Тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.
Мақсаты: Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, портрет, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Портрет дегеніміз не?
2. Мінездеумен қандай айырмашылығы бар?
3. Балалар бақшада не істеді?
4. Серік не нәрсеге таңданды?
5. Картоп ауруы қалай аталады екен?
6. Оны қалай емдеуге болады?
7. Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Жылқы қандай мал?
Оның адамға қандай пайдасы бар?
Өзің жылқы бағып көрдің бе?
Ү. Жаңа сабақ:
Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жылқы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық.
Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса. Сөздік жұмыс.
Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп - қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады?
Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?
2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.
Жылқының пайдасы Дәлел
1. Еті Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.
2. Сүті (қымызы ) Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.
3. Терісі Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.
ҮІІ. Қорытынды.
Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз.
1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат).
ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, жылқының тағы қандай пайдасы бар?
ІХ. Бағалау. Бағалау смайликтерін тарату
Жылқы. Сәбит Мұқанов
- Manat
- 21 қараша 2013
- 11965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәбит Мұқановтың жылқы атты әңгімесіне арналған сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Жылқы түсіне байланысты атаулар
Қара жылқы. Сырт түгі түбіне дейін шымқай қара, ұшы жылтыр қылшықты боп келуі. Сары жылқы. Жылқының сыртқы түгі бірыңғай, сары болып келуі. Жирен...Төрт түлік жырлары. Торы құлын
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту, малдың өрісімен, қадір - қасиетімен таныстыру. Төрт түлік соның ішіндегі құлын жайлы мағлұмат беру....Сәбит Мұқанов "Жылқы"
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, «Какен Аханов атындағы орта мектеп» КММ - нің бастауыш сынып мұғалімі Жубаниязова Малике Мажитовна...Сан есім
КММ Академик О. А. Жаутыков атындағы № 1 қазақ орта мектебі Бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Омарова Гүлнар Жакановна...Сан есім
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, № 1 Жәутіков атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Омашева Алмагул Тлеубергеновна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.