Сайтқа кіру Тіркелу

Бала Абай мен Барлас ақын

Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Оқушыларды қазақтың классик ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен толығырақ таныстыру. Мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру.
2. Дамытушылық Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өздік жұмыс істеуге, ізденуге, творчестволық ойлануына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: Абай өлеңдері арқылы балаларды жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әрқашан ұқыпты, алғыр, зерек болуға үйрету.

Сабақтың түрі: дамытушылық сабақ.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақтар қою, Венн диаграммасы, топпен жұмыс істеу әдістері.
Көрнекіліктер: Абай Құнанбаевтың, Мұхтар Әуезовтің портреттері, қосымша әр түрлі кітаптар, сюжетті таблицалар, Абай туралы карточкалар, ватман қағаз, суреттер т. б. заттар.

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылығын ояту
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Психологиялық дайындық (жиын)
а) Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу рәсімін орындау.
Сабағымыз былайша басталады: оқушылар қол ұстасып, шеңбер құрып тұрады да, бір – біріне жақсы сөздер, тілек айтады.
- Қайырлы күн!
- Мен сендерді көруге қуаныштымын!
- Сендерге сәттілік тілеймін. Тәртіпті бол. Шыншыл ьол.
б) - Балалар, бері жақындап мына үстелдің үстінде жатқан әр түстегі дөңгелекшелерден таңдап алыңдар. 6 топқа бөліп отырғызу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырма: М. Әуезовтің "Бала Абай” әңгімесінің мазмұнын айту және шығармаға сәйкес сурет салып келу тапсырылған. Екі, үш оқушыға мәнерлеп оқытамын, қосымша сұрақ - жауап алынады. А. Құнанбаев туралы т. б. сұрақтар. Сосын өздері салған суреттері бойынша әңгімелеп береді. Екі, үш оқушыдан сұрау, тақтаға немесе қабырғаға суреттерді түгел ілу.
3. Өткен сабаққа шолу.
« Ой шақыру» стратегиясы.
Абай

II. Мағынаны тану.
1."Сөзжұмбақты шешіп көр"

1. Мәтін қалай аталады? Бала.......
2...... Абайдың жасы он үшке толған еді.
3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?
4. Абай неден көп шықпайтын болды?
5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
6. Биыл әсіресе Абайдың...... өскен.

1. М. Әуезовтің "Бала Абай мен Барлас ақын” әңгімесін оқимыз деп түсіндіріп өтемін.
2. М. Әуезовтің "Абай жолы” романы туралы бірер сөз айтамын.
3. Сұрақ - жауап. Диалог. Оның қандай өлеңдерін білеміз, т. б. талдау жұмысы. Енді бір бағанға жазу білетінімізді тізбектеп айтамыз, дәптерге жазамыз: Абай – ақын, композитор, суретші, аудармашы, реалист - шыншыл т. б. тізбектеп жазу. Ал енді, балалар, Абайдың балалық шағы туралы романнан үзінді берілген, соны оқып беремін. Әңгіменің ұнаған, ұнамағанын сұраймын.

1. Мәнерлеп оқу (өзім).
2. Сұрақ - жауап.
3. Рольмен оқыту.
4. Кейіпкерлерді табу.

2."Болжау" стратегиясы
Не болады деп ойлайсыз
Оған қандай дәлел бар
Не болды

Сергіту сәті.
3. Топпен жұмыс.
Әрбір негізгі сұраққа қосымша сұрақтар беру (3, 4, 5) арқылы түгел балалардың жұмыс істеуіне жағдай туғызамын.
І топ - Бала Абайға мінездеме беріңдер
ІІ топ - Абайдың әжесі мен анасына мінездеме беріңдер
ІІІ топ - Байкөкшеге мінездеме беріңдер
ІҮ топ - Барласқа мінездеме беріңдер
Ү топ - Барлас Абайға қандай бата берді

4.«Еркін жазу» стратегиясы
Мәтіндегі нақыл сөздерді тап, дәптерлеріңе жаз.
Топпен жұмыс жүргізіліп, топ басшылары жауап береді.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі.
Венн диаграммасын құрайық. Екі кейіпкерді алып, ортақ және ұқсамайтын үш қасиетін тауып жазу тапсырылады. Бұл жұппен жұмыс. Жұптасу арқылы ой бөлісу.
Сабақты қорыту:
Венн диаграммасы.
Барлас ------------ Байкөкше

Венн диаграммасына жалпы ойды қорытып, тақтаға ватман қағазға жазып іліп қоямын. Жалпы таблицалар мен кітаптарға шолу. Сұрақтар қою. Абайдың нақыл сөз, мақал, афоризмдерін сұрап өту.
Үй жұмысы: Мәтінді мәнерлеп оқу. 5 - 6 тапсырма.
1. Сөздік дәптермен жұмыс.
2. Авторлық дәптерлеріне Абай мен Мұхтарға Венн диаграммасын құрып келу тапсырылады.
Бағалау кезеңі. (Топпен бағалау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×