тұрады Ж: 8 жапсырғыш
Тақтамен жұмыс.№ 8
656 – 98 = 558 ( 34 + 636 ) – 920 = 70 40. 7 – 40. 5 = 80
306 + 87 = 393 720 - ( 384 + 216 ) = 120 70. 3 + 70. 2 = 350
0: 100 = 3 90. 10 - 756 = 144 80. 3 + 30. 2 = 300
№ 9. Өзіндік жұмысы.
4, в в = 1, 2, 5, 8, 9, 0
4. 1 = 4 4. 2 = 8 4. 5 = 20 4. 8 = 32 4. 9 = 36 4. 0 = 0
Сергіту сәті. Ойын « Сарай құрастыру».
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
№10.
- Не туралы айтылған? - Не белгілі?
- Не белгісіз? - Неше амалмен шығарамыз?
1) Т. д. – 6 (о) Ш: (6+4). 2=20
Т. к. – 4 (о) Ж: 20 шұңқыр қазылды.
Әрқ – 2м
Шұңқыр -?
2) Ж. – 5 қ. әрқ. – 10 (г) Ш: 5, 10 + 42 = 92
Қ. – 42? Ж: 92 гүл өсіп тұрды.
№12. Ауызша.
- Қандай фигуралар қиылысады?
- Тік төртбұрыш пен бұрыш.
- Шеңбер мен қисық сызық.
- Шаршы мен тік төртбұрыш
Жазады:
1 қ. = 1 см Р = 1 см + 1 см + 1 см + 1 см = 4 см
Р =? Р = 1 см, 4 = 4 см
№11. Қалдықпен бөлу.
6: 5 = 1 (қ. 1) 1. 5 + 1 = 6
7: 5 = 1 (қ, 2) 1. 5 + 2 = 7
8: 5 = 1 (қ, 3) 1. 5 + 3 = 8
9: 5 = 1 (қ, 4) 1. 5 + 4 = 9
11: 5 = 2 (қ. 1) 2. 5 + 1 = 11
12: 5 = 2 (қ. 2) 2. 5 + 2 = 12
Қортынды:
- Қандай тақырып өттік?
- 5 санына байланысты не білесіңдер?
13 - слайд.
Сұрақтар:
1) Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін 2 - сыныпта өткенбіз. Сол өлеңдегі
5 асыл істі атаңдар.
5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
2) Ал, 5 нәрседен қашық бол дейді Абай атамыз. Олар нелер?
(15 - слайд)
5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
3) – Ертеде ата – бабаларымыз еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаған. Биыл тәуелсіздік мерекесінің неше жылдығын тойлағалы жатырмыз? (21). Ертеде батырларымыз елімізді қорғаған. Батырлардан кімді білесіңдер? Ата – бабаларымыз ер жігітте 5 қару болу керек деп санаған. Ендеше ерте заманда батырлар қандай қару асынған? (16 - слайд)
5 – қару: Садақ (кейіннен мылтық), найза, қылыш, шоқпар, айбалта.
4) Қазақ халқының ұлы адамдары көп болған. Кейбіреуін өзіміз білеміз, шығармаларымен таныспыз. Ал мына 5 адамды қазақтың 5 арысы деп атайды. Олар тәуелсіздікті аңсап, күрескен, қазақтың тілін, салт - дәстүрін сақтауға өз үлестерін қосқан.(17 - слайд)
5 арыс: Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатов.
5) Мұсылман халықтарының ұсынатын 5 парызы (18 - слайд)
5 парыз: зікір салу, намаз оқу, садақа беру, ораза ұстау, қажылыққа бару.
Үйге тапсырма беру. Бағалау
5-ке көбейту және бөлу кестесі
- мулдире
- 11 желтоқсан 2013
- 9104
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Математика, бастауыш сынып, 5-ке көбейту кестесі
Ұқсас жаңалықтар:
Санды 5-ке көбейту кестесі
Есепті қатесіз дұрыс шығаруға үйрету. Ой - өрісін, өзіндік жұмыс істей білу қабілетін дамыту. Оқушыларды ұйымшылдыққа, белсенділікке, өздерін емін -...Көбейтудің және бөлудің комоненттері
Сабақтың мақсаты: А) Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту. Ә) Білімділігі: Оқушыларды көбейту және бөлу...5 - ке көбейту және бөлу кестесі
Мақсаты: 1. 5 - ке көбейту және бөлу кестесімен оқушыларды таныстыру, көбейту мен бөлу амалдарын жан - жақты меңгертіп, өз беттерімен жұмыс істеу...5-ке көбейту және бөлу.
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, № 1 орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Кожухова Анар Бакитбековна...5-ке көбейту және бөлу
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы О.А.Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алимжанова Ақерке Сагатовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.