Сабақтың тақырыбы: Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Сабақ мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Мамандық таңдай білуге баулу.
Түрі: Ойын сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу сәті:
- Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
Психологиялық сәт:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
“5 “- ке қолды жеткізу!
ІІ. Ой қозғау: Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел болашағы - білімді ұрпақ»- деп сіздерге үлкен сенім білдіруде Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел.
Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосатын маман болып, еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек ететіндеріңе менің де сенімім мол. Сондықтан «біз әлі кішкентаймыз демей, осы күннен мамандық таңдауды армандауымыз керек екен. Іштеріңде қандай да болмасын мамандықты таңдап жүрген оқушылар бар ма?
Мемлекетіміздің гүлденуіне үлес қосайық. Ол үшін әр маман иелерінің тапсырмаларын орындап, еңбектенуіміз керек?. Мемлекетімізді гүлдендіруге дайынбыз ба?
ІІІ. Өткенді еске түсіру:
1. Мамандықтың бәрі жақсы. Сол маман иелерінің барлығы ұстаздан білім алған.
Олай болса, мұғалім мамандығының тапсырмасына назар аударайық.
Мұғалімнің тапсырмасы: «Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
Шахтер тапсырмасы: «Ойлан тап».
Дидактикалық ойын. Ой қозғау(мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)
232 * 20 348 * 2 3720: 3
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
ІV. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті:
Жж
жақсы
Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
V. Жаңа сабақты пысықтау.
1. Дәрігер мамандығының тапсырмасы: «Поэзия минуты»
7 - жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты - ау ара оңдырмай
Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
(Қадыр Мырза Әли)
Автор туралы мәлімет айтылады)
● Өлеңді мәнерлеп оқиды.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табады: Тәтті – ащы
VI. Сергіту сәті:
Ал балалар, маман иелерінің тапсырмасын орындап, шаршаңқырап қалған болармыз. «Сергіту сәтін» жасап алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары - төмен қарайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары – төмен, алға – артқа, отыр - тұр)
Тігіншінің тапсырмасы: Мақалды жатқа жазу(8 - жаттығу)
1. Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
* Мағынасы қарама - қарсы сөздердің астын сыз
Скрипкашы тапсырмасы:.«Сиқырлы сандық» әзірлепті.(сандықтың ішінен сөздерді алып, мағынасы қарама - қарсы сөзді табады) 9 - жаттығу
● Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Мейірімді - мейірімсіз
Жуас - асау
Қымбат - арзан
Сұйық - қою
Қашық - жақын
VІ. Дәлелдеу.
Суретшінің тапсырмасы:
10 - жаттығу.
● Тек мағынасы қарама - қарсы сөздер жұбын теріп жаз.
● Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдеп үйрен.
жақсы – жаман, жоғары – төмен, оңай – қиын, үлкен – кіші.
Дәлелдеу үлгісі: жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені екеуінің мағынасы бір - біріне қарама - қарсы, әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.
жақсы бала, жаман адам, оңай тапсырма, қиын есеп, үлкен үй, кіші бөлме.
VІ. Милиционер тапсырмасы: Шығармашылық жұмыс: 3 топқа бөліп тапсырма дайындапты.
1 топ – мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
2 топ – сәйкестендіру тесті
3 топ – ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.
VІІІ. Сабақты қорытындылау Сатушы тапсырмасы:«Сиқырлы ұяшық» ойыны
Ереже Мақал - мәтел Түсіндірме әр түрлі
сөздік
10 10 10 10
20 20 20 20
Ереже
10 - сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
20 - қандай сөздер қарама - қарсы мағыналы сөз деп аталады?
Мақал - мәтел
10 - Білім сөзіне байланысты мақал айт.
20 - Жалғастыр. Әдепті бала – арлы бала,.......
Түсіндірме сөздік
10 – «Момын» сөзінің мағынасын түсіндір. Қарама - қарсы сөз айт.
20 – «шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
10 – 1 желтоқсан қандай мейрам?
20 - жеті қазынаны ата.
- Бүгінгі сабақта не істедіңдер?
Мамандық тапсырмаларын орындап, Қазақстанның гүлденуіне үлес қостық.
Сендерге ұнады ма? Алдарындағы дөңгелекшегелерге әркім өз көңіл - күйін белгілесін.
Х. Үйге тапсырма:
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
12 - жаттығу (72 бет)
ХІ. Бағалау..( қораптың ішін ашып, балаларға бағалар үлестіріледі)
Қарама-қарсы сөздер (4 сынып)
- Жадыра К.С.
- 6 желтоқсан 2013
- 130431
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мағынасы қарама қарсы сөздер, сөз мағынасына мән беру
Ұқсас жаңалықтар:
Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;...Ж ж дыбысы мен әрпі
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты: 1. 2. 9. 1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі...Сөз және оның мағынасы
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кенті, Нұн Жұбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Дәуітова Айнагүл Дәуітқызы...«Қарама-қарсы мағыналы сөздер»
Сабақтың тақырыбы: «Қарама - қарсы мағыналы сөздер»...Сөз және оның мағынасы
Сабақтың мақсаты: 1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; 2. Сөздік қорын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.