Сайтқа кіру Тіркелу

Көкшенің кеудесінде

Сабақтың тақырыбы: Көкшенің кеудесінде. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, Көкше табиғаты туралы түсінік алуларына жағдай жасау.
Дамытушылық: ойлау, есте сақтау, байланыстырып жазу, сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: табиғатты сүюге, көркейтуге, демалысты дұрыс ұйымдастыра білуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Көкше көріністері, Жұмбақтас, Оқжетпес, Бурабай суреттері.
Сабақтың барысы:
Сабақтың әдісі: топтау

Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі.
2. Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындату
3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Дала. Қ. Мырза Әли

I. Қызығушылықты ояту.
Оқушылар сендер қандай ақын жазушыларды білесіңдер?
Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Бүгін сендер аса көрнекті жазушы – Сәбит Мұқановпен танысасыңдар және оның «Көкшенің кеудесінде» тақырыбындағы мәтінін оқып танысамыз.

II. Мағынаны тану.
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы қазіргі С. Мұқанов атындағы ауылда дүниеге келген. Әдебиетіміздің ірі өкілі, барлық жанрда бірдей ең көп жазған, қазақтың аса көрнекті жазушысы, қоғам қайраткері.
Жазушының “Ботагөз”, “Өмір мектебі”, “Сырдария” романы, “Сұлушаш” дастаны және тағы басқа шығармалары бар

1. Мәтінді түсініп, зерттеп оқу.
2. Тапсырмалар орындау.
- Көкше табиғатын суреттеп айт.
- Көкше табиғатын асқақтатып тұрған көркемдеуші теңеу сөздерді жаз.
- Көкше табиғаты авторға не дегендей болды?
- Мәтінді әңгімелеп айт.

III. Сергіту сәті
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

IV сөздікпен жұмыс
Гауһар тас - бағалы тас
Селеу - шөптің аты
Көкорай шалғын - жайқалып өскен шалғын шөп.
Құз - биік жартас.
Сағым - алыстағы көрініс, елес

V Әр топқа тапсырма.
1 топ Табиғат туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
2 - топ Туған жер туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту
3 - топ Отан туралы мақал – мәтел немесе көркем сөз айту

VI Ой толғаныс.
Бурабай
Жұмбақтас, Оқжетпес суреттері, олар туралы аңызды айтып беру.
Құстың көптігіне қарап “Орманды”(Боровое) қазақтар“Бурабай”деп атап
кеткен. Бурабайдың ауасы таза әрі хош иісті. Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны 1910 жылы ашылды. Сол Көкшенің төбесіне тек бура ғана шығыпты деген аңыз бар.
Бір күні Абылайдың баласы Қасым хан садағынан жараланған бура көлге жете алмай өліп, тасқа айналыпты. Тас мәңгіліктің, беріктің сұлулықтың символы. Бурабайда қарағай өспейтін жер жоқ. Бурабайды Екінші Швейцария деп атайды. Бұл жерге дем алуға Қазақстанның әр жерінен адамдар келеді.

Оқжетпес
Абылайхан әскерлері қалмақ қызын қолға түсіреді, бәрі мен аламын деп таласқанда қыз шарт қояды. Көкшенің ең биік шыңына найза ағашқа байланған орамалды кім атып түсірсе соған тием дейді, бірақ ешқайсысы сыннан өте алмай шың “Оқжетпес”деп аталған. Оқжетпес - ең биік шың.

Жұмбақтас
Жұмбақтас - Оқжетпестің дәл қарсысында, судың ортасындағы жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады.
Биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда: 17 жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай көліне секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама - қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады.

VII Топтық тапсырма Мақалды жалғастыр
Туған жердің түні де ыстық,.........
Өз елің......
Жері байдың......
Ел... болмас, жер... болмас.
Ел... көрікті
Тау... көрікті,
Аяқ... көрікті.
Туған жердей... болмас,
Туған елдей... болмас.
Топтық тапсырма Табиғатқа байланысты қандай
тиым сөздерді білесіңдер?
Топтық тапсырма Бурабай - табиғат
Оқжетпес - туған жер
Жұмбақтас - Отан туралы тақпақтар айту

Өзіндік жұмыс
“Ауылым – туған жерім” тақырыбына шығарма жаз
Қорытынды: Сабақты сұрақ - жауап арқылы бекіту, бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы.
1. «Көкше көрінісінің» суретін сал.
2. Көкшенің біз білмейтін құпияларын оқып, біліп кел.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×