Сайтқа кіру Тіркелу

Мұхтар Әуезов "Бала Абай"

Тақырыбы: Мұхтар Әуезов. Бала Абай
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру.
2. Дамытушылық: Тілін, сөздік қорларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, ассоциация, топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, әңгімелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілік: ауыл көріністерін бейнелейтін сюжетті суреттер, ребус, пікірлер ағашы, М. Әуезовтің, А. Құнанбаевтың суреттері.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылығын ояту
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Психологиялық дайындық
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам жасаймыз.

3. Үй тапсырмасын сұрау: Алғашқы қоңырау. Тізбектей оқыту
4. Білімдерін тексеру: Қазақ даласына алғаш қоңырау соққан, мектеп ашқан кім? Ы.Алтынсариннің қандай өлеңдерін білесіңдер?
5."Сөзжұмбақ шешіп көр"
1. Оқығанды көңілге..... тоқылық.
2. Кел,......., оқылық.
3......., балалар.
4. Шамнан........ жағылыр.
5...... көйлек үстіңде.
6. Қартайғанда мал......

ІІ. Мағынаны тану.
1. Ребусты шешу. «Абай».
2."Ой шақыру" стратегиясы
ә) Абай ата туралы білетіндерін «Пікірлер ағашына» жазу.
б) Абай ата туралы роман жазған жазушы кім?

"Топтастыру" стратегиясы
- Кіріспе әңгіме жүргізу. Автор жайлы мағлұмат.
М. Әуезов туралы түсіндіру.
Мұхтар Әуезов

жазушы
Семей облысында туған.
«Абай жолы» романын жазған.
Ғалым
Академик, профессор
в) Абай атамыз жайлы түсіндіру.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845 - 1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси - әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
г) «Бала Абай» оқып, түсіндіру.
д) Мәтінді іштей оқыту, тізбектей оқыту.

"Түртіп алу" стратегиясы
..........

"Еркін жазу" стратегиясы
- Абайдың әжесі, шешесі кім?
- Қонақтар кімдер?
- Олар нені жырлады?
- Бала Абай нені жақсы көреді екен?
ж) Суретпен жұмыс.
- Суретте кімдер бейнеленген?
- Олар отырған үйді сипаттап айтып беріңдер.
- Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында болған оқиғаны әңгімеле.
ІІІ. Ой толғаныс
1. Сұрақ - жауап:
Абай ата туралы білгендеріне сүйеніп «Пікірлер ағашын» толықтыру.
Абай туралы қосымша деректер.
Абай атамыздың қандай өлеңдерін білесіңдер?
VІІІ. Қорытынды:
1. Үйге тапсырма: М. Әуезовтің «Бала Абай» шығармасын оқу, мазмұндау.
2. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×