Тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов.
Мақсаты: Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: жаңа білім беру
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Сабағымыз басталды,
балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
сабаққа зер салыңдар!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын пысықтау:
Ту, Елтаңба және Әнұран жайлы не айтар едің?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Балалар, қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабақ:
Кіріспе: Қасым Аманжолов – Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі. Оның төмендегі «Туған жер» атты лирикалық өлеңі автордың туған жерге деген мақтаныш сезімін паш етеді.
Оқулықпен жұмыс: өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу. Әр шумақтың түйінін табу.
Ү. Түсінгендерін тексеру:
1. Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой - пікірін аңғаруға болады?
2. Өлеңнің үшінші шумағы арқылы мына сөзжұмбақта жасырынған сөзді тауып жаз.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
«Лирика» деген сөз шығады.
Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.
ҮІ. Қорытынды.
Осы оқулықта ақынның тағы қандай өлеңімен таныстың?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп, түсініп оқу, жаттау. «Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, арманым жоқ бұл дүниеде дер едім» ойтолғау жазу.
ҮІІІ. Бағалау. Бағалау смайликтерін тарату
Туған жер. Қасым Аманжолов
- Manat
- 21 қараша 2013
- 15648
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қасым Аманжоловтың туған жер өлеңіне арналған сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:

Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...
Сүйемін, өскен Отаным
«Жаңасай негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Чыкаева Кульбаршын Советовна...
М.Мақатаев Қазақстан
ОҚО облысы, Шымкент қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Спанова Гульжамила...
«Туған жер» Қасым Аманжолов
Білімділік: ақын Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау...
Туған еліме. Туған жер
Атырау қаласындағы №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айтбаева Талиғат Садуатқызы Ана тілі. Сабақ тақырыбы: Туған еліме. С. Торайғыров....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.