Сабақтың тақырыбы: Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Белгілі балалар ақыны Әнуарбек
Дүйсенбиев туралы түсініктер қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу, түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушыларға атай бойындағы адамгершілік қасиеттерді түсіндіре отырып, кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды білу. Оқушылардың ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Тәрбиелілігі: Табиғатты аялауға, үлкенді сыйлауға, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: ой қозғау, түсіндіру, сұрақ – жауап СТО технологиясының әдістері.
Көрнекілігі: слайдтармен көрсету тақырыпқа байланысты суреттер.
Топтастыру стратегиясы
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
- Балалар бізде қазір қай сабақ?
- Қандай тарауды өтіп жатырмыз.
ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.
1, 2 оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұрау.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай сұрақ болса да,
Таппай оны қоймайық.
Үй тапсырмасын ойын арқылы қорыту.
1 – слайд. «Ойлан тап»
Сандарды өсу ретімен таңдаймыз.
10) Жәнібек Кәрбозин кім? Оның қандай әңгімесімен таныстық?
20) Алтайды апасы қайда жұмсады?
30) Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?
40) Алтай Қанатқа қалай көмектесті?
50) Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?
60) Алтайға мінездеме беріп көр.
Сонымен, қорытындылай келсек, Алтай өзінің жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен нағыз дос екендігін көрсете білді.
Осы әңгімеден не түйдіңдер?
Алтайға риза болған кім?
Тағыда қандай туыстық атауларды білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ:
«Атай» деген сөзді естігенде ойларына не түседі?
2 – ші слайд
1. Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
Дәптерге күннің жадын жаздыру.
- Балалар Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?
3 – ші слайд. ( Әнуарбек Дүйсенбиев суреті )
4 – ші слайд.
а) Өлеңді оқу.
«Атай» өлеңімен таныстыру.
Көктем келді далаға,
Көктем келді көшеге.
Атамыз бар аулада,
Білесің бе нешеде?
Қоссаң біздің жасымыз,
Жетпейді оның жасына.
Бір қосылса басымыз,
Кете алмаймыз қасынан.
Қолдан шотын тастаса,
Тозған кітап түптейді.
Кейде әңгіме бастаса,
Кешке дейін бітпейді.
Бірде бағбан, бірде ұста,
Атай көңілі жатыр кең...
Бірге болған ұрыста
Амангелді батырмен.
ә) Суретпен жұмыс.
б) Оқушыларға іштей оқу, тізбектей оқу.
в) Сөздік жұмыс.
Шотын – кетпен – еңбек құралы. Тозған - ескі.
г) Өлеңді талдау.
1) Өлең неше шумақтан тұрады?
2) Әр шумақ неше тармақтан тұрады?
2. Сергіту сәті.
3. Жұмбақтарды шеш.
•Гүл – гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?
( Көктем )
•Қырға кілем жайылды.
( Қызғалдақ )
•Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.
. ( Қарлығаш )
4. Шығармашылық жұмыс.
І – қатарға - Көктем туралы әңгіме құрау.
ІІ - қатарға - Сурет салу.
ІІІ - қатар - Бір шумақ өлең.
10. Сабақты бекіту.
«Гүлдер теру» ойын.
11. Үй тапсырма: Өлеңді жаттау, «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрау.
12. Бағалау.
Атай (Әнуарбек Дүйсенбиев)
- мулдире
- 10 желтоқсан 2013
- 18578
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Әнуарбек Дүйсенбиевтің атай өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Абай Құнанбаев Қыс өлеңі
Қыс өлеңін Абай атамыз 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Бұл өлең...Күлпаш
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Б Майлин туралы түсінік беру. Күлпаш әңгімесін талдап мазмұнын ашу. Оқыған әңгіме туралы өз пікірін айту, оны дәлелдей...Не деу керек? Буын.
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш пәні мұғалімі Булекбаева Бакыт Саурбаевна...Ардақты Ана Дүйсенбиев
Астана қаласы №48 мектеп – лицейінің Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметкалиева М. Ж....«Атай»
Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Тишбекова Кенжегуль Махметовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.